Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілді алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу нәтижелері бойынша есептері негізінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-4-тараумен толықтырылды
3-4-тарау. Әкімшілік ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайларда ұстау
46-21-бап. Әкімшілік ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайларға қабылдау және тіркеу
1. Арнаулы үй-жайларға отырғызылатын адамдарды қабылдау және тіркеу, жеке қарап тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, суретке түсіруді жүргізу тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттардың тізбесі арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
2. Әкімшілік ұстауға алынған адамдардың арнаулы үй-жайларға отырғызылғаны туралы олардың тұрғылықты жері бойынша жақын туыстарына дереу хабарланады.
Шетелдікті арнаулы үй-жайға отырғызған кезде әкімшілік ұстап алуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне дереу хабарлайды.
46-22-бап. Арнаулы үй-жайларда ұстау режимі
1. Арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді. Ұстау жағдайлары, үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар арнаулы үй-жайдың үлгілік ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалады.
2. Ұстауға алынған, арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдар күзетпен ұсталатындар мен арнаулы қабылдау орындарындағылар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдері күн сайын ведомость бойынша беріледі.
3. Арнаулы үй-жайларға орналастырылған ер адамдар әйел адамдардан бөлек орналастырылады.
4. Өздеріне қатысты ұстап алу қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.
5. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратындарды ұстауға алынған басқа да адамдармен бірге ұстауға болмайды.»
46-23-бап. Арнаулы үй-жайларда ұсталатын, ұстауға алынған адамдардың құқықтары мен міндеттері
1. Ұстауға алынған адамдар:
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы үй-жайда ұстау режимі туралы ақпарат алуға;
2) арнаулы үй-жайда болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
3) материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қызмет көрсетуді алуға;
4) полиция органының басшысына, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу мәселелері бойынша жүгінуге құқығы бар.
2. Арнаулы үй-жайларға орналастырылған адамдар полиция органының басшысы бекітетін, арнаулы үй-жайдың ішкі тәртіптеме қағидаларын орындауға міндетті.
46-24-бап. Ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайдан босату
1. Ұстауға алынған адамдар ұсталуына негіз болған мән-жайлар жойылған кезде не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ұстап алу мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады.
2. Босатылған адамдарға сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа, олардан сақтауға алып қойылған құжаттары, ақшасы мен заттары қолхатпен қайтарылады.
3. Ұстауға алынған адамдар атыс немесе суық қаруды, жарылғыш, қатты әсер ететін немесе улы заттарды және есірткі заттарын заңсыз сақтаған кезде шешімдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.
4. Босату кезінде адамға оның арнаулы үй-жайда болғаны туралы анықтама беріледі.
4-тарау. Қорытынды ережелер
47-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатудың негіздемелері
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатуға:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес тергеуші, анықтаушы, прокурор немесе судья шығарған қаулы, сондай-ақ сот қаулысы;
2) күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының немесе прокурордың Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген күзетте ұстау мерзімінің бітуіне байланысты аталған сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы қаулысы негіздеме болады.
48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі
1. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе судьяның дәлелді қаулысын алғаннан кейін, не соттың дәлелді қаулысы бойынша күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы босатады.
2. Күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы сезіктіні немесе айыпталушыны күзетте ұстау мерзімі біткенге дейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ол туралы қылмыстық істі жүргізуші органға не адамға, сондай-ақ прокурорға хабарлауға міндетті.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер заңмен белгіленген бұлтартпау шарасы ретінде ұстау немесе күзетпен ұстау мерзімі біткеннен кейін сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы не оны бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе бұл шешім туралы хабарлама келіп түспесе, күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы оның өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жиырма төрт сағаттың ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жібереді.
4. Осы баптың үшінші тармағының талаптарын орындамаған жағдайда сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленгеніндей жауапты болады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Күзетте ұстаудан босатылған сезіктіге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, жеке шотында сақтаулы ақшасы, сондай-ақ оны күзетпен ұстауға кім санкция бергендігі; ұстаудың және бұлтартпау шарасын таңдаудың негіздері, орны мен уақыты; босатудың негіздері мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі күзетте ұстаудан босатқан сезікті немесе айыпталушы қажет болған жағдайда тұрғылықты жеріне темір жол, автомобиль немесе су көлігімен жүрумен, тамақпен, сондай-ақ маусымға байланысты киіммен қамтамасыз етіледі.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
49-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарын қадағалау
Адамдарды арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарын қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 50-баппен толықтырылды
50-бап. Қоғамдық бақылау
1. Қоғамдық бірлестіктер арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұсталу шарттары, медициналық-санитариялық қамтамасыз етілуі, еңбегін, бос уақыты мен оқуын ұйымдастыру бөлігінде құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда оларға жәрдемдесу мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
2. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссиялары құрылады.
3. Қоғамдық бақылау комиссиялары арнаулы мекемелердің әкімшілігіне оларда ұсталушы адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында жәрдемдесуге құқылы.
4. Қоғамдық бақылау және қоғамдық бақылау комиссияларының арнаулы мекемелер әкімшілігінің қызметіне жәрдемдесуі еріктілік, тең құқылық және заңдылық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде арнаулы мекемелердің қызметіне, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметіне, қылмыстық-процестік қызметке және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге араласуға жол берілмейді.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 51-баппен толықтырылды
51-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері
1. Қоғамдық бақылау комиссиясы, сондай-ақ қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері:
1) қоғамдық бақылау комиссиясының кемінде екі мүшесінің құрамында орталық атқарушы органдар айқындайтын тәртіппен арнаулы мекемелерге кедергісіз баруға;
2) арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың келісімі болған кезде олармен әңгімелесуге, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдар қабылдауға;
3) арнаулы мекеме әкімшілігіне және (немесе) прокуратура органдарына арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша өтініштермен жүгінуге құқылы.
2. Арнаулы мекемелерде ерекше шарт режимі енгізілген кезеңде қоғамдық бақылау комиссиясының аталған мекемелерге бару жөніндегі өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.
3. Өз өкілеттіктерін орындау кезінде қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері арнаулы мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтауға, сондай-ақ аталған мекемелер әкімшілігінің заңды талаптарына бағынуға міндетті. Қоғамдық бақылау іс-шараларын өткізу іс жүргізушілік іс-әрекеттерді жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының