16) индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
17) жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
18) арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
19) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
20) шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
21) тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
22) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасасу;
23) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасасу;
24) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
12-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыретіне:
1) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы және жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
3) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін келісу;
4) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін келісу;
5) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
13-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне:
1) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы және жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
3) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін келісу;
4) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
1) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдау;
3) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдау;
4) жекеше индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келісу;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) ерекше индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, ерекше индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келісу;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдау;
5) жалпы санының елу пайызынан кем емес кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен өңірлік үйлестіру кеңесін құру;
6) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың үлгілік ережесі негізінде республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы ережені бекіту;
7) индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын қоса алғанда, индустриялық аймақты құру жобаларын сараптау, сондай-ақ құрылатын индустриялық аймақ үшін инфрақұрылым салукезін де жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
8) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобаларын әзірлеу;
9) индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын айқындау;
10) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларымен мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттары негізінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарын жасасу;
11) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын тарту;
12) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасасу;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдау;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-1) осы Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекеттік меншікке берілген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғамен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясынан уақытша жер пайдалану құқығын бір мезгілде жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның пайдасына иеліктен шығаруға байланысты арнайы экономикалық аймақ құрылатын, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу;
14) жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру жатады.
3-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ,
ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ТАРАТЫЛУЫ
15-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру тәртібі
1. Арнайы экономикалық аймақты құруға мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ұсына отырып, уәкілетті органға арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізеді.
2. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Уәкілетті орган тұжырымдаманы тексеру нәтижелері бойынша үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге ұсынылған материалдарды сарапшылық кеңестің қарауына енгізу туралы хабарлама жібереді не оларды тұжырымдаманың көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты қайтарады.
Сарапшылық кеңес арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды дайындайды.
3. Сарапшылық кеңес:
1) арнайы экономикалық аймақты құру экономикалық тұрғыдан орынсыз болған;
2) арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;
3) арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау қажет болған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қатері төнген және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда теріс қорытынды шығарады.
4. Сарапшылық кеңес оң қорытынды шығарғаннан кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақты құру туралы қаулысының жобасын әзірлейді және оны, сарапшылық кеңестің қорытындысын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
Сарапшылық кеңестің теріс қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган:
1) арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты осындай қайтару себептерін көрсете отырып, сарапшылық кеңестің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақты құру туралы қаулысының жобасын, сарапшылық кеңестің қорытындысын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
16-бап. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі
1. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертуге мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертудің негіздемесін (қаржылық-экономикалық есеп-қисаптарды) ұсына отырып, уәкілетті органға арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс енгізеді.
Ұсынысты бірнеше заңды тұлға бірлесіп беруі мүмкін.
2. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныстың орындылығы туралы мәселені уәкілетті орган осындай ұсыныс енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты:
1) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;
2) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген;
3) адамдардың өмірі мен денсаулығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау қажет болған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қатері төнген, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болған;
4) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс негізсіз болған;
5) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын аумақтағы жерлердің құрамынан шығарылуға жататын жер учаскесінде инфрақұрылым объектілері не осы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы аумағында қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері болған жағдайларда қабылдамайды.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты қабылдамау арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныспен кейіннен жүгінуге кедергі болып табылмайды.
3. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы алдын ала шешімді уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша қабылдайды.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс енгізеді.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін арнайы экономикалық аймақ шекараларындағы жер учаскесімен бірге беру арнайы экономикалық аймақтың шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
Арнайы экономикалық аймақтар шекараларындағы жер учаскесінде орналасқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі арнайы экономикалық аймақтың аумағында қалады.
5. Арнайы экономикалық аймақтардың алаңын азайту кезінде босатылатын жерді жер санаттарына жатқызу Қазақстан Республикасының Жер кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
17-бап. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттары
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Арнайы экономикалық аймақ оның қатысушыларының стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының белгілі бір бөліміне сәйкес келетін басым қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге құрылады.
Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде он бес миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін, инвестициялар туралы келісім жасасқан арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқық режимінің жұмыс істеу мерзімі, арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері инвестициялар туралы келісімнің қолданылу мерзіміне сақталады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Арнайы экономикалық аймақтар мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде не Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жер учаскелерінде құрылады.
Арнайы экономикалық аймақтар азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі жер учаскелерінде де құрылады.
Арнайы экономикалық аймақтар осы баптың 3-2-тармағына сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары сатып алған жер учаскелерінде де жұмыс істейді.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, басым қызмет түрлерін жүзеге асыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға, сондай-ақ қосалқы және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалдауға) беріледі.
Басқарушы компания мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін:
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар негізінде басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына, бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт негізінде бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға - өтеусіз негізде;
2) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға өтеулі негізде береді.
Қосалқы және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған арнайы экономикалық аймақ аумағының жиынтық алаңы арнайы экономикалық аймақ аумағының жалпы алаңының елу пайызынан аспауға тиіс.
Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларына және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға беру үшін жер учаскелерін бөлуді жүзеге асырады.
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы жер учаскесінің жобаны іске асыру үшін көзделген бір бөлігін онда айқындалған кезеңдерге сәйкес резервке қоюға міндетті. Бұл ретте осылайша резервке қойылған жер учаскелерін басқарушы компания тиісті шарт жасалған арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның келісімінсіз өзге тұлғаларға бере алмайды немесе өзгеше түрде иеліктен шығара алмайды, бұған осындай қатысушының немесе тұлғаның жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындамау жағдайлары кірмейді.
Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара түрде бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілері басқарушы компанияға мүліктік жалдауға (жалға), сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды толықтыру есебіне берілуі мүмкін.
Басқарушы компания кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара түрде бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілерін қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына мүліктік жалдауға (жалға) немесе қосымша жалдауға (қосалқы жалға) бере алады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекетттік меншікке берілген жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік әріптеске беру үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығарады. Осы бапқа сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару арнайы экономикалық аймақ құрылатын, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартын тоқтату үшін негіз болып табылады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес сервитуттар ескеріле отырып, шетелдік заңды тұлғаларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына меншікке берілуі мүмкін.
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін осындай учаскелер осы Заңның 16-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын аумақтағы жерлердің құрамынан шығарылуға жатады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жер учаскелері бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуге тиіс.
Инфрақұрылым объектілерін салуды немесе реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалады.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың аумағы шегінде өздеріне берілген учаскелердің шекарасынан тыс жерде өздеріне қажетті инфрақұрылым объектілерін өз қаражаты есебінен салуды, осындай құрылыс учаскелерін қозғайтын арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалармен және арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен осындай құрылыс келісілген жағдайда жүзеге асыруға құқылы.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, басым және (немесе) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған жеке меншіктегі жер учаскелерін олардың меншік иелері арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шартына сәйкес басқарушы компанияға уақытша пайдалануға (жалға) бере алады.
Басқарушы компания арнайы экономикалық аймақ құрылатын, басым және (немесе) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған жеке меншіктегі жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шартына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға уақытша кейінгі пайдалануға (қосалқы жалға) беруге құқылы.
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) және арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шарттары тиісінше арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдаланудың (жалдаудың) және арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарына сәйкес осындай арнайы экономикалық аймақ құрылатын мерзімнен аспайтын мерзімге жасалады.
Жер учаскесінің меншік иесі осы Заңның талаптарына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте жер учаскесінің меншік иесімен арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шарты жасалмайды.
6. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының жеке меншігіндегі жер учаскелеріне қолданылмайды.
7. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде:
1) мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтердің уақтылы және сапалы ұсынылуын;
2) ұсынылатын мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін «бір терезе» қағидаты қолданылады.
8. «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды арнайы экономикалық аймақтың аумағында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
«Бір терезе» қағидаты бойынша өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсынуды арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы жүзеге асыруы мүмкін.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)