2-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша «кандидатураны» деген сөзден кейін «жұмыс тобы мен» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «анықтама ұсынылады.» деген сөздер «анықтама;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.»;
екінші бөліктегі «Қоғамдық кеңес» деген сөздер «Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоғамдық кеңес төрағасының өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда жаңа төраға сайланғанға дейін оның өкілеттіктері Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша төралқа мүшелерінің біріне беріледі.»;
7) 13-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы отырыста Қоғамдық кеңестің төрағасы, төралқасының құрамы, Қоғамдық кеңес комиссияларының құрамдары ашық дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен сайланады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары, мерзімдері мен тәртібі, отырыстардың күн тәртібі, шешімдер қабылдау тәртібі және отырыстарды өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде айқындалады.»;
8) 19-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) азаматтардың жеке немесе ұжымдық жолданымдарын, оның ішінде электрондық құжат нысанында беру;».
12. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
«13-2) ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 9-баптың 3-тармағындағы «Қорғаныс министрлігін» деген сөздер «Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін» деген сөздермен ауыстырылсын»;
3) 10-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ашық отырыстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын сақтау;»;
4) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Ашық отырыстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық атқарушы органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстары жабық отырыстарды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың отырыстарын қоспағанда, ашық және ақпарат пайдаланушыларға қолжетімді болып табылады.
2. Қол жеткізу шектелген ақпарат санатына жататын мәселелерді қарау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда отырыстар ақпарат пайдаланушылардың қатысуынсыз жабық режимде өткізілуі мүмкін.
3. Ақпарат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына қол жеткізу тәртібі олардың регламенттерінде айқындалады.
Ақпарат пайдаланушылардың орталық атқарушы органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстарына қол жеткізу тәртібі ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бекітетін ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларында айқындалады.
4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдары ашық отырыстарды, ал мемлекеттік органдар - жыл қорытындысы бойынша өткізілетін алқаларды онлайн режимде трансляциялауды қамтамасыз етеді.»;
5) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты
Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, ақпаратқа қол жеткізуді және ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған ең төмен талаптар жүйесі ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты болып танылады.».
13. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
25-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «және (немесе)» деген сөздер «және» деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 2 қазан
№ 31-VІІІ ҚРЗ