39. Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, кез келген Тарап осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сатып алушының орналасқан орны бойынша шешуді талап ете алады.
40. Осы Шартпен реттелмеген Тараптардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
10. Хат-хабарлар
41. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.
42. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін кез келген хабарлама немесе мәлімдеме жазбаша түрде беріледі және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Жедел болған жағдайда көрсетілген хат-хабар кейіннен оны міндетті түрде тапсырыс хат немесе курьер қызметінің көмегімен жіберу арқылы, оның жеткізілгенін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе басқа да телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін.
43. Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың заңды өкілдеріне Шартқа 3-қосымшада көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуі тиіс.
44. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта почта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарламасы болса, хат-хабар жіберілген Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып саналады. Хат-хабардың жеткізілуін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы жіберілген хат-хабар Шарттың 2-тармағы 10-бөлігінің талаптары сақталған жағдайда, Тарапқа оның берілген күнінде (сағатта) жеткізілген болып саналады.
11. Өзге де жағдайлар
45. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, онда Сатып алушы Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
46. Сатып алушы болжалды бұзу күнінен 30 күнтізбелік күн бұрын Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Хабарламада Шартты бұзу себебі, күшін жойған шарттық міндеттемелердің көлемі жазылуы тиіс, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні көрсетілуі тиіс.
47. Сатып алушы Шарттың 2-тармағы 11-бөлігінің талаптарын сақтаған жағдайда, Өнім беруші Шартты бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығыстар үшін ақы төлеуді ол бұзылған күні талап етуге құқылы.
Шарттың ажырамас бөлігі:
1) № 1-қосымша - жеткізілетін өнім тізбесі;
2) № 2-қосымша - өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар;
3) № 3-қосымша - Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі.
48. Шартқа жасалған барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда, Тараптардың осыған уәкілетті өкілдерінің қолы қойылса, және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса олардың күші болады.
49. Тараптардың заңды құқық иеленушісін қоспағанда, Өнім беруші Сатып алушының оған алдын ала жазбаша келісімі болмаса, өзінің Шарт бойынша міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
50. Кез келген Тараптың заңды мекен-жайлары және басқа да деректемелері өзгерген жағдайда, ол осындай өзгерістер сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
51. Шарт Өнім берушіге және Сатып алушыға бір данадан 2 данада жасалды.
52. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 200__ жылғы 31 желтоқсанға дейін, өзара есеп айырысу бөлігінде оларды Тараптар толық орындағанға дейін қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 53-тармақпен толықтырылды
53. Ақпаратты ұсыну 24 сағаттың ішінде деген сілтеме кездесетін жерде бүкіл Шарт бойынша Тараптар егер, 24 сағаттың өтуі сенбі, жексенбі немесе мемлекеттік мерекелерге сәйкес келсе, осы міндеттемелер жүктелген Тарап үшін мерзімнің аяқталуы автоматты түрде келесі жұмыс күніне ұзартылады деп өзара келісті.
12. Заңды мекен-жайлары, банк деректемелері
және Тараптардың қолдары
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Беру үлгі шартына
1-қосымша
Жеткізілетін өнімнің тізбесі
ХПА | Саудалық атауы | Дәрілік түрі | Өндіруші | Өлшеп-орау № | Өлшем бірлігі | Бағасы | Саны | Сомасы | Жеткізу орны | Жеткізу кестесі |
Ерекше жағдайлар:
1._____________________________________________
2._____________________________________________
3._____________________________________________
Беру үлгі шартына
2-қосымша
Өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар
1. Әрбір жәшіктің немесе қаптаманың сыртқы жағында қаптама қағазының көшірмесі бар су өткізбейтін қағаздан жасалған конверт жапсырылады. Конверт жәшікке бекітілетін метал пластинкамен жабылуы тиіс. Қаптама қағаздың екінші көшірмесі өнім салынған жәшікке салынуы тиіс. Егер өнім қаптамасыз жіберілетін болса, онда конверт өнімнің тікелей жұмыс істемейтін бөліктеріне бекітіледі.
2. Егер техникалық құжаттама көзделген болса, атап айтқанда өнімді пайдалану жөніндегі нұсқаулар өнім салынған жәшікке немесе қаптамаға қажет жеріне салынады.
3. Таңба өнімі бар әрбір жәшіктің немесе қаптаманың үш жағынан (әр жәшіктің қақпағына, алдыңғы және сол жағына) жуылмайтын бояумен орыс тілінде жазылады. Өнімі бар әрбір жәшік мынадай үлгіде таңбалануы тиіс:
Жіберушінің атауы - ____________________
Алушының атауы - хххххххххххх
- шарт №
- брутто салмағы - _____________________
- таза салмағы - _______________________
- жәшік немесе қаптама № __________________________
Беру үлгі шартына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 12-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 12-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік
заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
12-қосымша
Банк кепілдігі
(жеткізу шартын/сатып алу шартын орындауды қамтамасыз ету нысаны)
Банктің атауы:
______________________________________________________________________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:
______________________________________________________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)
№___ кепілдік міндеттеме
___________________ (орналасқан жері) | ___ ж. «__»________ |
«Өнім беруші» ________________________________________________________________________________________________________
(өнім берушінің атауы)
тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасындағы______ж. №_________
_____________________________________________________________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сипаттамасы)
жеткізуге (орындауға, көрсетуге) медициналық техниканы сатып алу шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасқанын (жасасатынын)*
және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы сомасы _________
теңге____________________________________________________________________________ банктік кепілдеме түрінде оның орындалуын
(банктің атауы)
қамтамасыз етуді енгізетінін көздегеніңізді назарға ала отырып, осымен жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілдік беруші болып табылатынымызды растаймыз және Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жазбаша растауыңызды алғаннан кейін Сізге сіздің талабыңыз бойынша___________________________________________________________соманы төлеуге өзімізге кері қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.
(сандармен және жазбаша жазылған сома)
Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындаған барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілдік берушілердің қолы мен мөрі | Күні және мекенжайы |
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 13-қосымшамен толықтырылды
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу ережесіне
13-қосымша
Ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасу конкурсына қатысуға
өтінім
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәлімет |
1. | Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы | |
2. | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы ақпарат (күні, негіздемесі) | |
3. | Орналасқан жері: заңды мекенжайы нақты орналасқан жері | |
4. | Бизнес сәйкестендендіру нөмірі (БСН) | |
5. | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы | |
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) |
(телефон, факс, электрондық поштасы) |
2. Жоба туралы мәлімет |
6. | Жобаның атауы | |
* |
7. | Жобаның іске асырылатын орны | |
8. | 8. Заңды тұлғаның бекітілген активтеріне инвестициялардың көлемі (ағымдағы және келешектегі кезеңдердегі инвестициялар ескеріледі) | |
(теңге) |
9. | Жобаны қаржыландыру көздері: меншікті қарыз қаражаты | |
(меншікті қаражаты бар екенін растайтын құжат) |
(қаржыландыру көздерін және жобаны қаржыландыруға кепілдікті белгілейтін құжат) |
10 | Жобаны іске асыру мерзімдері | |
11 | Жобаны іске асыру кестесі және кезеңдері | |
12. | Өндірілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі | |
__________________________________________________________________________ Өтінімге қосымша:
(әлеуетті өнім беруші) өтінімде және қоса берілетін құжаттарда қамтылған ақпарат үшін дұрыстығын (дәйектілігін) мәлімдейді және кепілдік береді, ұсынылған ақпаратқа жауапты болады және жосықсыз өнім берушілер тізбесіне қосу шарттарымен, сондай-ақ ұзақ мерзімді жеткізу шартын бұзу талаптарымен таныстырылды.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы басшысының Т.А.Ә.
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 14-қосымшамен толықтырылды
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу ережесіне
14-қосымша
Өндіріс циклы бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың
тізбесі
Р/с № | Дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның атауы | Толықтай Қазақстанда шығарылатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі | Жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға өзіне тән қасиеттерін беру үшін субстанцияларды/ шикізатты өңдеу жолымен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі | Қайта қапталған өнімді/қапталған дайын өнімді, «in-bulk»-ты қоса алғанда, өндіру |
| | | | |