8) кедендік операцияларды жасаудың уақытын қысқартуға және тәртібін оңтайландыруға бағытталған кеден органдары жүргізетін пилоттық жобалар мен тәжірибелерге басым түрде қатысу;
9) уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын тасымалдаушының, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарларды қоспағанда, кедендік бақылаудағы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды тиеуді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және олармен өзге де жүк операцияларын, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарына, оның ішінде қызмет аймағында (өңірінде) тиісті операция жүзеге асырылатын кеден органының рұқсатынсыз немесе оны хабардар етпей, салынған пломбалар мен мөрлерді алып тастап ауыстыруды жүзеге асыру.
3. Екінші типтегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді:
1) уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларын уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтау;
2) уәкілетті экономикалық операторлар болып табылмайтын тұлғалардың тауарларын уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтау;
3) уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу, оларды мұндай кедендік бақылау аймағында орналастыру, мұндай құрылысжайларда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарда (ашық алаңдардың бөліктерінде) кедендік бақылауды жүргізу және кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау;
4) уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) кедендік бақылау жүргізу;
5) қызмет аймағында тауарлар орналасқан кеден органынан басқа кеден органында кедендік декларациялаумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау. Осы арнаулы оңайлатуды қолданған кезде көрсетілген кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
6) бірінші кезектегі тәртіппен кедендік қарап-тексеру немесе кедендік жете тексеру нысанында тағайындалған жағдайда кедендік бақылау жүргізу;
7) осы баптың 7-тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен уәкілетті экономикалық оператордың кеден органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдануы;
8) уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді осы Кодекстің 195 және 196-баптарында көзделген ерекшеліктермен бермеу;
9) осы Кодекстің 194 және 540-баптарына сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару;
10) егер уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың декларанты болса, осы Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеу кейiнге қалдырылған кезде кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді бермеу.
4. Үшінші типтегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді.
5. Комиссия осы бапта көзделмеген, уәкілетті экономикалық операторларға берілетін өзге де арнаулы оңайлатуларды айқындауға құқылы.
6. Комиссия жағдайларды және (немесе) тауарлардың санаттарын айқындауға құқылы, ол кезде және (немесе) олара қатысты осы бапта көзделген жекелеген арнаулы оңайлатулар қолданылмайды.
7. Уәкілетті экономикалық операторлардың кеден органдары пайдаланылатын сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды Комиссия айқындайды.
8. Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралын белгілеу мақсатында мұндай көлік құралында уәкілетті орган бекітетін танымдық белгісі пайдаланылады.
537-бап. Бірінші кезектегі тәртіппен кедендік операцияларды жасау
1. Бірінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор жасайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуімен немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуімен байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында техникалық және инфрақұрылымдық мүмкіндіктер болған кезде бірінші кезектегі тәртіппен жасалады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында техникалық және инфрақұрылымдық мүмкіндіктер болған кезде кеден органдары кедендік операцияларды бірінші кезектегі тәртіпен жасауды ұйымдастыру үшін:
1) мұндай операцияларды жасау үшін лауазымды адамдарды айқындайды;
2) бірінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық операторлар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жекелеген жол жүру жолақтарын көздейді және мұндай өткізу пункттерінің тізбесін өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
3. Тауарларды кедендік декларациялаумен және шығарумен байланысты кедендік операцияларды кеден органы, егер:
1) бірінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың декларанты болып табылса;
2) кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды бірінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын кеден өкілі жасаса, бірінші кезектегі тәртіппен жүзеге асырады.
538-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) тауарларды уақытша сақтау ерекшеліктері
1. Тауарларды уақытша сақтау осы Кодекстiң 532-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес көзделген талаптарға сәйкес келетін, екінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөлiктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) кедендік бақылау аймағы болып табылады.
3. Уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтауға жол беріледі.
4. Куәліктің қолданылуы осы Кодекстiң 534-бабының 1-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатыла тұрған жағдайда, осы Кодекстiң 534-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес куәліктің қолданылуы қайта басталғанға дейін уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтауға тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
539-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу кезінде кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау ерекшеліктері
1. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін тасымалдаушы уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізгеннен кейін уәкілетті экономикалық операторға транзиттік декларацияның нөмірі туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзінің қолда бар көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарын ұсынуға міндетті.
2. Уәкілетті экономикалық оператор:
1) сәйкестендіру құралдарының өзгертілгенін, алып тасталғанын, жойылғанын немесе ауыстырылғанын және (немесе) мұндай көлік құралының бүтін жүкжайларының (бөлікжайларының) зақымданғанын көрсететін фактілердің бар немесе жоқ екендігін анықтау мақсатында тауарлар жеткізілген көлік құралына қарап-тексеру жүргізуге;
2) межелі кеден органына транзиттік декларацияның нөмірі, сәйкестендіру құралдарының бар (жоқ) екендігі, нөмірлерін қоса алғанда, сәйкестендіру құралдары туралы, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою немесе ауыстыру және (немесе) көлік құралдарының бүтін жүкжайларын (бөлікжайларын) зақымдау белгілерінің бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтерді осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды тасымалдаушыдан алған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей, ал олар межелі кеден органының жұмыс уақытынан тыс алынған жағдайда - осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей жіберуге;
3) тауарларды сақтауды және (немесе) олардың жай-күйін өзгертетін және орамаларының бұзылуына алып келетін тауарлармен операциялар жасауға жол бермеуді, межелі кеден органынан сәйкестендіру құралдарын алуға рұқсат алғанға дейін оларды пайдалануға және билік етуге жол бермеуді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Егер сәйкестендіру құралдары қолданылса, межелі кеден органы осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді алған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, ал оларды межелі кеден органы жұмыс уақытының аяқталуына үш сағаттан аз қалғанда алған жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей оларды алып тастауға рұқсат береді не сәйкестендіру құралдарын алып тастауға тыйым салу туралы ақпарат береді, ал сәйкестендіру құралдары қолданылмаған тауарларға қатысты - тауарлармен одан әрі әрекеттер жасауға рұқсат етеді немесе тыйым салады.
4. Егер сәйкестендіру құралдары қолданылса, межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторға оларды алып тастауға рұқсат еткен жағдайда, уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушының қатысуымен сәйкестендіру құралдарын алып тастауды жүзеге асырады және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тасымалдаушыдан тауарларды қабылдайды.
Егер сәйкестендіру құралдары қолданылмаса және межелі кеден органы тауарлармен одан әрі әрекеттер жүргізуге рұқсат етсе, уәкілетті экономикалық оператор уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тасымалдаушыдан тауарларды қабылдайды.
Уәкілетті экономикалық оператордың тасымалдаушыдан тауарларды қабылдау фактісі тасымалдаушының көліктік (тасымалдау), коммерциялық құжаттарына тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау күні мен уақыты туралы белгі қою арқылы расталады.
Көрсетілген белгілер қойылғаннан кейін уәкілетті экономикалық оператор транзиттік декларацияның нөмірі, тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау күні мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын хабарламаны межелі кеден органына дереу жібереді.
5. Межелі кеден органы уәкілетті экономикалық оператордан осы баптың 4-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін мұндай хабарламаны алған кезден бастап төрт сағаттан кешіктірмей, ал оны межелі кеден органы жұмыс уақытының аяқталуына төрт сағат қалғанда алған жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағаттан кешіктірмей кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтайды.
Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау осы Кодекстiң 231-бабының 9-тармағында көзделген белгілер қойылмай, кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып ресімделеді.
Межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторды кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау туралы хабардар етеді.
Тасымалдаушы межелі кеден органына осы Кодекстiң 231-бабының 9-тармағына сәйкес белгілер қою арқылы кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауды рәсімдеу үшін келуі мүмкін.
6. Осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушыдан тауарларды қабылдауды ресімдегеннен кейін, осындай тауарлар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтауға орналастырылды деп есептеледі.
7. Егер межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторды кедендік жете тексеру немесе кедендік қарап-тексеру жүргізу ниетіне байланысты сәйкестендіру құралдарын алуға тыйым салу туралы хабардар етсе, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау осы Кодекстiң 231-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Осы баптың ережелері уәкілетті экономикалық оператор алушысы болып табылатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау кезінде қолданылады.
540-бап. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларға арналған декларация берілгенге дейін кедендік операцияларды жасау және тауарларды шығару ерекшеліктері
1. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болып табылатын тауарлар мынадай кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін:
1) ішкі тұтыну үшін шығару;
2) кедендік аумақта қайта өңдеу;
3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;
4) еркiн кедендік аймақ;
5) еркін қойма;
6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру).
2. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға тауарлар мәлімделген өтініш берілген кезде тауарлардың декларанты болатын уәкілетті экономикалық оператор тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті электрондық құжат түрінде береді.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініш, егер кеден органының байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернеттің) жұмысында техникалық істен шығудан, бұзылудан, электр энергиясының өшірілуінен туындаған, кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген өзге де жағдайларда тұлғаның мұндай өтінішті электрондық құжат түрінде беру мүмкіндігін іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілуі мүмкін.
Мұндай жағдайда тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш осы Кодекстің 194-бабының 4-тармағына сәйкес беріледі.
4. Шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тауарларды шығару туралы өтінішті берген уәкілетті экономикалық оператор тауарлар шығарылған айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
Көрсетілген мерзімді есептеу осы Кодекстiң 6-бабының 6-тармағы ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға тауарлар мәлімделген кезде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді беру талап етілмейді.
541-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті экономикалық оператор:
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстiң 532-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) осы Кодекстiң 535-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге;
3) уәкілетті органға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және осы өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен немесе мұндай өзгерістер туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде ұсынуға;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына, 417-бабының 3-1 және 8-тармақтарына және 419-бабының 5-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
5) кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажет ақпаратты және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептілікті ұсынуға;
6) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аяқталған кезде мұндай мерзім аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы құжаттарды не кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын жаңа бас қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.
Хабарламаға шағым жасалған жағдайда оны орындау мерзімі осы Кодекстің 55-тарауына сәйкес тоқтатыла тұрады.
2. Бірінші немесе үшінші типтегі куәліктер беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерді сақтаумен қатар, пломбаларға осы Кодекстің 536-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Комиссия айқындаған талаптарды сақтауға да міндетті.
3. Екінші немесе үшінші типтегі куәліктер беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерді сақтаумен қатар:
1) осы Кодекстiң 532-бабы 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) осы Кодекстiң 536-бабының 7-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған, кеден органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібін сақтауға;
3) кеден органдарының кедендік бақылаудағы тауарларды сақтау жүзеге асырылатын уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларына, үй-жайларына (үй-жайларының бөлiктерiне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдарының бөліктерін), сондай-ақ осындай тауарларды есепке алу жүйесіне кеден органдары лауазымды адамдарының кедергісіз қол жеткiзуiн ұсыну туралы талаптарын орындауға міндетті.
4. Кеден органына уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында айқындалған мерзім ішінде ұсынбаған кезде уәкілетті экономикалық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Заңды тұлғаға берілген куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталған жағдайда, осы тұлға кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде, тауарларды уақытша сақтау кезінде және өзге де жағдайларда, жасау жөніндегі міндет куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін не заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталғанға дейін туындаған кедендік операцияларды не өзге де әрекеттерді жасауға міндетті.
542-бап. Кеден органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимылы
1. Кеден органы мен уәкілетті экономикалық оператор арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында келісім (меморандум немесе өзге де құжат) жасауға жол беріледі.
2. Уәкілетті экономикалық оператор арнаулы оңайлатуларды қолдана отырып кедендік операциялар жасауға жауапты басшылар мен штатындағы адамдар арасынан кеден органымен жалпы өзара іс-қимыл жасауға жауапты тұлғаны айқындауы мүмкін.
3. Кеден органдары арнаулы оңайлатуларды қолдану кезінде, оның ішінде штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті экономикалық операторлармен өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында кеден органдарының мұндай өзара іс-қимылды ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдарын айқындауы мүмкін.
4. Кеден органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 543-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
543-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың жауаптылығы
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін уәкілетті экономикалық оператор осы Кодекстің 150-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
8-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
544-бап.Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы Кодекстің 45-1-тарауы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.
2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) осы Кодекстің 553-бабының 9-тармағында, 560-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 570-бабының 1-тармағында және 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1,3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8,42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII,115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат);
2) «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 72-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат) күші жойылды деп танылсын.
545-бап. Жалпы өтпелі ережелер
1. Осы Кодекс Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен реттелетін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен реттелетін, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастар бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнінен бастап туындайтын құқықтар мен міндеттерге осы Кодекстің 552 - 570-баптарында көзделген ережелер ескеріле отырып қолданылады.
3. Комиссияның кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі күшіне енген күнге қолданыста болатын шешімдері өзінің заңдық күшін сақтайды және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, егер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес қабылданатын кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер ол күшіне енген кезге күшіне енбесе, онда олар күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы қолданылады.
5. Комиссияның жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Комиссияның жеке пайдалануға арналған тауарлар санатына қарай кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары мен тәсілдерін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.