1-1. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 293-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
293-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қарау мерзімдері
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім қарау үшін инвестициялар жөніндегі уəкілетті органға беріледі, ол осы Кодекстің 285-бабында белгіленген талаптарға сəйкес, өтінім тіркелген күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
2. Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
3. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 294-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
294-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасу
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салықтар бойынша преференцияларды қоспағанда, инвестицияларды жүзеге асыруды жəне инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт оңайлатылған инвестициялық келісімшарт болып табылады.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде үлгілiк келiсiмшарттың ережелерiн ескере отырып, оңайлатылған инвестициялық келiсiмшартты қол қоюға дайындайды.
Үлгілiк келiсiмшарт деп Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн және оңайлатылған инвестициялық келiсiмшарттар жасасқан кезде пайдаланылатын үлгiлік келiсiмшарт түсініледі.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Оңайлатылған инвестициялық келiсiмшартты инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тiркейдi және тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
Оңайлатылған инвестициялық келісімшартты инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган тіркеген күн оның жасалған күні болып табылады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзiмiмен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін кемiнде тоғыз ай бұрын аяқталуға тиiс.
Қаржы лизингі шартын жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық жобаны іске асырған жағдайда, оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi қаржы лизингі шартының қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейін тоғыз ай өткен соң аяқталуға тиіс.
295-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары
1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi өткен соң тоқтатылады не осы бапта белгiленген тәртiппен осындай мерзiм өткенге дейiн тоқтатылуы мүмкiн.
2. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы:
1) тараптардың келiсуi бойынша;
2) бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған кезде және келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестор инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылу мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң біржақты тәртіппен инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатады.
Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың салдарынан бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждардың сомаларын төлейді.
4. Инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде аталған заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.
5. Инвестициялық келiсiмшарт тараптардың келiсуi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.
6. Инвестициялық келiсiмшарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өзiне мемлекеттiк заттай грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай не инвестициялық келiсiмшарттың талаптарына сәйкес оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық келісімшарт бойынша төленген инвестициялық субсидияның сомасын толық көлемде өтейді.
7. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның инвестициялық келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiмі қабылданғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
295-1-бап. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 295-2-баппен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 295-2-бап жаңа редакцияда
295-2-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу жəне тоқтату
1. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасуға өтінім инвестициялар жөніндегі уəкілетті органға беріледі.
Инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасуға өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде осындай келісімге қол қою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын əзірлейді.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданылуын тоқтату тəртібін жəне инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган əзірлейді жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге өзгерістер осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген ережелердің сақталуы ескеріле отырып, тек қана инвестициялар салу графигін өзгерту бөлігінде енгізілуі мүмкін.
3. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуы осы Кодекстің 283-2-бабының 5-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін осы тармаққа сəйкес тараптардың келісімі бойынша немесе біржақты тəртіппен тоқтатылуы мүмкін.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім қолданылатын кезеңде 283-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде, 2-тармағында, 3-тармағының екінші бөлігінде жəне 4-тармағында көзделген міндеттемелер мен шарттар орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде осындай келісімді жасасқан заңды тұлға мұндай келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес айқындалған тəртіппен қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
295-3-бап. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
296-бап. Инвестициялық дауларды шешу
1. Инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар, оның ішінде ірі инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау инвестициялық дау болып табылады.
2. Инвестициялық даулар келiссөздер арқылы не дауларды шешудiң тараптармен бұрын келiсілген рәсiмiне сәйкес шешіледі.
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Инвестициялық дауларды осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес шешу мүмкiн болмаған кезде дауларды шешу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келiсiмімен айқындалатын төрелiктерде жүргiзiледi.
4. Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 296-1-баппен толықтырылды
296-1-бап. Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылау нысандары
Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мынадай:
1) осы Кодекстің 296-2-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырылатын камералдық бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектісіне бару, оның ішінде инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасы мен талаптарын орындау жөніндегі құжаттарды қарау нысандарында жүзеге асырады.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 296-2-баппен толықтырылды; 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 296-2-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
296-2-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру тəртібі
1. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган белгілейтін нысан бойынша оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден жəне 25 қаңтардан кешіктірмей, ұзақ мерзімді активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың жəне (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындардың баптары бойынша таратып жаза отырып ұсынады.
2. Оңайлатылған инвестициялық келісімшартқа қосымшаға өзгерістер тараптардың келісім бойынша жылына екі рет енгізілуі мүмкін.
Ұзақ мерзімді активтерді пайдалануға беру мерзімдерін ауыстыру бөлігінде инвестициялық келісімшартқа қосымшаға өзгерістер тараптардың келісімі бойынша оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу кезеңі екі реттен аспайтын мерзімде енгізілуі мүмкін.
3. Инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда ұзақ мерзімді активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде жүргізіледі.
4. Тексеру нəтижелері бойынша инвестициялар жөніндегі уəкілетті органның өкілі мен оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі туралы актіге қол қояды.
5. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жібереді жəне бұзушылықтарды жою үшін үш ай мерзім белгілейді.
6. Егер инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган жүргізген тексеру нəтижелері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін əкелінген жəне кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат жəне (немесе) материалдар пайдалануға берілмегені не пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, оңайлатылған инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференцияларға байланысты кедендік баждардың сомасын төлемеген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өсімпұлды есепке жаза отырып, пайдаланылмаған жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат жəне (немесе) материалдар бөлігінде оларды төлейді.
7. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін екі ай ішінде инвестициялар жөніндегі уəкілетті органға қызмет саласындағы уəкілетті орган белгілеген ең төмен талаптарға сəйкес келетін аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) жұмыс бағдарламасына сəйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
2) жұмыс бағдарламасына сəйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;
3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
4) оңайлатылған инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мəліметтер.
8. Мемлекеттің экономикалық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың бұзылуы туралы ақпарат:
1) тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік кіріс органдарына жəне қажет болған кезде өзге де мемлекеттік органдарға;
2) мемлекеттік заттай грант берілген оңайлатылған инвестициялық келісімшарттар бойынша мемлекеттік кіріс органдарына, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органға жəне (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уəкілетті органға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.
9. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданысы ішінде:
1) берілген мемлекеттік заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сəйкес сатып алынған мүліктің нысаналы мақсатын өзгертуге;
2) берілген мемлекеттік заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сəйкес сатып алынған мүлікті жалға беруге, иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
10. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің нысаналы пайдаланылуын бақылау Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 296-3-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
296-3-бап. Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау
1. Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау əлеуметтік-экономикалық дамуға берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігіне талдау жүргізу үшін жүзеге асырылады.
2. Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалауды инвестициялар тарту жөніндегі саясат саласындағы уəкілетті орган өзі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырады.
26-тарау. ҮШІНШІ ЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ ҚОРҒАУ, ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ ЖӘНЕ ӨТЕМАҚЫ ШАРАЛАРЫ
297-бап. Ішкі нарықты қорғау шараларын енгізу туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерден шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты ішкі нарықты қорғау шаралары арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары түрінде енгізілуі мүмкін.
Үшінші елдер деп Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын елдер және (немесе) елдер бірлестіктері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін әлем елдерінің сыныптауышына енгізілген аумақтар түсініледі.
2. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу және қолдану, қайта қарау немесе олардың күшін жою не тиісті шараны қолданбау туралы шешімдерді Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдайды.
Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексеруді жүргізу «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
298-бап. Шаралардың түрлері
1. Импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың өскен импортын шектеу жөніндегі шара арнайы қорғау шарасы болып табылады.
2. Демпингке қарсы бажды, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл шарасы демпингке қарсы шара болып табылады.
3. Өтемақы бажын (оның iшiнде алдын ала өтемақы бажын) енгізу не субсидиялаушы үшінші елдің уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті мiндеттемелерді мақұлдау арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешiмi бойынша қолданылатын, мүше мемлекеттердің экономика саласына экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының әсер етуін бейтараптандыру жөніндегі шара өтемақы шарасы болып табылады.
299-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану қағидаттары
Арнайы қорғау шарасы, егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі нұқсан келтіретіндей немесе осындай нұқсан келтіру қатерін төндіретіндей өскен мөлшерлерде (мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің жалпы көлеміне абсолютті немесе салыстырмалы көрсеткіштерде) және жағдайларда жүзеге асырылып жатқаны анықталған болса, тауарға қолданылуы мүмкін.
Демпингке қарсы шара, егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық нұқсан келтіретіндігі, осындай нұқсанды келтіру қатерін төндіретіні немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды едәуір баяулататыны анықталған болса, демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарға қолданылады.
Өтемақы шарасы өндіру, егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық нұқсан келтіретіні, осындай нұқсанды келтіру қатерін төндіретіні немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды едәуір баяулататыны анықталған болса, экспорттау немесе тасымалдау кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы пайдаланылған импортталатын тауарға қолданылуы мүмкін.
Мүше мемлекеттер деп Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың Тараптары болып табылатын мемлекеттер түсініледі.
6-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚОРҒАУ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
27-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
300-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау нысандары
1. Әрбір кәсіпкерлік субъектісінің өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға құқығы бар.
Кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған немесе даулы құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де тәртіппен (төрелік, медиация, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, омбудсмен, келіссөздер, наразылық тәртіп және өзгелер) жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Заңдарда арнайы көзделген жағдайларда, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау құқығы бұзылған кәсіпкерлік субъектісінің тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық әрекеттерiмен (өзiн-өзi қорғау) жүзеге асырылуы мүмкiн.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 301-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
301-бап. Қорғаудың соттағы нысаны
Кәсіпкерлік субъектілері бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
302-бап. Тараптары кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дауларды сотқа дейін реттеу
1. Құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кәсіпкерлік субъектілері осы құқықтарды бұзушымен дауды тікелей реттеу мақсатында оған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жазбаша кінәрат қоюын білдіреді.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау міндетті емес болғанда, кәсіпкерлік субъектісі өзінің бұзылған құқығын қорғау үшін тікелей сотқа жүгінуге құқылы.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда, кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
303-бап. Қорғаудың соттан тыс нысандары
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) шартта көзделген мынадай нысандарда:
1) төрелікте;
2) медиация қолдану арқылы;
3) партисипативтік рәсім тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғаудың басқа да соттан тыс нысандары белгіленуі мүмкін.
3. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын келіспеушіліктерді реттеу мақсатында кәсіпкерлік субъектілері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге, омбудсменге жүгінуге құқылы.
304-бап. Төрелікте құқықтарды қорғау
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау төрелік келісім болған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен төрелікте қаралуы мүмкін.
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Дауды шешу үшін төреліктер тұрақты жұмыс істейтін төрелік немесе нақты дауды шешуге арналған төрелік түрінде құрылуы мүмкін.
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тұрақты жұмыс істейтін төреліктерді ұйымдастыру және олардың қызметінің тәртібі олардың регламенттерінде және Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленеді.
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Егер нақты дауды шешу үшін құрылатын төрелікті ұйымдастыруға және оның қызметінің тәртібіне қойылатын өзге де талаптар Қазақстан Республикасының заңында және халықаралық шарттарында белгіленбесе, онда олар тараптардың келісімімен айқындалады.
5. Егер төрелік шешім онда белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаса, онда ол Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындалуға жатады.
305-бап. Құқықтарды медиация рәсімін қолдану арқылы қорғау
1. Кәсіпкерлік субъектілері арасында медиация жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілері қатысатын азаматтық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талап-арызды қабылдағаннан кейін де қолданылуы мүмкін.