2. Мыналар:
1) елу миллион тоннадан астам көлемде мұнайдың немесе он бес миллиард текше метрден астам - табиғи газдың геологиялық қорлары бар;
2) Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан;
3) уран кен орны бар жер қойнауы учаскесі стратегиялық жер қойнауы учаскесі болып табылады.
Жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелері осы Кодекстің 44-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
44-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы құзыретті органның осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілетін рұқсатымен жүзеге асырылады.
2. Құзыретті органның осы баптың 1-тармағында көзделген рұқсаты мынадай жағдайда:
1) жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер қатысу үлестерінің, пайлардың, акциялардың немесе үлестік қатысудың басқа да нысандарының кемінде тоқсан тоғыз пайызы жер қойнауын пайдаланушыға немесе тиісінше, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің меншік иесіне тиесілі еншілес ұйымның пайдасына, осындай еншілес ұйым салық салу жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, ауысқан;
2) жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер ұйымдар арасында, оның ішінде әрқайсысындағы қатысу үлестерінің, пайлардың, акциялардың немесе үлестік қатысудың басқа да нысандарының кемінде тоқсан тоғыз пайызы бір ғана тұлғаға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесінде құқықтық мирасқорлық тәртібімен, жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алушы салық салу жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, ауысқан;
3) жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлғадағы немесе тиісінше жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер иелеріндегі қатысу үлестерінің, пайлардың, акциялардың немесе үлестік қатысудың басқа да нысандарының кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде тиесілі тұлғаның немесе ұйымның пайдасына, иемденуші салық салу жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, ауысқан;
4) егер жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алушыдағы қатысу үлестерінің, пайлардың, акциялардың немесе үлестік қатысудың басқа да нысандарының кемінде тоқсан тоғыз пайызы бір ғана тұлғаға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болса, жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдаланумен байланысты объектілер таратылатын заңды тұлғаның мүлкін бөлу нәтижесінде, иемденуші салық салу жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, ауысқан;
5) егер жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын қатысу үлестерінің, пайлардың, акциялардың ауысуы нәтижесінде тұлға жер қойнауын пайдаланушының-заңды тұлғаның және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының-заңды тұлғаның шешіміне тікелей және (немесе) жанама түрде ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның немесе өзге де ұйымның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің, пайларының, акцияларының бір пайыздан кемін иеленуші болса, осындай ауысу жағдайында;
6) акцияларды орналастыруды, сондай-ақ бұрын сатып алынған акцияларды немесе заңды тұлғаның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды сатуды қоса алғанда, егер осындай әрекеттер нәтижесінде қатысу үлестерінің қатысушыларына, пай ұстаушыларға немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялар және акцияға айырбасталатын басқа да бағалы қағаздар акционерлеріне тиесілі пайыздық арақатынас өзгермесе, жарғылық капиталдың мөлшері өзгерген;
7) жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер тараптарының біреуі Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік орган, ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания болып табылатын мәміле бойынша ауысқан;
8) мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешендерін жекешелендіру процесінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығарған;
9) заңды тұлға қайта құрылған кезде жер қойнауын пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер тапсыру актісінің негізінде құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысқан;
10) жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер мұрагерлік тәртіппен ауысқан;
11) эмитент өзінің қатысу үлестерін, пайларын, акцияларын және үлестік қатысудың басқа да нысандарын, сондай-ақ меншік құқығын растайтын немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларға, үлестерге, пайларға және үлестік қатысудың басқа да нысандарына айырбасталатын бағалы қағаздарды сатып алған;
12) меншік құқығын растайтын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларға, үлестерге, пайларға және үлестік қатысудың басқа да нысандарына айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылған, бұрын жоғарыда аталған акциялардың, үлестердің, пайлардың және үлестік қатысудың басқа да нысандарының меншік иесі болған тұлға шығарылатын бағалы қағаздардың меншік иесі болып қалғанда;
13) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер меншік құқығын растайтын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын қатысу үлестеріне, пайларға, акцияларға және үлестік қатысудың басқа да нысандарына айырбасталатын бұрын шығарылған бағалы қағаздардың орнына сатып алынған;
14) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушылар акциялары, үлестері, пайлары және үлестік қатысудың басқа да нысандары осындай жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын ұйым акционерлерінің немесе қатысушыларының жалпы жиналысына қатысқан жағдайда талап етілмейді.
3. Осы тараудың мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушыларға:
1) құзыретті органмен жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған тікелей келіссөздерге көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның стратегиялық серіктесі ретінде қатысатын ұйымдар;
2) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға жіберілген ұйымдар;
3) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру мәселесін қарау кезінде құзыретті органның мемлекеттік сараптамалар жүргізу немесе жобалау құжаттарын келісу қажеттігі туралы хабарламасын алған ұйымдар да теңестіріледі.
4. Құзыретті органның рұқсатынсыз, сол сияқты рұқсаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін жасалған, жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы бойынша мәмілелер маңызсыз болады.
45-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру тәртібі
1. Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу ниеті бар тұлғалар құзыретті органға рұқсат беру туралы өтініш жолдайды.
2. Рұқсат беру туралы өтініш:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу ниеті бар тұлға (ұйым) туралы мәліметтерді:
жеке тұлғалар үшін - сатып алушының тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жерін, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді;
заңды тұлғалар үшін - сатып алушының атауын, оның орналасқан жерін, оның мемлекеттік тиесілігін көрсетуді, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, басшылары және олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, өтініш иесі қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде айқындауға мүмкіндігі бар тұлғалар, ұйымдар және мемлекеттер туралы мәліметтерді;
2) алынатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге нұсқауды;
3) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектінің ауысу негізін;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру, уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) алу ниеті бар тұлғаның жер қойнауын пайдаланудың осындай құқығын беру кезінде қойылатын осы Кодекс талаптарына сәйкестігін растайтын оның қаржылық және техникалық мүмкіндіктері туралы мәліметтерді;
5) өтініш иесінің өтініште және оған қоса берілетін құжаттарда өзі туралы көрсетілген барлық мәліметтердің анық екендігі туралы жазбаша растауын;
6) өтініш иесінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға арналған рұқсатты беру туралы өтініш:
1) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялары немесе басқа да бағалы қағаздары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға жататын эмитент-ұйымның толық атауын;
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға жататын, өзімен байланысты акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың соған қатысы бар жер қойнауы учаскесін көрсетуді;
3) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялары немесе басқа да бағалы қағаздары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға жататын эмитент-ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтерді;
4) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында шығаруға жататын бағалы қағаздар, оның ішінде ұйымның туынды бағалы қағаздары, олардың базалық активтері немесе үлестік қатысудың басқа да нысандары туралы мәліметтерді (түрі мен жалпы саны);
5) андеррайтер туралы мәліметтерді (олар болған кезде);
6) листинг жүзеге асырылатын ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы туралы мәліметтерді;
7) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға жататын акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың саны туралы мәліметтерді;
8) өтініш иесінің өтініште және оған қоса берілетін құжаттарда өзі туралы көрсетілген барлық мәліметтердің анық екендігі туралы жазбаша растауын;
9) өтініш иесінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беру туралы өтінішті олар қосымша эмиссия (шығару) шеңберінде орналастырылған жағдайда эмитент береді, ал ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруды осы акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың ұстаушысы жүргізгенде - осындай ұстаушы береді.
4. Осы Кодекстің мемлекеттің басым құқығы туралы ережелерін қолданған жағдайда осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтермен қатар рұқсат беру туралы өтініш жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы бойынша мәмілелердің бағасы туралы және оны төлеу тәртібі туралы мәліметтерді қосымша қамтуға тиіс.
5. Рұқсат беру туралы өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі. Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, мұндай құжаттар дұрыстығын нотариус куәландырған әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде де жасалуы мүмкін.
6. Құзыретті орган өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды бір ай ішінде, ал ірі кен орындары және стратегиялық жер қойнауы учаскелері бойынша - үш ай ішінде қарайды.
Құзыретті орган өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына шығарады.
Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда рұқсат беру үшін өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құзыретті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Сараптама комиссиясының құрамын және ол туралы ережені құзыретті орган бекітеді.
Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды он бес жұмыс күнінен аспайтын, ал ірі кен орындары және стратегиялық жер қойнауы учаскелері бойынша - қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Құзыретті орган өтінішті жан-жақты және толық қарау мақсатында өтініш иесінен ұсынымдар әзірлеу үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.
Қосымша мәліметтер және (немесе) құжаттар сұратылған жағдайда тиісті өтінішті қарау мерзімі осындай мәліметтер және (немесе) құжаттар ұсынылғанға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.
Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсынымдарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш бойынша шешім шығарады.
7. Егер жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беруге арналған өтініш пайдалы қатты қазбалардың ірі кен орнын қамтитын және (немесе) стратегиялық жер қойнауы учаскесі болып табылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты берілсе не егер тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің болжалды ауысуы ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын болса, құзыретті орган осындай өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ұлттық қауіпсіздік органдарына жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуын ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін жібереді.
Егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын болса, ұлттық қауіпсіздік органдары бұл туралы құзыретті органды өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Бұл жағдайда құзыретті орган ұлттық қауіпсіздік органдарынан жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер ауысуының ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы растауды алғанға дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады. Құзыретті орган ұлттық қауіпсіздік органдарынан хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш иесіне осындай тоқтата тұру туралы хабарлайды.
Құзыретті орган ұлттық қауіпсіздік органдарынан растауды алғаннан кейін өтінішті қарауды қайта бастайды.
8. Өтініш иесі өтінішті бергеннен кейін кез келген уақытта және құзыретті орган мәні бойынша шешім шығарғанға дейін оны кері қайтарып алуы мүмкін.
9. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:
1) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқықтарының шоғырлануына алып келсе;
2) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануына алып келсе;
3) егер рұқсат беру туралы өтініш осы Кодекс талаптарына сәйкес келмесе;
4) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына осы Кодексте тыйым салынған болса;
5) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы қолданылған әкімшілік жазаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылатын болса;
6) мемлекет басым құқығын іске асыратын болса;
7) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес келмейтін болса, рұқсат беруден бас тартады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалану құқығының шоғырлануы деп бір тұлғаның немесе бір мемлекеттің тұлғалары тобының жер қойнауын пайдалану құқығындағы және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердегі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін немесе төндіретін жиынтық үлеске ие болуы танылады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануы деп Қазақстан Республикасымен жасалған келісімшартта жер қойнауын пайдалану құқығының ортақ иелерінің бірінің осындай қатысушыға келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша шешімдерді айқындауға мүмкіндік беретін үлес шамасы түсініледі.
11. Рұқсат беруден бас тартуға өтініш иесі сот тәртібімен дау айтуы мүмкін. Осы баптың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес рұқсат беруден бас тарту себептері түсіндірілместен ресімделеді.
12. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына рұқсат жер қойнауын пайдалану құқығындағы берілетін үлестің және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің шекті көлемін, сондай-ақ сатып алушы тұлғаға нұсқауды қамтуға тиіс.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды айналымға шығаруға рұқсат шығаруды жүзеге асыру жоспарланатын ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығын көрсетуді және бір немесе бірнеше мәміле жасасу арқылы оның шегінде шығару жүзеге асырылуы мүмкін акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың санын қамтуға тиіс.
Осы Кодекстің мемлекеттің басым құқығы туралы ережелері қолданылған жағдайда рұқсат жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы бойынша мәмілелердің бағасын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу бойынша мәмілелердің бағасын және оларды төлеу тәртібін қосымша қамтуға тиіс.
13. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат бір жыл мерзімге беріледі. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаған жағдайда өтініш иесі құзыретті органға жаңа рұқсат беру жөнінде жүгінеді.
46-бап. Мемлекеттің басым құқығын іске асырудың тәртібі
1. Қазақстан Республикасының мүдделері үшін басым құқық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның шешімі негізінде ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания арқылы іске асырылады.
2. Басым құқықты іске асыру туралы мәселе осы Кодекстің 44-бабының 1-тармағында көзделген рұқсат беру туралы мәселені қараумен қатар құзыретті органның қарауына жатады. Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау тәртібін құзыретті орган айқындайды.
Мемлекеттің басым құқығын іске асыруы туралы мәселені қараған кезде тұлғаның құзыретті органға жіберген өтініші құзыретті органға берілгеннен кейін үш ай ішінде кері қайтарып алуға немесе қайта қарауға жатпайды.
Егер өтінішті қарау кезеңінде жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысу бағасы туралы немесе оны төлеу тәртібі туралы шарттар өзгеретін болса, өтініш иесі құзыретті органды осындай өзгеріс туралы жазбаша хабардар етеді. Бұл жағдайда өтінішті қарау мерзімі хабарланған күннен бастап қайта есептеледі. Мұндай хабарлама болмаған жағдайда құзыретті орган бастапқыда өтініште көрсетілген, жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысу бағасы туралы және оны төлеу тәртібі туралы шарттарды ескере отырып, өтінішті мәні бойынша қарайды.