10) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
12) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы рекуонструкциялау туралы шешім қабылдау;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 27-бап жана редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 27-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелері болып табылады және:
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана):
сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі);
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына;
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар):
сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі) органдарына бөлінеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті осы Заңның 24, 25 және 26-баптарына сәйкес белгіленеді.
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша қалалардың бас сәулетшілері болып табылады.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша аудандардың бас сәулетшілері болып табылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 27-1-бап өзгертілді
27-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi
Үйлер, ғимараттар, оларды жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, күрделі жөндеу және пайдалану процестері, сондай-ақ құрылыс материалдары мен конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар объектілерін, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді, күрделі жөндеуді жүргізу және пайдалану кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ стандарттарын қолдануға жол беріледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындар объектілерін, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін салу кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың құрылыс нормалары мен қағидаларының, сондай-ақ стандарттарының талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары мен конструкцияларын қолдануға жол беріледі.
27-2-бап. Ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін жобалау адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
2. Ғимараттарды жобалау кезінде өмірлік циклдің барлық сатыларындағы, оның ішінде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде көзделетін бұзушылықтар және рұқсат етілмейтін құрылыс кезіндегі адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнетін барлық ықтимал тәуекелдер сәйкестендірілуге және ескерілуге тиіс.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс салушы жобалық құжаттамада белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және ғимарат құрылысын жүргізудің түрлі сатыларында олардың орындалуына бақылау және қадағалау жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Салынып жатқан ғимараттар өзге объектілерден белгіленген нормаларға сәйкес қажетті арақашықтықта аулақ орналастырылуға тиіс.
5. Тапсырыс берушілер құрылысты салуға, реконструкциялауға және жөндеуге құрылыс мердігерлігінің шартын жасасу кезінде онда техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын көрсетуге тиіс.
6. Қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылатын құрылыс объектілерінде тапсырыс беруші және мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігін болғызбауға міндетті.
7. Ғимараттарды жобалау және салу кезінде мынадай құбылыстарға:
1) ғимараттың тұтастай немесе оның бір бөлігінің опырылып құлауына;
2) жол берілмейтін шамада бүлінуіне;
3) көтергіш элементтердің айтарлықтай бүлінуі салдарынан құрылыстың басқа бөліктерінің немесе оларда орнатылған қондырғылар мен жабдықтардың бұзылуына;
4) бастапқы себептермен салыстыруға болмайтын, кездейсоқ жағдайлардан туындаған залалға әкеп соқтыратын жүктемелерді есепке алу қажет.
8. Өрт болған жағдайда ғимараттар:
1) белгілі бір мерзім ішінде көтергіш элементтердің беріктігі қамтамасыз етілетіндей;
2) ғимарат ішінде өрт пен түтіннің пайда болуын және таралуын шектейтіндей;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3) адамдарды, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын авариялық шығу жолдары арқылы дереу эвакуациялауды қамтамасыз ететіндей;
4) құтқарушы топтар жану ошақтарына қауіпсіз кіре алатындай етіп жобалануға және салынуға тиіс.
9. Ғимараттар адам денсаулығы мен гигиенасы үшін, атап айтқанда:
1) уытты газдардың және өзге де зиянды химиялық заттардың бөлінуі;
2) ауада қауіпті бөлшектердің немесе газдардың болуы;
3) қауіпті радиацияның сәуле шығаруы;
4) судың немесе топырақтың ластануы немесе залалдануы;
5) судың, түтіннің немесе қатты немесе сұйық қалдықтардың бөлінуі арқылы бұзылуы;
6) ғимарат бөліктерінде немесе ғимараттың ішкі беттерінде ылғалдың болуы салдарынан қауіп төндірмейтіндей болып жобалануға және салынуға тиіс.
10. Ғимараттар оларды пайдалану тайып кету, құлау, соққы алу, күю, электр тогымен зақымдану, жарылыс салдарынан жарақаттану сияқты жазатайым оқиғалардың жол беруге болмайтын тәуекелін тудырмайтын болып жобалануға және салынуға тиіс.
11. Ғимаратты шудан оқшаулау адам өмірі мен денсаулығы үшін жол беруге болмайтын тәуекелді болғызбауды есепке ала отырып жобалануға және салынуға тиіс.
12. Ғимарат, сондай-ақ оның жылыту, салқындату және желдету қондырғылары ғимаратты пайдалануға қажетті энергияны тұтыну жергілікті климаттық жағдайларды есепке алғанда қалыпты болатындай, бірақ адам денсаулығына зиян келтірілмейтіндей етіп жобалануға және салынуға тиіс.
27-3-бап. Құрылыс материалдарының қауіпсіздік талаптары
Құрылыс материалдары міндетті қауіпсіздік талаптарының кешенін, оның ішінде экономикалық аспектілер тұрғысынан пайдалануға жарамды етіп ғимараттар салуға мүмкіндік беретін радиациялық және химиялық қауіпсіздік нормаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуге тиіс және оларды пайдалану осы Заңның 27-2-бабында белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 27-4-баппен толықтырылды
27-4-бап. Инженерлік ізденістер мен жобалау құжаттамаларының нәтижелеріне қойылатын талаптар
1. Инженерлік ізденістер нәтижелері дұрыс болуға және құрылыс объектісі параметрлерінің жобалық мәндерін және басқа жобалық сипаттамаларын, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланған іс-шараларды белгілеу үшін қажетті көлемде орындалуға тиіс.
Инженерлік ізденістер нәтижелерінің құрамындағы есептік деректер инженерлік ізденістерді орындаушы адаммен негізделуге және объектінің құрылысы мен оны пайдалану процесінде олардың мәнінің өзгеруі туралы болжамды қамтуы тиіс.
2. Объект параметрлері жобалық мәндерінің және басқа да сипаттарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланған іс-шаралар осы Заңның және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына жасалған сілтемелермен негізделуге тиіс.
Талаптар болмаған жағдайда, ғимараттар мен құрылыстардың жобалық мәндерінің және сипаттамаларының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобалау іс-шаралары:
1) зерттеулер нәтижелері;
2) сертификатталған немесе сынамаланған өзге де әдістемелер тәсілдері бойынша орындалған есептер және (немесе) сынақтар;
3) қауіпті табиғи процестер мен құбылыстар және (немесе) техногендік әсерлердің туындауын, оның ішінде қауіпті табиғи процестер мен құбылыстардың және (немесе) техногендік әсерлердің қолайсыз ұштасуы кезінде сценарийлерді модельдеу;
4) қауіпті табиғи процестер мен құбылыстардың және (немесе) техногендік әсерлердің туындау тәуекелдерін бағалау секілді бір немесе бірнеше тәсілдермен негізделуге тиіс.
Негіздеген кезде инженерлік ізденістердің нәтижелері ескерілуі тиіс.
5-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк жүйесi
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасының, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттар жүйесiнiң қолданылуымен қамтамасыз етiледi.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттар жүйесi:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілердің қызметін ұйымдастыруға және өзара қарым-қатынастарын реттеуге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді:
мемлекеттiк қала құрылысы нормативтерi мен регламенттерiн;
объектiлердi (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерiн, коммуникацияларды) жобалау және салу жөнiндегi техникалық регламенттердi;
мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау нормативтерiн;
құрылыстағы өзге де мемлекеттiк бақылау органдарының ведомстволық нормативтерiн;
құрылыста басшылыққа алынатын құжаттарды;
2) техникалық регламенттердің (ғимараттардың, құрылыстардың, олардың кешендерінің, коммуникациялардың) талаптарына сәйкес өнімдердің жекелеген түрлеріне және (немесе) олардың өмірлік цикл процестеріне қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік техникалық құжаттарды:
құрылыс нормалары;
құрылыс нормалары және қағидалары (сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қолдану мерзімімен қосарлас кезеңге қолданылу кезеңіне);
технологиялық карталар;
құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар;
3) ерікті түрде қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттарды:
жобалау және құрылыс салу жөніндегі қағидалар жинағын;
нормативтік-техникалық оқу құралдары;
технологиялық жобалау нормалары;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, өнеркәсіп саласындағы құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын стандарттау бойынша нормативтiк құжаттарды;
техникалық регламенттердің және құрылыс нормаларының міндетті талаптарын дамытуға және қамтамасыз етуге тәжірибемен тексерілген ережелерді белгілейтін немесе міндетті нормалармен регламенттелмеген жекелеген дербес мәселелер бойынша оқу құралдары мен әдістемелік ұсыныстарды қамтиды.
3. Нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға сәйкес қолданысқа енгiзiлген:
1) мемлекетаралық құрылыс нормаларын;
2) құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды;
3) жобалау және құрылыс жөнiндегi қағидалардың мемлекетаралық жинағын қамтиды.
4. Мыналар:
1) қоныстандыру жүйелерi, елдi мекендер мен олардың бөлiктерi;
2) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың, сондай-ақ жекелеген үй-жайлардың сәулеттiк, технологиялық, инженерлiк және құрылыстық бөлiктерi;
3) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың инженерлiк және (немесе) технологиялық жабдықтары;
4) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары;
5) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттiк нормалау объектiлерi болып табылады.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттарды бекiткен мемлекеттiк басқару органдары нормативтiк талаптардың техникалық, экономикалық және әлеуметтiк жағынан негiздiлiгi мен олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен жауаптылықта болады.
6. Мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) тәртiбiн, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, аталған мәселелер құзыретiне кiретiн басқа орталық атқарушы органдардың келiсiмі бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтiк құжаттардың түрлерi
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер:
1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау, геодезиялық жұмыс, жобалау мен құрылыс салуға арналған инженерлiк iздену, құрылыс жүргiзудi ұйымдастыру, пайдалануға қабылдау, құрылыстағы қауiпсiздiк техникасы нормативтерiн қамтитын ұйымдастыру-әдiстемелiк нормативтiк құжаттарға;
2) ғимараттар берiктiгiнiң, өрт және жарылыс қауiпсiздiгiнiң негiзгi ережелерiн, табиғи, антропогендiк және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғауды, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының технологиялық рұқсат шегiн және өзара ауыстыруға біркелкілігі мен сәйкестігін қамтитын жалпы нормативтік-техникалық құжаттарға;
3) елдi мекендердiң аумағын және азаматтардың бағбандық бiрлестiктер аумақтарын ұйымдастыру, жоспарлау, құрылыс салу және абаттандыру, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық кәсiпорындарының бас жоспарларын әзiрлеу жөніндегі талаптарды, ережелер мен шектеулерді қамтитын қала құрылысы нормативтерiне;
4) тұрғын үй-азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды, көлiктiк, гидротехникалық, мелиорациялық құрылыстарды, сондай-ақ магистральдық және кәсiпшiлiк труба құбырлары мен коммуникацияларды қоса алғанда, жобалау және салу жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттарға;
5) елдi мекендердi немесе олардың бөліктерiн, жеке үйлердi, ғимараттарды және олардың кешендерiн инженерлiк жағынан қамтамасыз етуге арналған нормативтiк құжаттарға;
6) құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;
7) құрылыс және құрылыс-монтаж ұйымдарын жарақтандыруға, уақытша және оңтайлы құрылыстар салу мен оларды жабдықтауға арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) құрылыстағы баға белгiлеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарға;
9) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөніндегі нормативтiк құжаттарға;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы (мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау, азаматтық қорғау саласындағы, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау саласындағы) мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына;
11) құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы нормативтiк құжаттарға бөлінедi.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогы:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттар;
кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобалары және үлгілік жобалық шешімдері;
құрылыс конструкциялары мен бұйымдары;
құрылыс материалдары;
жұмыс жүргізу технологиялары;
құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар тізбесінің ақпараттық жүйесін білдіреді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді; 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары
1. Елдi мекендердiң аумақтарында жергiлiктi жерлердегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн реттейтiн құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары қолданылады.
2. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалануы, елдi мекендер аумақтары мен қала маңындағы аймақтарды жобалауы және онда құрылыс салуы жөнiндегi шарттар мен талаптарды айқындайды, жаңа жылжымайтын мүлiк объектiлерiн орналастыруға және салуға, қазіргі барларын өзгертуге (қайта бейiндеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, реконструкциялауға, кеңейтуге, күрделi жөндеуге), жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын, үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертуге, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға беруге рұқсат беру рәсiмдерiнен өту тәртiбiн белгiлейдi.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары немесе оларға енгiзiлген өзгерiстер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жобаларды келiсу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұрын берiлген рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде қолданылады.
Бұл ереже осының алдындағы қолданыстағы ережелерге жаңа талаптардың енгiзілуіне байланысты адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрудi жоймайтын жағдайларда қолданылмайды.
Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескерілуге тиіс.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын ұйымдастыру
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды:
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) құрылыс объектілеріне бару, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) объектілердің құрылысына инспекциялау жүргізу арқылы орындалатын бақылау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар;
2) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)