8. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттеріне және халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
103-бап. Лицензиаттың ақпаратты ашып көрсетуi
Лицензиат:
1) шартқа сәйкес өз клиентiнiң алдында оның құқықтары мен мүдделерi қозғалатын ақпаратты ашып көрсетуге;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
2) клиентке қаржы құралдары мен эмитенттер туралы лицензиаттың қолында бар ақпаратпен (бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) танысуға мүмкiндiк беруге;
3) өзiнiң клиентiн осы клиенттiң бұйрығы бойынша қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу процесiнде мүдделер қақтығысының туындау мүмкiндiктерi және фактілері туралы хабардар етуге;
4) өзiнiң клиентiн қаржы құралдарымен жасалады деп жорамалданып отырған мәмiлелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен ерекше талаптар туралы хабардар етуге;
5) өзiнiң клиентiне оның бұйрығын орындаудан бас тартылу себептерiн түсiндiруге;
6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында ашып көрсету мiндеттi болып белгiленген қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты, сондай-ақ өз бұйрықтары бойынша осындай мәмiлелер жасалған клиенттер туралы ақпаратты табыс етуге;
7) эмитенттерден алынған және таратуға арналған ақпаратты клиенттердiң назарына жеткізуге;
8) клиенттердiң алдында лицензиат қызметiне қатысты ақпаратты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген көлемде және тәртiппен ашып көрсетуге;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) комиссиялық сыйақы мөлшерін бекіткен лицензиат органының атауын, лицензиат органының оларды бекіту туралы шешімінің күні мен нөмірін көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін клиенттерден - жеке тұлғалардан алынатын комиссиялық сыйақының мөлшері туралы ақпаратты интернет-ресурста немесе клиенттердің танысуы үшін қолжетімді орында орналастыруға және оны жаңартылған қалпында ұстауға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
9) лицензияны алу кезiнде табыс етiлетiн құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды уәкiлеттi органның назарына мұндай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге мiндеттi.
104-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ақпаратты ашып көрсетуi
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушы кез келген мүдделi тұлғаның алдында өзiнiң тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар және олардың эмитенттерi туралы өзiнде бар мәлiметтердi (бағалы қағаздар рыногында қызметтiк және коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда) ашып көрсетуге мiндеттi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге тиiс ақпаратты ол Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң актiсiне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушы үшiн қолжетiмдi әдiстермен таратады.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге жататын ақпаратты осы сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң арасында тарату тәртібі және өзіндегі аталған ақпарат бар құжаттардың көшiрмелерiн мүдделi тұлғаларға табыс ету тәртібі сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
105-бап. Инвестордың және тiркелген тұлғаның ақпаратты жария етуi
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тiркелген тұлға орталық депозитарийге (нақтылы ұстаушыға) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі өз деректерiнiң өзгерістерi туралы мұндай өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде хабарлауға мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Орталық депозитарий (нақтылы ұстаушы) тіркелген тұлғадан бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесіндегі және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі деректердiң өзгерістерi туралы мәлiметтер алмауы немесе уақтылы алмауы салдарынан келтiрiлген шығын үшiн тіркелген тұлғаның алдында жауапты болмайды.
3. Қазақстан Республикасының заң актілерінде инвестордың (бағалы қағазды ұстаушының) эмиссиялық бағалы қағаздарға инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде өзi және өзiнiң аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты мемлекеттік органдардың алдында ашып көрсетуге мiндеттi екенi белгiленуi мүмкiн.
106-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 107-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 107-бап өзгертілді (бұр.ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 107-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 107-бап өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
107-бап. Уәкiлеттi органның ақпарат алу құқығы
Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық ахуалды талдау мақсатында ол өз құзыретi шегінде эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын) ақпаратты алады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Осы Заңда белгiленген жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және (немесе) әділет органдары уәкiлеттi органға оның сұрау салуы бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат ұсынады.
20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін бақылау
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 108-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
108-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушыларының, кәсіби ұйымдар мен эмитенттердің қызметін тексеру
1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушыларының, кәсіби ұйымдар мен эмитенттердің қызметіне тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларын, кәсіби ұйымдар мен эмитенттерді тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне тексеру жүргізген кезде уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың үлестес тұлғаларының қызметін тек олардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне әсер ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.
109-бап. 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 110-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
110-бап. Эмитенттің қызметін бақылау және қадағалау
Эмитенттердің қызметін бақылау және қадағалау тексеру жүргізу нысанында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нысандарда мынадай мәселелер бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеу тәртібі, мемлекеттік емес облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі шарттарды сақтауы;
2) ірі мәмілелерді және жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді жасасу кезінде Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтау;
3) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің өз қызметі туралы ақпаратты жариялауы жөніндегі осы Заңда белгіленген талаптарды сақтау;
4) бағалы қағаздарды ұсатушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтау;
5) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынған, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіткен кезде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтауы.
111-бап. Лицензиаттың қызметiн бақылау
Уәкiлеттi орган бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн лицензиатқа мынадай мәселелер:
1) бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметтiң Қазақстан Республикасының заңдарына, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның және лицензиаттың iшкi құжаттарына сәйкестiгі;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру процесiнде клиенттердiң құқықтары мен мүдделерін сақтау;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) лицензиаттың қаржылық тұрақтылығының пруденциялық нормативтерін және өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін (нормативтерін) сақтау;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 5) тармақшамен толықтырылды
5) лицензияны ерікті түрде қайтаруына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтату мәселелері бойынша тексеру жүргізуге құқылы.
112-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн бақылау
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган:
1) кәсіптік ұйымның қызметi туралы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге;
2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымға орындалуы мiндеттi ұйғарымдар жiберуге және олардың орындалуы туралы есеп табыс етудi талап етуге құқылы.
21-тарау. Қорытынды ережелер
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 113-бап өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
113-бап. Уәкілетті органның шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың кәсіби қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына қатысты қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне шағым жасау шағым жасалып отырған шешімнің немесе әрекеттердің (әрекетсіздіктің) орындалуын тоқтата тұрмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 113-1-баппен толықтырылды
113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлік қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп не акциялар эмиссиясы жасалмады деп танудың салдарлары
1. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлік қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп таныған жағдайда осы акционерлік қоғам акцияларының барлық эмиссиясы жойылуға тиiс.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қоғамның акциялар эмиссиясы жасалмады деп танылған жағдайда қоғам акцияларының эмиссиясы жасалмады деп тану туралы шешiм негiзiнде бұл эмиссия жойылуға тиiс.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 113-2-баппен толықтырылды
113-2-бап. Нақтылы ұстаушының клиенттері туралы ақпаратты ашу
Нақтылы ұстаушы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өзі туралы мәліметтерді ашуға құқық бермеген клиенттің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотын ашу үшін міндетті түрде қажет болатын деректемелерін оларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотта көрсету үшін орталық депозитарийге ұсынуға міндетті.
114-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы Заңның 22-бабы 1-тармағының екінші бөлігі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 52-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 15-16, 238-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2003 жылғы 21 мамырда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
2) «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 53-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 238-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2003 жылғы 21 мамырда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы).
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілдедегі 2-і.
№ 461-II