ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;
парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау тәртібін;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;
қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін;
қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін;
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекітеді;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30) тармақша өзгертілді
30) мыналарды:
қоғамдық тыңдау өткізу тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;
өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды;
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн;
кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн;
озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру тәртiбiн;
озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртiбiн;
аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн;
жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн;
мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін;
шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібін;
экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібін белгілейді;
31) мемлекеттік экологиялық бақылау органдары жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің жұмысын жетілдіреді;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32) су объектiлерiн кешендi пайдаланудың және қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк қағидатын iске асыруға қатысады;
33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
34) қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер, меморандумдар жасасады;
35) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
36) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 36-1) - 36-4) тармақшалармен толықтырылды
36-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
36-2) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;
36-3) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;
36-4) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласында кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттейді;
37) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 38-1) - 38-6) тармақшалармен толықтырылды
38-1) Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық шарттарын іске асыру бойынша орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
38-2) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды ұйымдастырады;
38-3) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функциясын жүзеге асырады;
38-4) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
38-5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу үшін бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;
38-6) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 38-7) тармақшамен толықтырылды
38-7) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 38-8) тармақшамен толықтырылды
38-8) мыналарды:
шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тәртiбiн;
сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тәртiбiн;
қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
39) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-бап. Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретi
1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мыналар болып табылады:
1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;
3) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
4) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
6) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;
10) өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
11) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.
6) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Арнайы уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ветеринария, өсiмдiктер карантинi, атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, азаматтық қорғау, өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасында белгiленедi.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары (бұдан әрі - жергілікті өкілді органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қоршаған орта сапасының әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі нысаналы көрсеткiштерiн өз құзыретi шегiнде бекітеді;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды бекітеді;
4) жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйі туралы есептерін тыңдайды;
5) өз құзыреті шегінде табиғат пайдалану ережелерін қабылдайды, оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді;
6) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары коммуналдық шаруашылық саласында:
1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді;
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қopғaу саласындағы құзыретi
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер мен меморандумдар жасасады;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүргізілген мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларының негізінде, өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге тыйым салады немесе рұқсат береді;
3) өз құзыреті шегінде шаруашылық қызмет объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;
4) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;
5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына береді;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тартады;
7) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
8) қалдықтарды басқару жөнінде бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
8-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және жергiлiктi өкілді органдарға бекітуге ұсынады;
9) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді салуға жер учаскелерін бөледі;
10) қалдықтарды жою және орналастыру жөніндегі объектілерді салуды қамтамасыз етеді;
11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
12) қалдықтардың пайда болу көлемдерін бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерін азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейін арттыруға және көмілуге тиіс қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзірлейді;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;
14) тиісті аумақта тұрған табиғат объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;
15) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің тіркелуін жүзеге асырады;
16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды
17-3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітеді;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен оларды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық шаруашылық саласында:
1) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады;
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен бірлесіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерiн әзiрлейдi және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдарына бекiтуге ұсынады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен бірлесіп, қалдықтарды жинау, әкету, залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы тарифтердің мөлшері мен оларды бөлу тәртібін айқындайды;
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2-Бөлім. қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау, экологиялық нормалау, қоршаған ортаны қорғау
саласындағы техникалық реттеу, қоршаған ортаға әсердi бағалау, экологиялық сараптама, экологиялық рұқсаттар, экологиялық аудит
21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау iсiн жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөнiндегi қызметi осы Кодекстiң 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтiң I санаты үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негiзiнде жүзеге асырылады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4-тарау. Экологиялық нормалау
22-бап. Экологиялық нормалаудың мақсаты
1. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсерді белгілеу болып табылады.
2. Экологиялық нормалау процесінде қоршаған орта сапасының нормативтері, эмиссиялар нормативтері және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді.
23-бап. Қоршаған орта сапасының нормативтері және оларды белгілеу тәртібi
1. Қоршаған орта сапасының нормативтеріне:
1) қоршаған орта жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген нормативтер, оның ішінде радиоактивті заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шекті шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауіпсіз деңгейлерінің нормативтері;
2) қоршаған орта жай-күйінің физикалық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде шудың, тербелістің, магнит өрістерінің, радиоактивтіліктің, жылудың және өзге де физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері;
3) қоршаған орта жай-күйінің биологиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің түрлері мен топтарының нормативтері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетін, микроорганизмдердің жол беруге болатын шекті шоғырлану нормативтері:
топырақ бонитеті, қарашіріндінің құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткіштері және жер топырағының басқа да сипаттамалары;
аумақтың ормандылығы және онда орман өсіру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйі, орман қорының жекелеген учаскелерінің басқа да сандық және сапалық көрсеткіштері;
ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтері;
табиғи ресурстар жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері;
4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері жатады.
2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жол беруге шекті шоғырлану нормативтерін белгілеу мақсатында зиянды заттарды қауіптілік дәрежесіне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Мемлекеттік тіркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беріледі.
3. Жол беруге болатын шекті шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауіптілік деңгейлерінің нормативтерін белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады.
4. Табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбір түрі бойынша белгіленеді.
24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерi
1. Жекелеген аумақтар үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленуі мүмкін.
2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қоршаған орта сапасын бірте-бірте жақсарту қажеттігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерінің белгілі бір уақыт кезеңіне арналған шекті деңгейін реттейді.
3. Қоршаған орта сапасының әртүрлі нысаналы көрсеткіштері:
1) қоныстану аумағы;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) рекреациялық аймақтар;
4) шөл және шөлейт аудандар;
5) су объектілері үшін белгіленуі мүмкін.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленедi.
5. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу:
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қоршаған орта сапасының нормативтеріне кезең-кезеңмен қол жеткізілуін;
2) экологиялық қауіпсіздікті және халық денсаулығы үшін қатерді азайтуды;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ экожүйелердi, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiнiң тектiк қорын сақтау қажеттiгi ескеріле отырып, қоршаған орта сапасының нормалануын қамтамасыз етуге тиiс.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.
25-бап. Эмиссиялар нормативтерi
1. Эмиссиялар нормативтеріне:
1) эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері;
2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шекті шығарындылары мен төгінділерінің нормативтері;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жол берілетін физикалық әсер (жылу мөлшерінің, шу, тербеліс, иондаушы сәуле және өзге де физикалық әсерлер деңгейінің) нормативтері;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды