2. Су құбырлары желiлерiнен суды заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәрiздiк желiлерге заңсыз қосылу -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
145-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын:
1) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидаларын бұзушылықтар;
2) тарих және мәдениет ескерткіштерін күтіп-ұстаудың қорғау міндеттемелерінде жазылған шарттарын бұзушылықтар;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бұзушылықтар;
4) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын заңсыз ауыстыру және оларды өзгерту;
5) аумақтарды игеру кезiнде жер учаскелерi бөлiп берiлгенге дейiн тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектiлердi анықтау жөнiнде зерттеу жұмыстарын жүргiзбеу;
6) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізу түрінде жасалған бұзу -
жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
146-бап. Егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру
Механикалық көлік құралымен, жегін көлікпен егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-бап. Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау
1. Ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, маяларын малдың немесе құстың таптауы, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 148-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
148-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу
Мемлекеттiк заттай гранттардың Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
149-бап. Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің, иеленушісінің не басшысының не террористiк тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы -
жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
үш айға дейінгі мерзімге қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
150-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн жарнамалау
Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру -
үш айға дейiнгi мерзiмге бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - бiр жүз елу, лауазымды адамдарға - бiр жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14-тарау. Кәсiпкерлiк қызмет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу
1. Шикiзатты, азық-түлiк, өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 152-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
152-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын бұзу
Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын темiржол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе көлiгiнің және пошта операторының жұмыскерлері жасаған бұзушылық -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
153-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетiн тауарларды едәуiр мөлшерде өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткiзумен ұштасқан болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - келтiрiлген залал сомасының, алынған кіріс сомасының және заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құнының - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында азаматқа бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал - iрi залал деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын кіріс - iрi мөлшердегi кіріс деп танылады.
3. Осы бапта құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарлар саны - едәуiр мөлшер деп танылады.
154-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы -
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
155-бап. Заңсыз банктік қызмет
Азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрген не iрi мөлшерде кіріс алумен ұштасқан, банктік қызметті (банк операцияларын) тiркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - келтірілген залал сомасының, заңсыз қызмет нәтижесінде алынған кіріс сомасының - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
156-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын:
1) фильмге прокаттау куәлігінсіз Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау және көпшiлiкке демонстрациялау;
2) көрермендерді фильм көрерменінің жас шегі (индексі) туралы белгiленген тәртіппен хабардар етпеу;
3) «Е 18» және «НА» индекстері бар фильмдерді кинозалдарда және осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда және телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда) прокаттау және көпшілікке демонстрациялау кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
4) мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібін және шарттарын сақтамау;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына басылымның міндетті тегін данасын бермеу түрінде жасалған бұзушылық -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
157-бап. Көрiнеу жалған жарнама
Пайдакүнемдiк пиғылмен жасалған және iрi залал келтiрген, жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы -
жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға келтірілген залал - ірі залал деп танылады.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 158-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану
Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы бапқа сәйкес тәркіленген тауарлар, құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі бар түпнұсқа тауарларды немесе қоғамдық мүдделер үшін оларды айналымға енгізу қажет болатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.
159-бап. Монополистік қызмет
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) - үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiлген әрекеттерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) - үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) - үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) - бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiнiң кез келген нысанына әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруi -
жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жеті жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен ескертпе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ескертпелер.
Бәсекелестікке қарсы келiсiм немесе бәсекелестiкке қарсы келiсiлген әрекеттер түрiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған нарық субъектісі мынадай шарттарды жиынтықты сақтаған:
1) нарық субъектiсi монополияға қарсы органға бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер туралы мәлiмдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер туралы ақпарат алмаған;
2) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттерге өзiнiң қатысуын тоқтату жөнiнде шұғыл шаралар қолданған;
3) нарық субъектiсi мәлiмдеген кезден бастап бүкiл тергеу бойында бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер фактiлерi туралы толық ақпаратты хабарлаған;
4) нарық субъектiсiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттердi жасау салдарынан тұтынушыларға келтiрiлген залалды ерiктi түрде өтейтін кезде әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
160-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасын бұзу
1. Мемлекеттiк монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасында белгiленген шектеулердi сақтамауы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілеттік берілмеген тұлғаның жүзеге асыруы -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
161-бап. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлану кезiндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттерi
1. Егер монополияға қарсы орган келісімінің болуы қажет болған жағдайда, нарық субъектiлерiнің мұндай келісімді алмастан экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы -
жеке тұлғаларға - сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның болуы қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органға мұндай хабарламаны ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға - сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
162-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және үй-жайлар мен аумаққа кiруге кедергi жасау
Нұсқаманы орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгiленген мерзiмдерде ақпарат бермеу не ақпаратты толық көлемде бермеу, монополияға қарсы органға анық емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның
тергеп-тексеру жүргiзетiн лауазымды адамдарының үй-жайлар мен аумаққа кiруiне кедергi жасау -
жеке тұлғаларға - сексен, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз алпыс, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 163-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
163-бап. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік -
лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жосықсыз бәсекелестік -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 164-баптың тақырыбы өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
164-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны бермеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып беруі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер (әрекетсіздік) -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз сексен, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың уәкілетті органға табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішті және құжаттарды (ақпаратты) ұсынбауы -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ақпарат, есеп, хабарлама беру міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік) -
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп табиғи монополия субъектісі алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде табиғи монополия субъектісі алуға тиіс кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.