Операция жүргізу туралы шешім мынадай талаптар сақталған кезде:
1) шарт Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты құжаттарында көрсетілген кез келген тыйым салынған заттармен, материалдармен, жабдықпен, тауарлармен, технологиялармен, көмекпен, оқытумен, қаржылық қолдаумен, инвестициялаумен, брокерлік қызметпен немесе көрсетілетін қызметтермен байланысты емес;
2) төлем Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты қарарына енгізілген ұйым немесе тұлға тікелей немесе жанама алмаған жағдайда, қабылдануы мүмкін.
Уәкілетті орган операция жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетіне операция жүргізуге рұқсат беру ниеті туралы дереу хабарлама жібереді.
7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетін жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы хабардар етеді.
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды
Ескертпе.
Осы баптың мақсатында ұйым деп заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым да түсініледі.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
12-2-бап. Қайырымдылық ұйымдары мен діни бірлестіктерді терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан оларды қорғау жөніндегі шаралар
1. Ерікті қайырмалдықтарға жүгінетін қайырымдылық ұйымдары, сондай-ақ діни бірлестіктер шаралар қабылдайды, оларға сәйкес өздерінің әрекеті терроризмді қаржыландыру мақсаттарында пайдаланылмайды, сондай-ақ олар:
1) үшінші тұлғалардың өтініші бойынша не өз бастамасы бойынша қаржы мониторингі субъектілері арқылы төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруға;
2) сұрау салу бойынша уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жүргізілген операциялар туралы қаржылық есептілікті және анықталған тәуекелдер туралы ақпаратты беруге;
3) ақшамен және (немесе) міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын өзге мүлікпен жүргізілген операциялар, сондай-ақ құрылтайшылар (қатысушылар) туралы ақпаратты кемінде бес жыл сақтауға міндетті.
2. Қайырымдылық ұйымында, сондай-ақ діни бірлестіктерде терроризмді қаржыландыру мақсатында өздерін пайдаланғаны туралы күдік болған жағдайда, олар тиісті ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 12-3-баппен толықтырылды
12-3-бап. Заңды тұлғаның және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесін анықтау
1. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдауға және оларды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеуге міндетті.
2. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым:
1) өздерінің бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеруге;
2) жылына бір реттен сиретпей не өзгерістер енгізілген жағдайда, өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді жаңартып отыруға, сондай-ақ мұндай мәліметтерді құжаттық тіркеуге;
3) өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы, сондай-ақ өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты алған кезден бастап кемінде бес жыл сақтауға міндетті.
3. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым өзінің құрылтайшыларынан (қатысушыларынан), сондай-ақ заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылайтын тұлғалардан өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау және олар туралы мәліметтерді жаңарту үшін қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
4. Құрылтайшы (қатысушы) болып табылатын, сондай-ақ заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылайтын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым осындай заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау және олар туралы мәліметтерді жаңарту үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға міндетті.
2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым уәкілетті органның сұрау салуы бойынша бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.
Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсынбау, уақтылы ұсынбау, сондай-ақ анық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
6. Осы Заңда көзделген мақсаттарда және тәртіппен заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға беруі, банктік құпияны қоспағанда, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды.
Ескертпе.
Осы баптың мақсатында заңды тұлға деп, мемлекеттік мекеме мен квазимемлекеттік сектор субъектісін қоспағанда, ұйым түсініледі.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту және оларды тоқтата тұру
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға мiндеттi.
Осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, қаржы мониторингі субъектілері жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартуға және (немесе) іскерлік қатынастарды тоқтатуға міндетті.
Қаржы мониторингi субъектiлерi клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден, сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастар орнатудан бас тартуға және (немесе) іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Қаржы мониторингі субъектілері террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімі, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне ұйымның немесе тұлғаның енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде (осы Заңның 12-бабының 8-тармағында және 12-1-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде мынадай шараларды дереу қабылдауға:
осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің (банктік шоттарға қызмет көрсетуге байланысты операцияларды қоспағанда), тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
осындай ұйымдар мен жеке тұлғалардың банктік шотын пайдаланбай төлем немесе ақша аударымы бойынша нұсқауларды, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің, тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;
бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің, тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;
сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бөлігін және сақтандырушы брокерлік қызметтің қызметтерін көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сыйақыны қайтару бойынша операцияларды жүргізуден бас тартуға (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, туристі міндетті сақтандыруға байланысты операцияларды қоспағанда);
осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын (осындай тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызуды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді, аударуды қоспағанда), тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйым жасайтын не оның пайдасына жасалатын, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын өзге де операцияларды жүргізуден бас тартуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгенге дейін қаржы мониторингі субъектісімен жасалған шарттар бойынша мынадай операцияларға қатысты қолданылмайды:
1) банктік салым мерзімдерін ұзарту;
2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның банктік шотынан ақшаны банктік қарыз, лизинг шарттары немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді өтеу есебіне есептен шығару және аудару.
Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімдері, мемлекеттік кіріс органының билік ету шектелген мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден алып тасталғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу мақсатында қаржы мониторингі субъектілері операция күдікті ретінде танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті.
Қаржы мониторингі субъектілері ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған, жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар туралы хабарларды операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті органға береді.
Бұл ретте операциялар жасалған уақыт пен осындай операция күдікті деп танылған уақыт арасындағы айырмашылық қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауға тиіс.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарды алып, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде, егер қаржы мониторингінің субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабар уәкілетті орган жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны қоспағанда, күдікті операцияның жүргізілуін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген күдікті операция туралы хабарды алған соң жиырма төрт сағат ішінде, операция жүргізу туралы не операция жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қаржы мониторингі субъектілеріне электрондық тәсілмен жеткізеді.
Егер шешім қабылдау мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, одан кейінгі келесі жақын жұмыс күні шешім қабылдау мерзімі аяқталған күні болып есептеледі.
Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол күдікті операция туралы хабарды ұсынған қаржы мониторингі субъектісінің және мемлекеттік органның назарына электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізіледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті орган күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешім шығарғанға дейін осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес хабар берілген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүргізбейді.
Қаржы мониторингі субъектісі ақпарат хабарланған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде уәкілетті органның күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не осындай операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешімін алмаған жағдайда, егер осы операцияны жүргізуге кедергі келтіретін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге негіздер болмаса, операция жүргізілуге тиіс.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін береді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде шешім қабылдауға және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының тиісті шешімін алған кезден бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізеді.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан осы баптың 5-тармағына сәйкес берілген, аталған операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігі туралы шешім алынған жағдайда, уәкілетті орган осындай операцияның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарады.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
Уәкілетті орган банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының немесе электрондық ақшамен жасалатын операциялардың тоқтатыла тұруы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және осы шешімді берген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына хабарлайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Күдікті операцияны тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органның шешімі бойынша операция Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, осындай операцияны жүргізуге кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаған кезде жүргізілуге тиіс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Осы Заңға сәйкес ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту, оларды тоқтата тұру, сондай-ақ іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту немесе іскерлік қатынастарды тоқтату тиісті шарттардың (міндеттемелердің) талаптарын бұзғаны үшін қаржы мониторингі субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығына негіздер болып табылмайды.
Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды тоқтата тұру және оларды тоқтатып қою мұндай тоқтата тұру және тоқтатып қою салдарынан туындаған залал, оның ішінде қолдан шығарып алған пайда үшін мемлекеттік органдардың азаматтық-құқықтық немесе өзге де жауаптылығының туындауына негіз болып табылмайды.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау, ақпарат беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қабылдау, қаржы мониторингіне жататын операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және қабылдау, оның ішінде даярлау және оқыту бағдарламаларын орындау бөлігінде сақтауын мемлекеттік бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің АХҚО-ның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қолданыстағы құқығын сақтауын бақылауды АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген тәртіппен АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.
3-тарау. Уәкілетті органның құзыреті
15-бап. Уәкілетті органның міндеттері
Уәкілетті органның міндеттері:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) - 5) тармақшалары өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттік органдардың осы қызмет бағытындағы жұмысын үйлестіру;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйені құру және республикалық деректер базасын жүргізу;
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;