Ұлттық архив қоры және архивтер туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы
(2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Ұлттық архив қоры және архив ісі
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдары
2-тарау. Ұлттық архив қоры
4-бап. Ұлттық архив қорының құрамы
5-бап. Ұлттық архив қорын қалыптастыру негіздері және оның жинақтау көздері
6-бап. Құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу тәртібі
7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын меншіктену құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау
8-бап. Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда архив құжаттарына меншік құқығы
3-тарау. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру
9-бап. Мемлекеттік есепке алу
10-бап Мемлекеттік қор каталогы
11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау
12-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету
13-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру
4-тарау. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану
14-бап. Алып тасталды
15-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдіктер
15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару
16-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер
16-1-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi
17-бап. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету негізі мен тәртібі
5-тарау. Архив ісін мемлекеттік реттеу мен басқару
18-бап. Архив ісін мемлекеттік реттеу
18-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
19-бап. Архив ісін мемлекеттік басқару
20-бап. Қазақстан Республикасындағы архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі
21-бап. Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру
22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері
6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар
24-бап. Халықаралық шарттар
25-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың архивті пайдалану құқығы
26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету
7-тарау. Қорытынды ережелер
27-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылды, «мұрағат», «мұрағаттарды», «мұрағаттардың», «мұрағаттар», «мұрағаты», «Мұрағат», «мұрағаттарының», «мұрағаттары», «мұрағаттың», «мұрағаттарындағы», «мұрағаттардағы», «мұрағатқа», «Мұрағатының», «мұрағаттарда», «мұрағаттарға», «мұрағаттық», «мұрағаттарынан», «мұрағаттарында» және «мұрағатты» деген сөздер тиісінше «архив», «архивтерді», «архивтердің», «архивтер», «архиві», «Архив», «архивтерінің», «архивтері», «архивтің», «архивтеріндегі», «архивтердегі», «архивке», «Архивінің», «архивтерде», «архивтерге», «архивтік», «архивтерінен», «архивтерінде» және «архивті» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
I-тарау. Жалпы ережелер
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мемлекеттік архив - осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;
2) архив - архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
3) архив коллекциясы - қор құрушылар қызметінде қалыптасқан, бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы;
4) архив қоры - бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты архивтік құжаттардың жиынтығы;
5) архивтік құжат - қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
6) архивтік құжаттарды есепке алу (бұдан әрі - есепке алу) - есепке алу бірліктерінде архивтік құжаттардың саны мен құрамын белгілеу және әрбір есепке алу бірлігінің белгілі бір кешенге және олардың есепке алу құжаттарындағы жалпы санына тиесілігін тіркеу;
7) архивтік құжаттарды пайдаланушы - ақпаратты пайдалану мақсатында алу үшiн архивтік құжаттарға жүгінетін жеке немесе заңды тұлға;
8) архивтік құжаттарды ретке келтіру (бұдан әрі - ретке келтіру) - архивтік құжаттарды сақтау бірліктеріне (істерге) қалыптастыру, осындай сақтау бірліктерін (істерді) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес сипаттау және ресімдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
9) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару - архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді көшіру;
10) архив ісі - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастырумен, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын құрумен, архивтік құжаттарды жинауды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды ұйымдастырумен байланысты қызмет саласы;
11) аса құнды құжат - Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының баға жетпестей тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы, қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызы бар архивтік құжаты;
12) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету - заңды тұлғалардың құжаттама жасау және құжаттарды жасау, алу кезінен бастап архивтік сақтауға бергенге дейін олармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі;
13) ведомстволық архив - архивтік құжаттарды жинауды, ретке келтіруді, уақытша сақтауды, есепке алуды, пайдалануды және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі;
14) жеке архив - архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі немесе қызметі, жинауы және сатып алуы нәтижесінде пайда болған жеке тұлғаның архивтік құжаттары;
15) жеке құрам жөніндегі құжаттар - жұмыскерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттардың кешенi және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы туралы мәлiметтер;
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры (бұдан әрі - Ұлттық архив қоры) - тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес архив қорларының, коллекциялардың және архивтік құжаттардың жиынтығы;
17) құжат - материалдық жеткізгіште дәлме-дәл жазып алынған, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат;
18) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры - аса құнды құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің жиынтығы;
19) мемлекеттік архив - Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, сатып алу, жинақтау, ретке келтіру, тұрақты сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану құқығы берілген мемлекеттік мекеме;
20) орталық мемлекеттік архив - архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның қарауындағы мемлекеттік архив;
21) ресми құжат - жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат;
22) уәкiлеттi орган - архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алу (бұдан әрі - мемлекеттік есепке алу) - архив қорларының саны мен құрамы, сақтау бірліктерінің саны туралы мәліметтерді қамтитын, Ұлттық архив қорының құжаттарын облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және тұтастай алғанда мемлекет деңгейінде есепке алу жүйесі;
24) Ұлттық архив қорының құжаты - құжаттар құндылығының мемлекеттік сараптамасынан өткен, мемлекеттік есепке қойылған және тұрақты сақталуға жататын архивтік құжат;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
25) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы - «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-бап. Ұлттық архив қоры және архив ісі
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Ұлттық архив қоры Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды.
2. Ұлттық архив қорына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сақтаулы және халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстанға қайтарылуға тиісті архив құжаттары да жатады.
3. Ұлттық архив қоры қоғам мен мемлекеттің қажеттерін қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қызмет етеді.
4. Архив ісін дамыту мен жетілдіруге қамқорлық жасауды мемлекет өз мойнына алады. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау барлық жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдары
Қазақстан Республикасының ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
ҚР ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені қараңыз
2-тарау. Ұлттық архив қоры
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Ұлттық архив қорының құрамы
1. Ұлттық архив қорының құрамына:
1) заң актілері және басқа да ресми құжаттар;
2) басқару, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, технологиялық, патенттік-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнаулы құжаттама;
3) электрондық ақпараттық ресурстар, машинамен оқуға бағдарланған және дыбыстық-бейне құжаттама;
4) тарих пен мәдениетті деректі ескерткіштері;
5) жеке адам тегінің құжаттары және ұлттық құндылық болып табылатын өзге де құжаттама;
6) Қазақстан Республикасының меншігіне түскен өзге де құжаттар;
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7) аса құнды құжаттардың сақтандыру көшірмелері кіреді.
2. 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Ұлттық архив қорын қалыптастыру негіздері және оның жинақтау көздері
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының, арнаулы мемлекеттік архивтердің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтерінің, кітапханалардың және музейлердің құжаттары Ұлттық архив қорын қалыптастырудың негізі болып табылады.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Ұлттық архив қорының жинақтау көздері:
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың, Конституциялық Соттың, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік заңды тұлғаларының, оның ішінде шет елдегілердің де ведомстволық архивтері;
2) жеке архивтер болып табылады.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Ұлттық архив қоры жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі архивтік құжаттарды сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру, сатып алу арқылы да толықтырылуы мүмкін.
4. Мемлекет Қазақстан аумағынан тыс жерлерде табылған Қазақстан Республикасының тарихи мұра құжаттарын қайтаруға шаралар қолданады, жинақталған және Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты құжаттарды іздестіру мен Отанына қайтаруды көтермелеп, қаржыландырып отырады.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ҚР Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оның жинақтау көздерін белгілеу тәртібі
1. Архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны жинақтау көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Ұлттық архив қорының құрамынан шығарып тастау құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау негізінде жүргізіледі. Құжаттардың жасалған жері, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері олардың құндылығының өлшемшарттары болып табылады.
2. Құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптаманы уәкілетті орган құратын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, арнаулы мемлекеттік архивтер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары құратын сараптау-тексеру комиссиялары жүргізеді.
3. Уәкiлеттi орган сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде:
1) Ұлттық архив қорының жинақтау көздерінің тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекітеді;
2) архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешім қабылдайды. Саяси және идеологиялық пікірлер бойынша шығарып тастауға тыйым салынады;
3) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімдері мен жою тәртібiн белгілейдi;
4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік емес ұйымдар әзірлеген, сақтау мерзімдері көрсетіле отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде қалыптасатын құжаттардың салалық (ведомстволық) тізбелерін келіседі.
4. Ұлттық архив қорының жинақтау көздерінің:
1) республикалық меншiктегi архивтік құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің немесе орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің және арнаулы мемлекеттік архивтердің келiсiмiнсiз;
2) коммуналдық меншiктегi архивтік құжаттарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының келісімінсіз;
3) жеке меншіктегі архивтік құжаттарын архивтің тұрған жеріне қарай, уәкілетті органның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жоюға жол берілмейді.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын меншіктену құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау
1. Ұлттық архив қорының құжаттары мемлекеттік және жеке меншікте болады.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттiк меншiкке:
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, орталық мемлекеттік архивтерде, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында, арнаулы мемлекеттік архивтерде, мемлекеттік кітапханаларда және музейлерде сақтаулы республикалық меншіктегі құжаттар;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының, Ұлттық Банкінің және басқа да мемлекеттік республикалық заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар;
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) коммуналдық меншіктегі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарында сақтаулы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, соттардың, прокуратураның, коммуналдық кәсіпорындар мен басқа да мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар;
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры жатады.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің қызметі немесе жинауы, сатып алуы нәтижесінде жасалған құжаттары жеке меншікке жатады.
4. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын иелену және пайдалану құқықтары беріледі.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Архивтік құжат меншік иесінің келісімінсіз Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздерде архивтен алып қойылуы мүмкін.
6. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, яғни меншік құқығын беруге байланысты мәмілелер жасау объектісі бола алмайды, сондай-ақ оларды тұрақты сақтау үшін басқа мемлекеттерге әкетуге болмайды.
7. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттары, меншік иесінің уәкілетті органмен алдын ала жазбаша келісімімен кейін ғана және аталған құжаттардың дубликаттарын немесе көшірмелерін мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсырған жағдайда сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектісі бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тыс жерлерге әкетуге болады.
8. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құжаттарын меншіктену құқығын мемлекетке беру тараптардың келісімі бойынша жасалады. Жеке адамдар құжаттарын пайдалануға шектеу мерзімін архивке берілген кезден бастап 70 жылдан аспайтын уақытқа белгілей алады.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен ; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда архив құжаттарына меншік құқығы
1. Мемлекеттік ұйымдар жекешелендірілгенде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жекешелендірілгенге дейін жасалған Ұлттық архив қорының құжаттары мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады.
2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың шетел компаниясының немесе жеке адамның басқаруына берілген архивтері мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады және мемлекетке қайтарылуға тиіс.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар ретке келтірілген түрде құқық мирасқорларына берiледi.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тиісті мемлекеттік немесе арнаулы мемлекеттік архивке ретке келтірілген түрде сақтауға беріледі.
3-тарау. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік
есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Мемлекеттік есепке алу
1. Ұлттық архив қорының құжаттары, олардың меншік нысандарына қарамастан, орталықтандырылған мемлекеттік есепке алынуға тиіс.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар құжаттардың құрамы туралы деректерді мемлекеттік есепке алуды уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен жүргiзедi және осы деректердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10-бап Мемлекеттік қор каталогы
1. Уәкiлеттi орган Ұлттық архив қорының құжаттары және оның жинақтау көздерi туралы мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қор каталогын жүргiзеді.
2. Уәкiлеттi орган, осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшiн Мемлекеттік қор каталогының ақпаратына қолжетімділікті және оның пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық және жеке архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға айрықша құқық берілетін тиісті мемлекеттік архивтерге беріледі.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, арнаулы мемлекеттік архивтер мен облыстардың және қалалардың мемлекеттік архивтері жүзеге асырады.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану үшін ведомстволық және жеке архивтер құрады.
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ жаңа редакцияда