33) тармақша мынадай мазмұндағы жиырма төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінің ережелері патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауға қолданылмайды.»;
14-тармақтың тоғызыншы және оныншы абзацтары 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың 20) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, ұстап алынған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсету құқығына лицензиялық алым мөлшерлемелерінің мөлшерін көздейтін өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағының 1) тармақшасын;
2) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағының тоғызыншы және оныншы абзацтарын;
3) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 5), 7) және 8) тармақшаларын, сондай-ақ 14-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері осы Заңның 2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген нормалар қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензия алуға міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 21 мамыр
№ 123-VII