ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы» ҚР Конституциялық Кеңесінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 2 қорытындысын қараңыз
1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат; 2007 ж., № 10, 68-құжат; 2011 ж., № 3, 29-құжат; 2017 ж., № 5, 9-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның астанасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы болып табылады.»;
3-1-тармақтағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Ақорда, 2019 жылғы наурыздың 23-і.
№ 238-VI