2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілу орны мен күні туралы барлық кредиторларға хабарлауға;
7) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыруға және өткізуге;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 71-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
71-бап. Оңалтуды басқарушының өкілеттігі
1. Оңалтуды басқарушы:
1) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкер туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
2) кредиторлар жиналысының келісімімен кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер жасауға;
3) кредиторлар жиналысының келісімімен борышкердің шығыстарын, оның ішінде борышкер жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарын ұлғайтуға алып келетін шешімдер қабылдауға;
4) кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға;
5) ақпараттық жүйені қолдана отырып, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен кредиторлар жиналысы мен кредиторлар комитетінің, уәкілетті органның әрекеттеріне шағым жасауға құқылы.
2. Оңалтуды басқарушы тағайындалған күннен бастап және соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін оңалтуды басқарушы:
1) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге;
2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген әрекеттерді жасауға;
3) оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен осы Заңның 82-бабының 2-тармағында көзделген негіздердің бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа жүгінуге;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін оңалтуды басқарушы:
1) борышкер мүлкін басқаруға қабылдауға және борышкер мүлкін қорғау мен бақылауды қамтамасыз етуге;
2) оңалту жоспарының орындалуын қамтамасыз етуге;
3) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге;
4) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішхатты кредиторлар жиналысында келісілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей сотқа жіберуге;
5) кредиторлар комитетінің мүшелеріне осы Заңның 27-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабарлама жіберуге;
6) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген әрекеттерді жасауға;
7) осы Заңның 7-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген адам жасаған мәмілелерді анықтауға және сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану не мүлікті қайтару туралы талап қоюға;
8) әр айдың 15-күнінен кешіктірмей алдыңғы айдағы қаржылық жағдай, жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты беруге;
9) уәкілетті органға оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде беруге;
10) борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрау салуы негізінде өз қызметінің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы толық ақпаратты оны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей беруге;
11) бұрын оңалту рәсімінде борышкерді басқаруды борышкер - дара кәсіпкер не борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген орган немесе тұлға не шеттетілген оңалтуды басқарушы жүзеге асырған жағдайларда, оңалту кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер жасау фактілерін анықтауға;
12) оңалтуды басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға соңғысы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
13) осы Заңның 82-бабының 1-тармағында, 83-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда және тәртіппен оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;
14) сот оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, банкроттықты басқарушыға тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде - құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он жұмыс күні ішінде - есепке алу құжаттамасын, жиырма жұмыс күні ішінде банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
4. Егер борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлық берешектің жалпы сомасының бес пайызынан асып түссе, оңалтуды басқарушы борышкердің жаңа ақшалай міндеттемелерінің туындауына алып келетін әрбір кейінгі мәмілені кредиторлар жиналысының келісімімен жасайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
72-бап. Оңалту рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
1. Уақытша әкімші оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру үшін жібереді.
Кредиторлардың талаптарын қабылдауды уақытша әкімші борышкердің орналасқан жері бойынша не әкімші ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламада өзі көрсеткен әкімшінің тіркелген орны бойынша жүзеге асырады.
Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Борышкердің интернет-ресурсы болған кезде көрсетілген интернет-ресурста хабарды жариялау міндетті болып табылады.
2. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей өздері мәлімдеуге тиіс.
Кредиторлардың талаптарында:
1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбы мен өзге де айыппұл санкцияларының, залалдар сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтер қамтылуға тиіс. Талап сомасы көрсетілген талап мәлімделген күнге айқындалады;
2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген, кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуға тиіс.
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсыныла отырып, талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышты мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.
Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды да ұсынуға құқылы.
Егер сыйақы (мүдде) және залалдар бойынша осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген талап сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге өзгерсе, онда кредитор сот осындай шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген өзгерісті ескере отырып, өзінің талаптарын қайта мәлімдейді.
Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен ескеріледі.
3. Кредитордың осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
4. Кредиторлардың талаптарын уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы олар мәлімделген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Қарау нәтижелері бойынша танылған талаптар кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізуге жатады.
Кредиторлардың бұрын сотқа өздері мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, кредитордың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне осы Заңның 90-бабының 7-тармағында көзделген талаптар енгізілмейді.
5. Кредиторлардың оңалту рәсiміне қатысуына байланысты шығыстары орнын толтыруға жатпайды.
6. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (талапты толық көлемде немесе бір бөлігін тану немесе танымау себептерін көрсете отырып танымау туралы) уақытша әкімші шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігін) тану туралы хабарламада уақытша әкімші кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілетін күнін, уақытын, орнын және күн тәртібін көрсетуге міндетті.
Уақытша әкімшінің шешімімен келіспеген кезде кредитор уақытша әкімшінің хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оңалту туралы істі қарайтын сотта оған шағым жасауға құқылы.
7. Уақытша әкімші тағайындалған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша қалыптастыруға және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жіберуге міндетті.
Уәкілетті орган уақытша әкімшіден кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізіледі.
8. Кредитор кредиторлар талаптарының тізілімі жарияланған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде басқа кредиторлар талаптарының мөлшері мен негіздеріне шағым жасауға құқылы.
73-бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Оңалту жоспарында борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі нақты іс-шаралар (оңалту шаралары) және осы Заңның 77-бабының 2-тармағында көрсетілген кредиторлар талаптарын қанағаттандыру графигі қамтылуға тиіс.
Оңалту жоспарының үлгілік нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің оңалту жоспары - тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала құраушы заңды тұлғалардың оңалту жоспары - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органымен келісіледі.
Ұсынылған оңалту жоспарын осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген келісетін мемлекеттік органдар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Оңалту жоспарын борышкер оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде кредиторлармен және оңалтуды басқарушымен бірлесіп әзірлеуге тиіс.
Әзірленген оңалту жоспары бір кезектегі кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың тең шарттарын көздеуге тиіс.
3. Оңалту жоспарын іске асыру мерзімі бес жылдан аспауға тиіс.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Оңалту шаралары санацияны, электрондық аукцион өткізу жолымен мүлікті сатуды, қаржы лизингін, борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруді, факторингті, реверсивті факторингті, борыштың бір бөлігін кешіруді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға алмастыруды, бітімгершілік келісімін жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін.
Осы Заңның мақсаттары үшін қаржы лизингі деп өзіне қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкер, лизинг беруші және лизинг нысанасын сатушы арасында жасалған үшжақты шарт түсініледі, мұнда лизинг беруші сатушыдан меншікке сатып алынған және шартта келісілген лизинг нысанасын борышкерге белгілі бір төлемақыға және белгілі бір шарттарда кемінде үш жыл мерзімге уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер оңалту жоспарында ақша көзі ретінде қарыздар (микрокредиттер) алу қамтылса, оңалту жоспарына қарыз (микрокредит) алуға шарт қоса беріледі.
6. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспары - тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала құраушы заңды тұлғалар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиiстi жергілікті атқарушы органымен келiсiлуге тиiс.
Ұсынылған оңалту жоспары он жұмыс күні ішінде қаралады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Борышкер оңалту жоспарын кредиторлар жиналысы мақұлдағаннан кейін осы Заңның 59-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа ұсынуға міндетті.
10. Кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспары ұсынылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде сот ұйғарымымен бекітіледі.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Сот:
1) егер оңалту жоспарына қарсы дауыс берген кредитор сотқа оңалту жоспарында іске асырылуы осындай кредитордың талаптарын банкроттық рәсімін қолдануға қарағанда аз көлемде қанағаттандыруға алып келетін іс-шаралардың қамтылғандығы жөнінде негіздеме ұсынған;
2) осы Заңның 26-1-бабының талаптары сақталмаған жағдайларда, оңалту жоспарын бекітуден бас тартады.
11-1. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымында:
1) оңалту жоспарын бекіту туралы;
2) оңалту рәсімін аяқтау және қорытынды есеп ұсыну мерзімдері туралы;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) борышкерді басқару құқығының оңалтуды басқарушыға өтуі туралы;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) борышкердің оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде - оңалтуды басқарушыға құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде - есепке алу құжаттамасын, екі ай ішінде материалдық және өзге де құндылықтарды беруі туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.
Кредиторлар жиналысы борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті оңалтуды басқарушыға осы Заңның 69-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен жүктеген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігі 3) және 4) тармақшаларының ережелері қолданылады.
74-бап. Борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруі
Оңалту жоспарында борышкердің талап ету құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін электрондық аукционда сату арқылы осы талаптарды басқаға беруі көзделуі мүмкін.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 75-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі өкілеттігі
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша әкімші кредиторлар талаптарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін оңалту туралы істің сотта қаралу кезеңінде өткізеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Кредиторлардың алғашқы жиналысының құзыретіне:
1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті борышкер - дара кәсіпкерге не борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктеу туралы шешім қабылдау;
2) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау;
3) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген жағдайларда оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу мөлшерін айқындау;
4) борышкер - дара кәсіпкердің не борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, осындай органның немесе тұлғаның ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;
5) уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген қаржылық орнықтылық туралы қорытындыны жасаған жағдайда оңалту рәсімін қолдануды келісу жатады.
2. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:
1) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) кредиторлар комитеті құрамының санын айқындау және осы құрамын, кредиторлар комитетінің төрағасын бекіту;
4) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу;
5) оңалту жоспарын келісу;
6) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
7) оңалту рәсімінің мерзімін ұзартуға келісім беру;
8) кредиторлар комитеті мүшелерінің оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты кредиторлардың назарына жеткізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
9) өзге де мәмілелерді кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс жасалатын мәмілелер санатына жатқызу;
10) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) қаржы лизингі шартын жасасуға келісім беру;
11) борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалары тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау;
13) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен өзіне жүктелген жағдайларда, оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін айқындау;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) оңалтуды басқарушы оңалту рәсімінің мақсатына қол жеткізген жағдайда оған қосымша сыйақы мөлшерін айқындау;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) борышкер - дара кәсіпкердің не борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, осындай органның немесе тұлғаның ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) оңалтуды басқарушының қорытынды есебін келісу;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) кредитордың кредиторлар жиналысына қатыспауының себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;
17) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Кредитор оңалту рәсімін жүргізу барысында борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты оңалтуды басқарушыдан сұратуға құқылы.
76-бап. Кредиторлар комитетінің оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
Кредиторлар комитетi мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетiнің мүшелерi арасынан кредиторлар өкiлiн сайлайды;
2) оңалтуды басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы және оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат беруді талап етеді;
3) уәкілетті органға және (немесе) сотқа оңалтуды басқарушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданады;
4) кредиторлардың талаптарын есепке жатқызу туралы шешім қабылдайды;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) дебиторлық берешекті сату немесе факторинг шартын жасасу туралы шешім қабылдайды;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) оңалтуды басқарушының реверсивті факторинг шартын жасасуына келісім береді;
5) аудиторлық тексерудің және түгендеудің нәтижелерін назарға алады;
6) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) оңалту жоспарында көзделгендерді қоса алғанда, борышкердің мүлкін кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс сату тәртібін айқындайды;
8) оңалту рәсімін жүргізу үшін әкімшілік шығыстардың сметасын және тартылатын қызметкерлердің санын бекітеді;
9) оңалтуды басқарушымен шарт жасасады және оны бұзады;
10) санацияға қатысушының оңалтуды басқарушымен келісімін бекітеді;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылды
10-1) оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлғаны шеттету мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
10-2) осы Заңның 82-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша оңалту рәсімін тоқтату мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
10-3) борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасау қажеттігі туралы шешім қабылдайды;
11) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 77-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
77-бап. Борышкердің міндеттемелері бойынша есеп айырысу
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап орындалу мерзімі оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде басталған мынадай:
1) моральдық зиянның орнын толтыру жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі, сондай-ақ жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу жөніндегі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жөніндегі, қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу жөніндегі;
3) мәмілелерден, оның ішінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлға жасасқан мәмілелерден туындаған;
4) соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін борышкер салықтық есептілікке сәйкес есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер борышкердің орындауына жатады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)