1) ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың атауы;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (ол болған кезде) көрсетіле отырып, оның атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) құмар ойындармен және (немесе) бәс тігумен шектен тыс әуестенудің зияны туралы ескерту;
5) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды өз бетінше шектеу тәртібі;
6) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефон нөмірлері;
7) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің түрлері;
9) бәс тігуге қатысушылар мөлшерлемелер жасайтын оқиға қорытындысының нәтижелерін анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат көздерінің тізбесі;
10) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде тікелей пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының құқықтары мен міндеттері;
12) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысу шарттары;
13) құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің, сондай-ақ ойын сессиясының өткізілу тәртібі;
14) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде мөлшерлемелерді қабылдау шарттары;
15) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының бәс тігуді ұйымдастырудағы делдалдық үшін сыйақысының (комиссиясының) мөлшері;
16) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтыс төленуге тиісті нәтиже;
17) дауларды қарау тәртібі;
18) өзге де мәліметтер.
3. Ойын бизнесін ұйымдастырушы:
1) ойын мекемесіне, букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасына) еркін келуге Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шектеулер белгілеуге;
2) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасы) жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын бұзатын адамдарды құмар ойындарға жібермеуге құқылы.»;
10) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу
1. Жеке тұлға кез келген ойын бизнесін ұйымдастырушыға еркін нысандағы жазбаша өтінішін жеке өзі беру арқылы алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектей алады.
2. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжат деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан шектеу мерзімі, өтініш берушінің жеке қолтаңбасы болуға тиіс. Берілген өтініш қайтаруға немесе кері қайтарып алуға жатпайды. Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың біріне өтініш беру Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық ойын бизнесін ұйымдастырушыларға өтініш беру ретінде қаралады.
Ойын бизнесін ұйымдастырушы қабылдаған және тіркеген өтініштің көшірмесі қабылданған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органға жіберіледі.
Жақын туыстары, отбасы мүшелері азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде мұндай адамды құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
3. Уәкілетті орган мұндай өтініш келіп түскен күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлға туралы мәліметтерді құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізеді, оған қолжетімділік уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы ойын бизнесін ұйымдастырушыларға ғана қамтамасыз етіледі.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпарат құпия болып табылады.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалар өтініш берушінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіз болмаса, оны таратуға жол бермеу талабын сақтау арқылы оның құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы мәліметтер кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты белгілі болған адамдар оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі өткенге дейін жеке тұлға шектеуді жаңа мерзімге ұзарту туралы өтініш бере алады.
5. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейін уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыны құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізімінен алып тастауды қамтамасыз етеді.
Осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамды уәкілетті орган азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тізімнен алып тастайды.
6. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміндегі адамдармен құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
7-тармақтың 10) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтары 2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Бәс тігуге қатысушы мен букмекерлік кеңсе немесе тотализатор арасында, ұтыс төлеуді қоса алғанда, қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып, мөлшерлемелерді есепке алу орталығының қатысуынсыз қабылдауға (жүзеге асыруға) тыйым салынады.
Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміндегі адамнан (оның пайдасына) қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып қабылдаудан (жүзеге асырудан) бас тартуға міндетті.».
8. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат):
1-қосымшаның 67, 68, 69 және 70-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
67. | Ойын автоматтары залы қызметімен айналысуға лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 2-сынып |
68. | Казино қызметімен айналысуға лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 2-сынып |
69. | Тотализатор қызметімен айналысуға лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 1-сынып |
70. | Букмекерлік кеңсе қызметімен айналысуға лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 1-сынып |
».
9. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-баптың 2-тармағында:
«іс-қимыл туралы» деген сөздерден кейін «және «Ойын бизнесі туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
«Заңында белгіленген» деген сөздер «заңдарында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 5) тармақшасының үшінші, төртінші және жетінші абзацтарын, 10) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 шілде
№ 356-VІ