207-4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсынады;
207-5) реттелетін салада мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
207-6) ашық бюджеттер интернет-порталында бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылау жүргізуді жүзеге асырады;
207-7) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) оларды мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібергенге дейін жария талқылау үшін орналастыруды жүзеге асырады;
207-8) ақпарат берудің сапасы мен уақтылылығына ішкі бақылау жүргізеді;
207-9) реттелетін салада біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және оларды бекітеді;
207-10) Қоғамдық кеңес құрады және оның құрамын бекітеді;
207-11) қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын қарайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және уәжді жауаптар береді;
207-12) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітеді;
207-13) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
207-14) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
207-15) ашық деректер интернет-порталында ашық деректерді қазақ және орыс тілдерінде орналастыруды жүзеге асырады;
207-16) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
208) стандарттар, нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелер және ұсынымдар әзірлеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
209) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, салалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және салалық жұмыскерлер бірлестіктерімен бірлесіп, кәсіптік стандарттар әзірлейді;
210) реттелетін салада кадрларға қажеттілікті айқындайды;
211) республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау және оны беру тәртібін бекітеді;
212) салалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және салалық жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;
213) - 224-1) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
224-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша:
суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуге арналған заттай нормаларды;
суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдалану шығындарына арналған материалдар шығыстарының заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;
225) - 240) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
241) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
242) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
242-1) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
243) ҚР Үкіметінің 2020.14.02. № 55 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
244) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
244-1) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
245) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
246) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін бекітеді;
247) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
248) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
249) өсімдіктерді қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және үйлестіреді, тапсырыстарды жүзеге асырады;
250) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласындағы қолда бар ұлттық стандарттарды және стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
251) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіреді;
252) техникалық регламенттердің, стандарттардың қорын және өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де құжаттарды жүргізуді жүзеге асырады;
253) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
254) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
255) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
256) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
257) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағыттарын айқындайды;
258) өз құзыреті шегінде тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квоталарды бөледі;
259) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
260) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салады және сандық шектеулер енгізеді;
261) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктер карантині саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
262) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сандық шектеулерді бөлуді жүзеге асырады;
263) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде квоталардың мөлшерін және квоталардың қолданылу мерзімін айқындайды;
264) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;
265 - 280) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
281) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
281-1 - 315) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
316) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
317) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
318) - 358-1) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
358-2) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;
358-3) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
358-4) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;
359) Қазақстан Республикасында бал араларын тұқымдық аудандастыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
360) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекітеді;
361) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
362) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын өндіру және өткізу көлемдеріне болжам жасайды;
363) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
364) сортты егістіктерді байқаудан өткiзу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
365) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдар өндіру мен элиталық тұқым өткізудің жыл сайынғы квоталарын белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
366) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
367) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу мәселелері бойынша республикалық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
368) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтарды өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
369) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
370) тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
371) сорт сынау, тұқым шаруашылығы бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
372) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
373) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
374) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады;
375) республика бойынша тұқым тенгерімін жасайды;
376) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
376-1) сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
377) сорттар оригинаторларын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
378) тұқымның сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ететін технологиялық талаптарды, өндіру схемаларын, сақтау және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
379) сорт жаңартуды және сорт алмастыруды жүргізу тәртібі мен мерзімін белгілейді;
380) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
381) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
382) патент беру қорытындысы бар сорт сипаттамасының, сорттың патентке қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді;
383) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
384) - 387) ҚР Үкіметінің 2020.14.02. № 55 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
388) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
389) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
390) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
391) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
392) өз құзыреті шегінде машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық регламенттер әзірлейді;
393) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
394) мақта саласын дамыту саласында техникалық регламенттер әзiрлейдi және бекітеді;
395) мақта қолхатының нысанын (үлгісін) және сипаттамасын әзiрлейдi және бекітеді;
396) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
397) шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) әзiрлейдi және бекітеді;
398) мақта талшығының сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзiрлейдi және бекітеді;
399) мақта саласының мемлекеттік инспекторы туралы ережені әзiрлейдi және бекітеді;
400) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есепке алу құжаттарының, есептілік ұсыну мерзімдерінің тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;
401) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзiрлейдi және бекітеді;
402) мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапасы паспортын беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
403) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
404) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
404-1) мақта нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асырады;
404-2) шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
405) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындайды;
406) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептердің нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
407) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді;
408) биоотын өндірісі паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзiрлейдi және бекітеді;
409) ҚР Үкіметінің 2020.14.02. № 55 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
410) биоотын өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алуды бақылау аспаптарын қолдану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
411) азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынға кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
412) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
413) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
414) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары және (немесе) құрамында антибиотиктер, гормондар және биологиялық стимуляторлар бар ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары серияларының (партияларының) сәйкестігін анықтау тәртібін, ветеринариялық нормативтер талаптарын белгілейді;
415) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
416) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
417) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
418) өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу тәртібін айқындайды;
419) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігі мониторингінің тәртібін белгілейді;
420) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетін және жүзеге асырылатын карантиндi объектiлер тiзбесiн айқындайды;
420-1) карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерді, аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін айқындайды, импорттаушы елге растауды береді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда импорттаушы елдің өкілдеріне инспекциялау жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
421) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
422) ҚР Үкіметінің 2020.14.02. № 55 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
423) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
424) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
425) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
426) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;
427) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
428) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
429) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізеді;
430) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қолданады;
431) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
432) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
433) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1184 Қаулысымен алып тасталды (2016 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
434) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
434-1) өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
434-2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-3) ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2016.18.05. № 295 Қаулысымен 434-4), 434-5), 434-6), 434-7), 434-8), 434-9), 434-10), 434-11), 434-12), 434-13), 434-14), 434-15), 434-16), 434-17), 434-18), 434-19), 434-20), 434-21), 434-22), 434-23) тармақшалармен толықтырылды
434-4) жерді резервке қою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-5) елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезінде өтініштің, келісуші органдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер-кадастрлық жоспардың нысандарын бекітеді;
434-6) жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына берілетін сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекітеді;
434-7) жер заңнамасын қолдану практикасын және оны жетілдіруді қорытындылайды;
434-8) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеп, бекітеді;
434-9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізеді;
434-10) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекітеді;
434-11) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілейді;
434-12) ҚР Үкіметінің 2019.12.07. № 501 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
434-13) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерін бөлудің жерін орналастыру жобасын келіседі;
434-14) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 баптын 1-тармағымен және 37 баптын 5-тармағымен көзделінген жағдайларда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
434-15) - 434-19) ҚР Үкіметінің 2019.12.07. № 501 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
434-20) Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және жерді мониторингтеу тәртібін бекітеді;
434-21) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекітеді;
434-22) жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне құқықтарды беру қағидаларын бекітеді;
434-23) жерді мониторингтеуді жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін бекітеді;
434-4) - 434-8) ҚР Үкіметінің 2017.03.08. № 466 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
434-24) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір облыстың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа облыстың ұзақ мерзімді пайдалануына беру туралы ұсыныс енгізеді;
434-25) органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-26) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-27) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;
434-28), 434-39), 434-40), 434-41), 434-42), 434-43), 434-44) және 434-45) тармақшалары 2019 ж. 11 сәуірде қолданысқа енгізілді
434-28) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;
434-29) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының табиғи кему (өлу) нормаларын бекітеді;
434-30) жер комиссиясы туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;
434-31) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;
434-32) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-33) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;