2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тасымалдаушыдан немесе тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттауды, бейне- және аудиожазуды, киноға- және фотоға түсіруді жүргізеді.
2. Салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру тәртібін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киіп жүруге құқығы бар жұмыскерлердің тізбесін бекітеді.
3. Мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекрарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары:
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
4) тармақша 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;
6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
7) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-2) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекітеді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Ішкі сауда саласында баға белгілеу
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды.
Тауар бағасы Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт жағдайларында оны өткізу кезінде теңгемен көрсетіледі.
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.
Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бірнеше өндірушіден немесе көтерме сауда арқылы берушіден болған жағдайда, неғұрлым төмен құны бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган ішкі сауда субъектілерімен консультациялар өткізгеннен кейін күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін артттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
3-тарау. Iшкі сауда
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi
1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Стационарлық сауда объектілері:
сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, сауда алаңы он мың шаршы метрден асатын сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 1-санатты;
сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, сауда алаңы екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 2-санатты;
сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 3-санатты;
сауда, қосалқы үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 4-санатты;
сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден аз сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 5-санатты сауда объектілері болып бөлінеді.
Стационарлық сауда объектілерінің түрлерін және оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Стационарлық емес сауда объектілері мыналарға бөлінеді:
1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
2) жылжымалы сөре - арнайы бөлінген орынға орналастырылатын сауда орнын білдіретін тасымалды уақытша құрылыс (конструкция);
3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
4) шатыр (павильон) - бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жеңiл құрылатын құрылыс;
5) дүңгiршек - бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс.
Тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Сауда базарлары өткізетін тауарларына байланысты:
1) әмбебап;
2) мамандандырылған болып бөлінеді.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2025 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылады)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-3-тармақтың қолданысы 2018 ж. 8 маусымнан бастап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданысы тоқтатылды
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданысы тоқтатылды
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2023 ж. 1 қаңтар - 2025 ж. 31 желтоқсан аралығында тоқтатылды
2-3. Әмбебап сауда базары сауда орындары әртүрлі топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады:
астананың, республикалық маңызы бар қаланың аумағындағы сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілері орналасуы мүмкін бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады;
облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің немесе ауылдың аумағындағы сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерінен тұрады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-4-тармақпен толықтырылады (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-5-тармақпен толықтырылды
2-5. Мамандандырылған сауда базары сауда базарының жалпы санынан олардың жетпіс және одан да көп пайызы бір топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады.
Мамандандырылған сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерін білдіреді.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-6-тармақпен толықтырылды
2-6. Сауда базарлары:
1) сауда орындары орналастыру схемасына сәйкес жабдықталуға, әкімшілік-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және жалпы пайдаланатын орындармен жабдықталуға;
2) шолуға арналған қолжетiмдi орындармен жабдықталуға тиіс, онда:
сауда базарындағы сауда орындарын орналастыру схемасын қамтитын ақпарат;
авариялық немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау схемасы;
сауда орындарын жалға беру (пайдалану) тәртібі туралы және шарттары туралы ақпарат;
бос сауда орындарының болуы-болмауы туралы ақпарат;
сауда орындарын жалға беру (пайдалану) жөніндегі келіссөздерді жүргізуге уәкілетті тұлғаның байланыс (телефон нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы) деректері;
Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген ақпарат орналастырылады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-7-тармақпен толықтырылды; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2023 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 2-7-тармақ жаңа редакцияда
2-7. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес қызметінің негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру, мұндай объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың жұмысын ұйымдастыру болып табылатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар:
1) ішкі сауда субъектілері мен олардың әкімшілігінің жұмыскерлері үшін ірі сауда объектісінің, сауда базарының жұмыс режимін қамтитын жұмыс регламентін бекітеді;
2) ішкі сауда субъектілеріне сауда объектілері мен сауда инфрақұрылымына тең қолжетімділік береді;
3) ішкі сауда субъектілеріне ірі сауда объектілері, сауда базарлары беретін қосымша көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бар болса) бекітеді;
4) сауда объектілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін) назарына жеткізеді;
5) ақпараттық жүйеде тіркеледі, оған қол жеткізе алады және өз қызметін ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады;
6) ақпараттық жүйеде жалға алу шарттарын жасасады немесе оларға өзгерістер енгізеді;
7) сауда инфрақұрылымын құрады және жаңғыртады;
8) ірі сауда объектісінің, сауда базарының аумағындағы көтерме және бөлшек саудада сату аймағының аражігін ажыратады;
9) аумақтарында техникалық жағдайлар болған кезде сауда базарларында автодүкендерден сауданы ұйымдастырады;
10) сауда орнын жалға алғаны (пайдаланғаны) үшін төлемді ақпараттық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен не екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге шот жазып беру жолымен қабылдауды қамтамасыз етеді.
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 2-8-тармақпен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-8-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-8. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, жабдықталуына және жарақтандырылуына қойылатын талаптарды сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi.
4. Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды.
5. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады.
6. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
11-бап. Көтерме сауда
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Көтерме сауда стационарлық сауда объектілерінде және сауда базарларында жүзеге асырылады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнің және нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтауды, сондай-ақ тауарларды тасымалдауға, сақтау мен сатуға қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.
12-бап. Бөлшек сауда
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс.
3. Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады.
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда уәкілетті орган айқындаған тәртiппен реттеледi.
Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасының ережесін қара
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Бөлшек сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген орыннан тыс жүзеге асыруға тыйым салынады.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Жаппай сату және арзандатылған тауарды өткізу тәртібі iшкi сауда қағидаларында белгіленеді.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Қоғамдық тамақтандыру
1. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi өз өнiмдерiн, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларын өндiрудi, өңдеудi, өткізудi және тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
2. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде келушiлерге дастархан мәзiрiн ұсыну мәзiрде көрсетiлген қоғамдық тамақтандыру тауарларын бөлшек сатып алу-сату шартын жасауға ұсыныс (жария оферта) болып танылады.
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 10-бабының 3-тармағында белгiленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар ішкі сауда қағидаларында айқындалады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Ішкі саудадағы сатып алу-сату шарты
1. Сатып алу-сату шартын жасау тәртібі мен талаптары, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылардың құқықтары мен мiндеттерi осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және өзге де заң актілеріне сәйкес айқындалады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде қандай да бiр тауарды сату кезiнде тұтынушының жасына қарай шектеу белгiленсе, егер ол өзінің жасын растайтын құжатын көрсетпесе, онда сатушы тауар сатудан бас тартуға мiндеттi.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тауарларды көтерме сатып алу-сату шарты тауар беру шартының бiр түрi болып табылып, онда ішкі сауда субъектiлерi тауарларды сауда объектiлерiнен өткізеді.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу
14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
1) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
2) сауда қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыру;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ішкі сауда субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;
4) электрондық сауданы дамыту;
5) шекара маңындағы сауданы дамыту;
6) отандық сауда желілерін дамыту;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) ішкі сауда субъектілерінің іскерлік белсенділігін сауда қызметі саласында көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру және өткізу арқылы ынталандыру.
2-тармақ 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ішкі сауданы дамытуға бағытталған іс-шаралар уәкілетті орган бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері ескеріле отырып әзірленеді.
14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері өңірлердің аумақтарының қала құрылысы жоспарларының (аудандық жоспарлау жобасы), елді мекендердің бас жоспарларының кешендік схемаларын әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.
2. Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді.
3. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлеу кезінде елді мекендердің санаттары, елді мекендегі халықтың құрылымы мен тығыздығы ескерілуге тиіс.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-тарау жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Сыртқы сауда қызметі
15-бап. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-1-бап. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу
1. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына мыналарды:
1) кедендік баждарды;
2) тарифтік жеңілдіктерді;
3) тарифтік преференцияларды;
4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.
2. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді береді.
Егер бірлескен актілерді қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, ақпарат осындай нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын тәртіппен беріледі.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерінде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, әкелу кезінде тауарлардың нысаналы мақсатына растама берілуі қажет болатын жекелеген тауар түрлеріне қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану мақсатында уәкілетті орган немесе өзге де мемлекеттік органдар тауардың нысаналы мақсатына растама береді.
Тауарлардың нысаналы мақсатын растауды уәкілетті орган немесе уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіпке сәйкес және нысан бойынша өз құзыреті шегінде уәкілетті орган немесе мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Тарифтік квоталар
1. Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдай жасау және отандық және шетелдік тауарлардың ұтымды арақатынасын сақтау мақсатында уәкілетті орган:
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге немесе әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілейді;
2) бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды.
Уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөледі.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әкелуіне немесе әкетуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган белгілейді.