заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы бапта көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
242-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi орындамауы
1. Инвестициялық портфельді басқарушының есептілікте қамтылған көрсеткіштерді не Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамауы -
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
243-бап. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша есептілікті, сондай-ақ ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және шарттарына әсерін тигізетін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпарат пен құжаттарды беру тәртібін бұзу
1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша анық емес есептілікті ұсыну -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес - заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша есептілікті уақтылы ұсынбау -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес - заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ресімделген тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша есептілікті ұсынбау -
жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) шарттарына әсерін тигізетін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпарат пен құжаттарды уақтылы бермеу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) шарттарына әсерін тигізетін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпарат пен құжаттарды бермеу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
244-бап. Валюталық операциялар жөнінде хабарлама туралы куәлікті немесе валюталық операцияларға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар жөнінде хабарлама туралы куәлікті немесе валюталық операцияларға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзуы -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы
Аудитордың тексеру жүргiзу кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы -
«аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 246-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есеп, сондай-ақ анық емес аудиторлық қорытынды жасауы
1. Осы Кодекстің 249-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есепті жасауы -
аудиторларға - сексен, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу анық емес аудиторлық есепті жасауы -
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға - бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
біліктілік куәлігінен айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, аудиторлық ұйымға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен кодекс 246-1-баппен толықтырылды; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 246-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы
Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны анық емес деп тануға әкеп соғатын бұзушылықтарды қоспағанда, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы, -
аудиторлық ұйымға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
1. Осы бапта салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзу деп аудиторлық ұйымның аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.
2. Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзу деп ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудит бойынша тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.
247-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аудитті «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған жағдайларда жүргізу -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Аудит жүргізілуі міндетті аудиттелетін қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарламау және осы аудиттелетін ұйымдарды хабардар етпеу -
заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тиісті уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі, сол сияқты анық емес мәліметтерді беруі -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Аудиттелетін субъектілер атынан мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдардың аудиті, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит нәтижесінде анықталған, бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы, - бірінші басшыларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Аудиторлық ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкес уәкілетті органға есептілікті және (немесе) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі -
заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аудиторлық есептi ұсынбауы -
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 9-бөлікпен толықтырылды
9. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың:
1) аудиторлық ұйымдар - кәсіби ұйым мүшелерінің орташа санының он пайызында, бірақ кемінде бесеуінде күнтізбелік он екі ай осындай кәсіби ұйым тарапынан өтінішхатсыз аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылуының болуы;
2) уәкілетті орган ескерту шығарған себептерді үш ай ішінде жоймауы;
3) аудиторларға кандидаттарды аттестаттаудан өткізудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі;
4) Аккредиттеу қағидаларын бір жыл ішінде жүйелі түрде (қатарынан екі реттен көп) бұзуы;
5) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясын құрмау түрінде жасаған, Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзуы, -
аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды
10. Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі, - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 11-бөлікпен толықтырылды
11. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімде аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кірмеуі және (немесе) уақтылы кірмеуі, -
лицензиядан айыра отырып, екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
248-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және сақтауға байланысты бұзушылықтар
1. Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
249-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі
Аудиттелетін субъектінің аудит жүргізу барысында аудиторлық ұйымға анық емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан, уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
250-бап. Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару
Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
251-бап. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына ұлттық валюта мен шетел валютасын:
1) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсетін ұлттық валюта мен шетел валютасындағы түсiмдердi;
2) резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент еместiң пайдасына аударған, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валюта мен шетел валютасын есепке жатқызбау түрiнде жасалған, ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып түскен және егер осы әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайларда басталады.
Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар осы бапта көзделген жауаптылықта болмайды.
252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұза отырып жүргізу
1. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізбеу, резиденттер арасында тыйым салынған валюталық операциялар жүргізу, ақша төлемдері мен аударымдарын уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүргізбеу, егер мұндай талап Қазақстан Республикасының валюта заңнамасында белгіленсе, -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға, белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ipi кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4. Қолма-қол шетел валютасын иелену және (немесе) сату бағамдарын белгілеу туралы өкім шығарудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген тәртібін өкім шығарылған жердің жергілікті уақытымен күндізгі сағат 18.00-ден келесі күнгі сағат 8.00-ге дейінгі кезеңде және (немесе) «Қазақстандық қор биржасы» акционерлік қоғамының жұмыс емес күндері осындай өкім шығару арқылы бұзу -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
253-бап. Арнаулы валюталық режимді бұзу
Арнаулы валюталық режимді:
1) валюталық операция жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы рұқсатын алу талабын орындамау;
2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
4) валюталық операциялар жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
5) Қазақстан Республикасының Президенті енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу -
жеке және заңды тұлғаларға арнаулы валюталық режимді бұза отырып жүргізген операция сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
254-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
1. Инсайдерлердің бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар беру жөніндегі әрекеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының эмитенттерге қатысты инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге ақпарат беруі жөніндегі талаптарын орындамауы, егер осы әрекеттер ірі залал келтірмесе, -
жеке тұлғаға - екі жүз, лауазымды адамға - төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыру бөлігінде эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы -
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
255-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің жарнаманы жариялау кезiнде анық емес мәлiметтер ұсыну және тарату арқылы бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау -
жеке және заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
256-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынбауы, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы ұсынбауы -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң бағалы қағаздармен жасалатын операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ мәліметтер ұсынуы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен ескертпе өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп берілуі эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту, облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызметі туралы және облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамау не тиісінше орындамау туралы хабарлау; тәуекелдерді басқару және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар мен есептілік түсініледі.
257-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын бұзуы
1. Акционерлердің акционерлiк қоғам iстерiн басқару құқықтарының, кіріс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртiбiнің, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбi мен шарттарын бұзу -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.