6. Егер:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзіне қатысты тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешім қабылданған тауардың сыныпталуына әсер ететін өзгерістер енгізілген;
2) Комиссия тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешімде көрсетілген тауардың сыныпталуын өзгертуге алып келетін, жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдаған;
3) уәкілетті орган осы Кодекстің 42-бабының 1-тармағына сәйкес, тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешімде көрсетілген тауардың сыныпталуын өзгертуге алып келетін, жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдаған немесе түсіндірме берген;
4) Дүниежүзілік кеден ұйымы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қолданатын тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдаған жағдайларда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылданады.
7. Осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, кеден органы Комиссияның тиісті шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды және ол Комиссияның осындай шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
Осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, уәкілетті орган осы Кодекстің 42-бабының 1-тармағына сәйкес кеден органдары қабылдаған (берген) жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы тиісті шешімдер немесе түсіндірмелер ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды және ол жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы осындай шешімдермен немесе түсіндірмелермен бір мезгілде күшіне енеді.
Осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, кеден органы Дүниежүзілік кеден ұйымы тауарларды сыныптау туралы тиісті шешімдер қабылдаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды және ол тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
8. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім, мұндай шешімдер қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, мұндай шешімдердің қабылдану себептері көрсетіле отырып, өтініш иесіне жіберіледі, сондай-ақ кеден органдарының назарына жеткізіледі.
48-бап. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдердің жариялылығы
Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерден алынған ақпарат, мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын ақпаратты, сондай-ақ мүдделі тұлғаға қатысты басқа жасырын ақпаратты қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырылады.
Кеден органдарының Комиссияға осындай ақпарат жіберу тәртібін, ақпарат ұсынудың техникалық шарттарын қоса алғанда, Комиссия айқындайды.
49-бап. Құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау тәртібі
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Декларациялану ерекшеліктері осы Кодекстің 190-бабында көзделген, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді (бұдан әрі осы тарауда - құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім) - уәкілетті орган немесе уәкілетті орган айқындаған жағдайларда аумақтық кеден органы тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда - өтініш иесі) электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініші негізінде қабылдайды. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау жөнінде шешім қабылдау туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
2. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім бір мезгілде мына шарттар сақталған:
шарт (келісімшарт) өтініш иесінің атынан жасалған;
өтініш иесі тауарларды алушы болып табылған кезде қабылданады.
3. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініште:
шарт (келісімшарт);
өтініш иесі;
тауар (атауы, тауар құрауыштарының тізбесі);
тауардың берілу мерзімі;
тауар орналастырылатын кедендік рәсім;
тауарды декларациялау жүзеге асырылатын кеден органының атауы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы қағаз жеткізгіште берілген өтінішке - қағаз жеткізгіштегі құжаттар, ал электрондық құжат түрінде берілгеніне мынадай құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері:
шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесі;
өздерінің негізінде құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданатын құжаттар (жұмыс істеу қағидаты мен функциялар көрсетіле отырып, тауардың және оның құрауыштарының техникалық сипаттамасы, монтаждау немесе жинау тәсілінің сипаттамасы, тауар және оның құрауыштары өндірілген материалдардың сипаттамасы, жинау сызбалары, схемалар, мүмкін болса тауардың фотосуреттері, оны өндірушілердің каталогтары, бейнематериалы, егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі) қоса беріледі.
5. Өтініш құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде әкелінген тауардың бірінші партиясына қатысты кедендік рәсіммен (кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда) орналастыру үшін декларант берген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркегенге дейін уәкілетті органға немесе аумақтық кеден органына беріледі.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Егер өтініш иесі ұсынған құжаттар мен мәліметтер құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдауға жеткіліксіз болса, уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш иесін қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Қосымша ақпарат өтініш иесі жазбаша хабардар етілген не электрондық нысанда хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылуға тиіс.
7. Егер қосымша ақпарат осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде ұсынылмаса не өтініш иесі тауарды сыныптау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынудан бас тартса, уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы бас тарту негіздерін көрсете отырып, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдаудан бас тартады.
8. Мынадай негіздер бойынша:
егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауардың құрауыштары сыныптау қағидаларына сәйкес жасалып біткен немесе жасақталған тауардың коды бойынша сыныпталатын тауарды түзбесе;
өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген қарама-қайшы ақпарат болған кезде, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдаудан бас тартылады.
9. Уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркейді.
50-бап. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау мерзімі және мұндай шешімнің қолданыс мерзімі
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім уәкілетті органда немесе аумақтық кеден органында өтініш тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
Осы Кодекстің 49-бабының 6-тармағына сәйкес қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің өтуі тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтерді қамтитын соңғы құжат уәкілетті органға немесе аумақтық кеден органына келіп түскен күннен бастап қайта жаңартылады.
2. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді және құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданған күннен бастап есептелетін екі жыл ішінде қолданылады.
3. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
51-бап. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту немесе оның қолданысын тоқтату
1. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту:
1) уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы, кеден органдары орындауға міндетті шешімін уәкілетті орган қабылдаған;
2) уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау жөнінде шешім қабылдаған кезде немесе өтініш иесі құжаттар дайындаған кезде жіберілген қателер, қате басулар анықталған;
3) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы өзгертілген;
4) шартқа (келісімшартқа) өзгерістер енгізілген жағдайларда жүргізіледі.
2. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту туралы шешім, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту туралы шешімде көрсетілген мерзімде күшіне енеді.
Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімі ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту туралы шешім қабылдайды және ол уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімімен бір мезгілде күшіне енеді.
3. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім, егер:
1) уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы өтініш иесінің құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау үшін анық емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын құжаттар, қолдан жасалған құжаттар не анық емес және (немесе) толық емес мәліметтер ұсынғанын анықтаған;
2) тауарларға арналған декларация Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген мерзімдерде берілмеген;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өтініш иесі тауар беруден, оның ішінде тауардың шығарылған құрауыштары болған кезде де жазбаша түрде не электрондық нысанда бас тартқан жағдайларда тоқтатылады.
Егер тауардың шығарылған құрауыштары сыныптаудың негізгі қағидаларына орай құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімде көрсетілген жасалып біткен немесе жасақталған тауардың сыныптау кодына жататын болса, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданбайды.
Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
52-бап. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысы тоқтатылған кезде тауарды сыныптау
Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысы тоқтатылған кезде тауардың берілетін құрауыштары Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларға арналған декларация беріле отырып, кедендік декларациялануға жатады. Бұл ретте, тауардың көрсетілген құрауыштары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жеке тауарлар ретінде сыныпталады.
53-бап. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді есепке алу
Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
54-бап. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту
1. Уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін өтініш иесі берген, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы өтініш болған кезде, көрсетілген шешімнің қолданыс мерзімін тауардың барлық құрауыштары толық берілетін кезеңге, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Бұл ретте құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімі тоқтатыла тұрады және құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап қайта жаңартылады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өтініш иесі уәкілетті органға немесе аумақтық кеден органына берілген құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішінде мына мәліметтерді:
1) өзіне сәйкес тауардың жекелеген құрауыштарын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының бірыңғай коды бойынша кедендік декларациялау жүзеге асырылатын құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің нөмірі мен қабылданған күнін;
2) өзіне сәйкес тауардың жекелеген құрауыштарын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының бірыңғай коды бойынша кедендік декларациялау жүзеге асырылатын шарттың (келісімшарттың) деректемелерін;
3) құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімі кезеңінде өзіне байланысты тауардың барлық жекелеген құрауыштарын кедендік декларациялауды аяқтау мүмкін болмаған себептерді;
4) тауардың жекелеген құрауыштарын кедендік декларациялауды жүзеге асыратын кеден органының атауын;
5) тауар құрауыштарының соңғы партиясын әкелу аяқталатын мерзімді көрсетуге тиіс.
3. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы өтінішке тауардың әкелінген құрауыштарын шығару үшін ұсынылған, тауарларға ресімделген декларациялардың көшірмесі қоса беріледі.
4. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы өтініш уәкілетті органда немесе аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
5. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы шешім екі данада ресімделеді.
Бірінші данасы өтініш иесіне жіберіледі. Екінші данасы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиямен берілетін, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден органына жіберіледі.
5-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРІ
55-бап. Тауарлардың шығарылған жерін айқындау
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау Одақ туралы шартқа сәйкес көзделген тауарлардың шығарылған жерін айқындау мақсаттарында және қағидалары бойынша (бұдан әрі - әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидалары) жүзеге асырылады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау, егер Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарда, Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше қағидалар белгіленбесе, Комиссия белгілеген қағидалар (бұдан әрі - әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидалары) бойынша жүзеге асырылады.
56-бап. Тауарлардың шығарылған жерін растау және тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану тауарлардың шығарылған жеріне байланысты болатын барлық жағдайларда тауарлардың шығарылған жері расталады.
2. Тауарлардың шығарылған жерін растау, егер:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын;
2) тауарлар осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін;
3) әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында көзделген жағдайларда орын алған жағдайларда талап етілмейді.
3. Егер кеден органы тауарлардың өзінен шыққан тауарлар:
1) Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкелуге;
2) Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған елден (елдер тобынан, елдердің кеден одағынан, елдің өңірінен немесе бір бөлігінен) шығарылғанын көрсететін белгілерді тапса, осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарлардың шығарылған жері расталады.
4. Егер осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар өзінің аумағына осындай тауарларды әкелуге тыйым салынбаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылса, тауарлардың шығарылған жерін растау талап етілмейді.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекетке Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды қоспағанда, кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен тауарлардың шығарылған жерін растауды талап етуге құқылы.
6. Тауардың шығарылған жері туралы декларация немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжаттар болып табылады. Тауардың шығарылған жері әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы декларациямен немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталады.
57-бап. Тауардың шығарылған жері туралы декларация
1. Тауарға қатысы бар және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) немесе тауар әкетілетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) дайындаушысы, сатушысы немесе жөнелтушісі мәлімдеген тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер қамтылған коммерциялық немесе кез келген басқа құжаттауарлардың шығарылған жері туралы декларация болып табылады.
2. Егер тауардың шығарылған жері туралы декларацияда тауардың шығарылған жері туралы мәлімделген мәліметтердің әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында қолданылуы белгіленген өлшемшарттардан өзгеше өлшемшарттарға негізделгені анықталған жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы мұндай декларация тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.
58-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
1. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы куәландыратын және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы немесе әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген жағдайларда - тауар әкетілетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы берген, белгілі бір нысандағы құжат болып табылады.
Тауардың шығарылған жері туралы сертификатқа, оның ішінде оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленеді.
2. Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификатта тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында қолданылуы белгіленген өлшемшарттардан өзгеше өлшемшарттарға негізделсе, тауардың шығарылған жері туралы мұндай сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.
3. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген кезде, егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат келісімшарттың талаптары бойынша, тауарлар әкелінетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) қағидалары бойынша қажет болса немесе егер тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың болуы әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында көзделсе, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары немесе уәкілетті ұйымдары тауардың шығарылған жері туралы сертификат береді.
Тауардың шығарылған жері туралы сертификат берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары немесе уәкілетті ұйымдары оның көшірмесін және өздерінің негізінде тауардың шығарылған жері айқындалған өзге құжаттарды тауардың шығарылған жері туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтауға міндетті.
4. Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар бұзыла отырып ресімделсе, тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.
59-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер
1. Уәкілетті орган айқындаған кеден органдары кедендік декларациялау кезінде кедендік операциялар жасалатын уақытты тұлғалардың өтініші бойынша қысқарту мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін осындай тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер (бұдан әрі осы тарауда - тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер) қабылдайды.
2. Тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер Қазақстан Республикасының аумағында осындай алдын ала шешімдердің қолданыс мерзімі ішінде қолданылады. Өздеріне қатысты тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер қабылданған тауарларды кедендік декларациялау кезінде олардың шығарылған жері туралы мәліметтер тауарлардың шығарылған жері туралы қабылданған алдын ала шешімдерге сәйкес тауарларға арналған декларацияларда көрсетіледі.
60-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі
1. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі осы тарауда айқындалады.
2. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді уәкілетті орган айқындаған кеден органдары (бұдан әрі осы тарауда - кеден органы) қабылдайды.
3. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім нақты елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауардың әрбір атауы бойынша қабылданады.
4. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің нысанын, оны толтыру және тауардың шығарылған жері туралы осындай алдын ала шешімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.
5. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді алған тұлға оны жоғалтып алған жағдайда, кеден органы тауардың шығарылған жері туралы жоғалтылған алдын ала шешім туралы мәлімет қамтылған өтініш негізінде, кеден органына өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай тұлғаға тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің телнұсқасын береді.