2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізуге;
21) жеке тұлғаларды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына жеткізуге;
22) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған әскери қызметшілерді ұстауға және оларды әскери полиция органдарына, әскери бөлімдер командирлеріне немесе жергілікті әскери басқару органдарының бастықтарына тапсыруға;
23) қаруды, оқ-дәрілерді, есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ өзге де тыйым салынған нәрселер мен заттарды алып қоюға;
24) қылмыскерлер мен ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды, ұйымдасқан қылмыстық топтар (қауымдастықтар) мүшелерін табу, оқшаулау, залалсыздандыру және ұстау, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату жөнінде арнаулы операциялар жүргізуге;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) жеке адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған деп күдік келтірілген, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдардың ізіне түсу кезінде не сол жерде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшін жеткілікті мәліметтер болған кезде, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жеке адамдардың жеке басының қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрғын және өзге де үй-жайларға, аумақтарға және жер учаскелеріне (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергісіз кіруге, оларды қарап тексеруге;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды байқауды және бақылауды қамтамасыз ету, электрондық бақылау құралдарының болуы мен тұтастығын тексеру мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, аумақтар мен жер учаскелеріне (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардан басқа), олардың жұмыс немесе оқу орны бойынша кез келген меншік нысандарына қарамастан, ұйымдардың өндірістік және өзге де үй-жайларына кедергісіз кіруге;
26) егер жеке тұлғалардың тұрғын жайларда, жергілікті жердің белгілі бір учаскелерінде болуы адамның өмірі мен денсаулығына, меншік объектілеріне қатер төндіретін болса, ұйымдардың жұмысын бұзса, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісіне кедергі келтіретін болса, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын, тергеу амалдары мен көпшілік іс-шараларды жүргізген жағдайларда олардың сол жерлерге кіруін немесе онда болуын шектеуге, оған уақытша тыйым салуға;
27) жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомстволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құжаттарын пайдалануға;
28) ғылыми-техникалық және өзге де зерттеулер жүргізуге;
29) ведомстволық және жедел есептерге алуды құруға, пайдалануға және жетілдіруге;
30) күдіктілерді, айыпталушыларды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұсталатын, профилактикалық есепке алынған адамдарды криминалистік есепке қою үшін суретке түсiруге, дактилоскопия жасауға, дыбыс жазбасын, кино- және бейне түсiрiлiмiн жүргізуге, биологиялық, одорологиялық және басқа да үлгілерді алуға;
31) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құруға, пайдалануға және жетілдіруге;
32) әкімшілік немесе қылмыстық заңнаманың күші қолданылатын іс-әрекеттер жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына жеткізуге, оларды жеке тексеріп қарауды жүзеге асыруға;
33) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағындағы және режимдiк талаптар белгiленген оған iргелес аумақтағы адамдарды, олардың заттарын, көлiк құралдарын тексеріп қарауды жүргiзуге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде болғанын анықтау тұрғысынан куәландыру үшін медициналық ұйымдарға жеткізуге;
35) көлік құралдарының жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, азаматтарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына және оған iргелес аумаққа кіргізбеуге немесе ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде оларды сонда қалуға не сол жерден кетуге мiндеттеуге;
36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық және діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне тартуға;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға;
38) ішкі істер органдарының қызметін жария ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тартуға;
39) ішкі істер органдарының әуе кемелеріне өтеусіз аэронавигациялық қызмет көрсетуге;
40) дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыруға;
41) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзған жағдайда, ішкі істер органдары бұл құқықтарды қалпына келтіруге, келтірілген залалдың орнын толтыруға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәлілердің жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз етуге міндетті.
3-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
7-бап. Ішкі істер органдары жүйесі
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ішкi iстер органдарының бірыңғай жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құрайды.
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Полицияны криминалдық полиция, әкiмшiлiк полициясы, тергеу, анықтау бөлімшелері және өзге де бөлімшелер құрайды.
Криминалдық полиция ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерден, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
Әкімшілік полиция жергілікті полиция қызметінен, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау бөлімшелерінен, көші-қон полициясынан, айдауылдау қызметінен, арнаулы мекемелерден және қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), ведомстволардан, аумақтық полиция органдарынан, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардан тұрады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттері (ішкі істер департаменттері), қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, желілік полиция органдары (ішкі істер органдары), әскери-тергеу органдары аумақтық полиция органдары болып табылады.
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қылмыстық-атқару жүйесін ведомство, оның аумақтық органдары, пробация қызметі және жазаларды орындайтын мекемелер, өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ұлттық ұланның құрамы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
5-1. 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарды, аумақтық органдарды және Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Ішкі істер министрі) жүзеге асырады.
8-бап. Ішкі істер министрлігі
1. Ішкі істер министрлігі iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ішкі істер министрлігінің туы, жалауы және рәмізі болады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары болады.
Ішкі істер министрлігі туының, жалауының және рәмізінің, аумақтық органдар мен жоғары оқу орындары жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
9-бап. Ішкі істер министрі
1. Ішкі істер министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Ішкі істер министрі басқарады.
2. Ішкі істер министрі:
1) iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған полиция қызметкерлерінің қатарынан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаментінің бастығын лауазымға тағайындайды;
4) ішкі істер органдары қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағайындайды, тәртіптік жазаға тартады және қызметтен шығарады;
5) көтермелейді, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттайды;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсыныс енгізеді;
7) Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар беруге ұсыныс енгізеді;
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) Қазақстан Республикасының Президентіне Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымдарына тағайындауға ұсыну енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының Президенті алдында ішкі істер органдарының қызметі туралы есеп береді;
10) Ішкі істер министрлігінің атынан ішкі істер органдарының орындауы үшін міндетті құқықтық актілер, өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;
11) өзінің орынбасарларына, Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына өкілеттіктер береді;
12) мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарда Ішкі істер министрлігі атынан өкілдік етеді;
13) өз құзыреті шегінде халықаралық шарттарға қол қояды;
14) ішкі істер органдарындағы сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
15) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1-бап. Жергілікті полиция қызметі
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі, патрульдік полиция, табиғат қорғау полициясы бөлімшелерінен және құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
2. Жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді орындауға тартуға жол берілмейді.
3. Учаскелік полиция инспекторы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы әкімшілік учаскеде тұратын халық алдында тоқсанына кемінде бір рет есеп береді.
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Учаскелік полиция инспекторы бекітіліп берілген әкімшілік учаскеде құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептерді немесе жағдайларды анықтаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға осындай себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізеді.
4-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) ішкі істер органдарының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Ішкі істер министрлігі туралы ережені бекітеді;
2-1) 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) -8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекітеді;
11) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердің тізбесін бекітеді;
13) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомстволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалану қағидаларын бекітеді;
16) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Ішкі істер министрлігінің құзыреті
Ішкі істер министрлігі:
1) Қазақстан Республикасындағы криминогендік ахуалдың жай-күйін және даму үрдістерін талдайды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді және қабылдайды;
2) жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
3) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
4) есiрткiнің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, олардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдалануына қарсы іс-қимылды қамтамасыз етеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) азаматтық, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) қылмыстық-атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
6) ішкі істер органдары жүйесіндегі біртұтас мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
8) мемлекеттiк күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектiлердi күзетудi ұйымдастырады;
9) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
10) арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастырады;
11) ішкі істер органдарындағы лицензия-рұқсат беру қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды, қамаққа алынғандарды және сотталғандарды күзетуді және айдауылдауды бақылауды қамтамасыз етеді;
14) iшкi iстер органдарының жүйесi үшiн, оның ішінде халықаралық шарттар негізінде шет елдерде кадрлар даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
15) ішкі істер органдары жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырады;
16) ішкі істер органдарының өз қауіпсіздігін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
17) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастырады және ішкі істер органдарында құпиялылық режимiнiң сақталуын ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
18) ішкі істер органдары жүйесінде кинологиялық қызметті дамытуды ұйымдастырады;
19) ішкі істер органдарында іс жүргізудің және мұрағаттық істі ұйымдастырудың біртұтас мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
20) ішкі істер органдарының қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
21) ішкі істер органдары жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сотта, өзге де мемлекеттік органдарда ішкі істер органдарының мүдделерін қорғауды үйлестіреді және қамтамасыз етеді;
22) ішкі істер органдары қызметін ақпараттық тұрғыдан қолдауды қамтамасыз етеді;
23) ішкі істер органдары жүйесіндегі жұмылдыру даярлығын жоспарлауды, ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады, жүктелген жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстарының орындалуын қамтамасыз етеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24) тармақша өзгертілді
24) мыналарды:
Ішкі істер министрлігі туралы ережені;
жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердің тізбесін;
Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібін;
есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын;
жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомостволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құжаттарын пайдалану қағидаларын;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25) тармақша өзгертілді
25) мыналарды:
құрылымдар мен штаттарды, оның ішінде үлгілік құрылымдар мен штаттарды, штаттық нормативтерді, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің жүктеме нормативтерiн;
лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын;
Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволар, Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты аумақтық органдар мен ұйымдар туралы ережелерді;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын;
есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидаларын;
қылмыстық жазалауды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ережені;
жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын;
жекеше күзет ұйымының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісін;
жекеше күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерге нысанды киім үлгісі мен оны киіп жүру тәртібін.
аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені;
ішкі істер органдарының білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын;
жоғары білімнің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын;
ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидаларын;