5. Тиісті орталық мемлекеттік органдар сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді бөлуді уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тиісті орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, квоталар мөлшерін және квотаның қолданылу мерзімін айқындайды.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі
1. Рұқсаттар барлық өтiнiш берушiлерге шектеусiз берiледi.
2. Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға:
жазбаша өтініш;
бiр данада қағаз жүзiнде белгiленген үлгiдегi рұқсаттың жобасын және оның электрондық көшiрмесiн ұсынады.
3. Рұқсат өтініш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде берiледi.
4. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат берiлген күнтiзбелiк жылмен шектеледi.
5. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
6. Берiлген рұқсатты басқа өтiнiш берушiлерге қайта ресiмдеуге болмайды.
7. Рұқсат жоғалған жағдайда өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган үш жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың телнұсқасын бередi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Қарсы шаралар
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, егер шетел мемлекеті:
1) Қазақстан Республикасына қатысты халықаралық шарттар бойынша өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаса;
2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін бұзатын шаралар, оның ішінде қазақстандық тауарлардың шетел мемлекетінің нарығына шығуын негізсіз жабатын немесе өзгеше түрде оларды негізсіз кемсітетін шаралар қолданған жағдайда қарсы шаралар енгізуге құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүдделерін тиімді қорғау үшін қажетті, осы баптың 1-тармағында көзделген қарсы шараларды енгізуге құқығы бар.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 18-3-баппен толықтырылды
18-3 бап. Тыйым салулардың және шектеулердің ерекше түрлері
1. Сыртқы сауда қызметі қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес халықаралық санкцияларға қатысу үшін қажетті шаралармен, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралармен шектелуі мүмкін.
2. Сыртқы қаржылық жағдайды қорғау және төлемдік теңгерімнің тепе-теңдігін қолдау мақсатында сыртқы сауда қызметін шектеу шаралары, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралар енгізілуі мүмкін.
19-бап. 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық
1. Тауарлар жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi орган экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берiлетiн тауарлардың тiзбесiн, сондай-ақ жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушыларды тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстарының негізінде бекiтедi.
3. 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау)
Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.
2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану
Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында айқындалады.
5-тарау. Сауданың өзге түрлері
23-бап. Аукциондық сауда
1. Тауарларды сату жөніндегі аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық жасау кезіндегі тауардың рыноктық құнына орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды.
2. Аукциондық сауда жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
24-бап. Комиссиялық сауда
Комиссиялық сауда Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
25-бап. Тапсырыс бойынша сауда
1. Тапсырыс бойынша сауда сатушының тауар туралы жарнама және ақпарат таратудың өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық (стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты) жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың жинақталымын қамтуы мүмкiн.
2. Тапсырыс бойынша сауда осы қызмет субъектiлерiнiң тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында, телефон немесе почта тапсырысы бойынша тапсырыс беру және (немесе) оны қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
3. Тапсырысты қабылдау және оны орындау жөніндегі қызмет көрсету бағасы, ақы төлеу тәртібі, жеткізу мерзiмi шартпен айқындалады.
4. Тауарды елдi мекен шегiнде жеткізу қолма-қол жүзеге асырылады, тауарларды басқа орындардан жеткізу көлiк немесе почта ұйымымен шарт жасасу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тауар басқа елдi мекеннен жеткiзiлген жағдайда тауар үшiн есеп айырысуды, сондай-ақ көлiк немесе почта ұйымы көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi сатушының агентi жүзеге асырады.
5. Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.
26-бап. Шекара маңындағы сауда
1. Шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттiң тиiстi шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен шектес мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттармен белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-бап. Көшпелi сауда
1. Көшпелi сауда тиістi аумақта жоқ тауарларға қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн не осы аумақта сауда объектiлерi болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Сауда қызметiнiң субъектiлерi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары белгiлеген арнайы бөлiнген орындарда жүзеге асырады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Көшпелi сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) жүзеге асырылады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Көрме-жәрмеңке қызметі
1. Көрме-жәрмеңке қызметі нарықтың конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жасасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңке қызметі тауар үлгілерін көрсетумен байланысты.
2. Жергілікті атқарушы органдар, жеке немесе заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызды мәртебесі бар көрмелер мен жәрмеңкелер өткізген жағдайда оларды өткізу көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасын уәкілетті органмен алдын ала келісу жолымен жүзеге асырылады. Көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасында болжалды ұйымдық және қаржылық ресурстар мен ықтимал қатысушылар туралы мәліметтер болуға тиіс.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар халықаралық мамандандырылған көрмеге қолданылмайды.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға өз қызметінің мақсатына қол жеткізу үшін мынадай функцияларды орындайды:
1) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
2) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге тікелей байланысты іс-шараларды қаржыландыруды, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілерінің құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның жарғысында көзделген өзге де функциялар.
5. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым:
1) орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты сұратуға;
2) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу мәселелерін қозғайтын шешімдер қабылдауға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды олармен жасалған өтеусіз шарттар негізінде Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге қатысу үшін волонтерлер ретінде тартуға құқылы.
6. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізілген заңды тұлғалар да жатады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-бап. Электрондық сауда
1. Электрондық сауда уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру
1. Офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде:
1) офертаға шарттың маңызды талаптарын енгізуге немесе оларды айқындау тәртібін көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды енгізуге;
2) шартты жасасу тәртібі туралы ақпаратты ұсынуға;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен шот-фактураны жазып беруге, сондай-ақ «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелерін беруге міндетті.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Электрондық сауда мәмілелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Электрондық сауда делдалы ақпараттық ресурстардағы қамтылған ақпараттың тұтастығын және құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Электрондық сауда делдалының:
1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарламаларда қамтылған ақпаратты жария етуге;
2) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды, электрондық хабарламаларды немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде олардағы қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге;
3) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды немесе электрондық хабарламаларды не оларды пайдалану тәртібін өзгертуге құқығы жоқ.
5. Сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде электрондық ақпараттық ресурстарды сақтауды, оның ішінде электрондық саудадағы делдал арқылы сақтауды ұйымдастырады.
30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау
Биржалық сауда Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 6-тарау өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 6-тарау жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. Сауда қызметi субъектiлерiне және тауарларға қойылатын талаптар
31-бап. Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар
1. Сауда қызметi субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
1) тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;
2) тауарларды тиісінше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға;
3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi және талаптар қою тәртібі, өнiмдi пайдалану, оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы, ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын, оған қоса берілетін құжаттар ресiмделген жағдайда, сол сияқты сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) орналасқан жерi мен өзге де реквизиттері туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге;
4) сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетімді жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруға;
5) сатып алушыда тауарлардың массасы мен ұзындығына қатысты күмән туындаған жағдайларда, оған бақылау-өлшеу құралдарының көмегiмен аталған сипаттамаларды өз бетінше тексеру мүмкiндiгiн беруге;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестiгі міндетті расталуға жататын тауарларды сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестік сертификатын (белгіленген үлгідегі бланкілердегі көшірмесін) не сәйкестік туралы декларацияны көрсетуге;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тауарларды көтерме саудада сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестiк сертификатын не сәйкестiк сертификаты көшірмесінің берілген күнін көрсете отырып, сәйкестiк сертификатының тауарларды беруші болып табылатын заңды тұлға басшысының немесе құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе дара кәсіпкердің мөрімен және қолымен расталған көшірмесін не сәйкестiк туралы декларацияны көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiп пен жағдайларда фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға;
8) осы Заңның 32-бабында белгiленген қауiпсiздiк талаптары мен нормаларына сай келмейтiн тауарды айналымнан алып тастауға, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тұтынушыдан сатылған тауарды оның құнын өтей отырып, қабылдап алуға;
9) мемлекеттік органдардың белгiленген тәртiппен шығарылған ұйғарымдарын орындауға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
2. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асырушы сауда қызметі субъектілеріне тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы шарт жасасудан көрінетін және:
1) сауда қызметі субъектісіне осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптармен басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
2) тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасасатын шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптармен тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуіне тыйым салынады.
3. Сауда қызметі субъектілеріне нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, осы Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін бұзуға тыйым салынады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтары бұзылған кезде сауда қызметі субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
5. Егер сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі мен өнім беруші арасында сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнінде қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісіне мұндай тауарларды бергеннен кейін белгілі бір уақыттан соң оларға ақы төлеу талабымен тауарлар беру шарты жасалған жағдайда, осы шартта белгілеу үшін мұндай тауарларға ақы төлеу мерзімі мынадай қағидалар бойынша айқындалады:
1) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі жарамдылық мерзімі күнтізбелік он күннен кем болып белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс;
2) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, жарамдылық мерзімі күнтізбелік он және одан да көп күн болып белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс.
6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде тауарларға ақы төлеу тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарына, нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөніндегі міндеттерін орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 31-1-бап жаңа редакцияда (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-1-бап. Сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi - дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
1. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегi, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтiзбелiк ай шегiнде күнтiзбелiк үш күннен асатын мерзiмге жалға (пайдалануға) берген кезде жалға беру (пайдалану) жазбаша шартын жасауға міндетті. Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шартында:
1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);
2) жалға алушы - дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы;
3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнi;
4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрi;
5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) және жасасқан күнi;
6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның кезеңі;
7) жалға беру төлемінің сомасы және (немесе) өтелетін шығыстар сомасы;
8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсаты;
9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жері;
10) жалға берушінің және жалға алушының қолы және мөрі (ол болған кезде);
11) шартқа сәйкес өзге де талаптар міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
2. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беруші дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жүргізуге және оны салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.
32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар
1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құжаттарға, техникалық шарттарға сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады.
2. Тауарлардың сапасы туралы мәліметтер:
1) дайындаушының тауар белгісі;
2) тауардың шыққан елі;
3) тауардың құрамы туралы;
4) азық-түлік тауарлары үшін - тамақ құндылығы;
5) дайындалған күні;
6) сақтау және жарамдылық мерзімі туралы;
7) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың аталуы;
8) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.
Тауардың сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде жапсырмаларда, затбелгілерде, қосымша парақтарда болуға тиіс.
Тауарлардың сақталуы және тасымалы олардың сапасының сақталуы және тұтыну үшін қауіпсіздік талаптарының сақталуы, оның ішінде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтаудың көзделген шарттарға, осы мақсаттар үшін арнайы арналған көлік құралдарында тасымалдау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға және белгіленген жағдайларда мұндай талаптардың сақталуы тиісті құжаттардағы жазбалармен расталуға тиіс.
3. Мыналарды:
1) айналыстан алынған тауарларды;
2) арнайы рұқсат алынбастан, айналыс қабілеті шектелетін тауарларды;
3) белгіленген тәртіппен таңбалауға жататын акциздік таңбалары немесе есепке алу-бақылау таңбалары жоқ акцизделетін тауарларды;
4) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдардың келісуі бойынша уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарларды;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) аталған тауарларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының нысанды киім-кешегінің заттарына жататын тауарларды;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды
4-3) қолданылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау құралдарын;