4. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті немесе жеткілікті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.
Клиенттер (олардың өкілдері) қаржы мониторингі субъектілеріне, бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Заңда көзделген міндеттерді олардың орындауы үшін қажетті мәліметтерді және құжаттарды беруге міндетті.
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілері осы бапта көзделген шараларды қабылдаған кезде өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанмен клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер алуды қамтамасыз етеді.
Бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді клиенттер (олардың өкілдері) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша береді.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты қаржы мониторингінің басқа субъектілері, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдары қолданған шараларға мынадай талаптар сақталған кезде сүйене алады:
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) шетелдік қаржы ұйымы қолданған, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттелуге және қадағалауға жататынын және осындай қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөнінде, осы баптың талаптарына ұқсас шаралар қабылдайтын, сондай-ақ тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл сақтайтынын белгілеуге тиіс.
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай қаржы тобының басқа қатысушылары қолданған, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға мынадай шарттар сақталған кезде сүйене алады:
1) осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар;
2) қаржы тобының қатысушылары тиісті қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтайды;
3) қаржы тобының жауапты ұйымы ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен тиісті қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асырады және қаржы тобы қатысушыларының оларды сақтауын қамтамасыз етеді;
4) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушысы болып табылатын қаржы мониторингі субъектісі клиентінің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы ақпаратты және құжаттарды осындай қаржы тобының басқа қатысушыларына беруге және олардың пайдалануына жазбаша түрдегі келісімінің болуы.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда және тәртіппен, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің дәрежесіне қарай қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген және жеңілдетілген шараларын қолданады.
Клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолдану қаржы мониторингі субъектісінің мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруын қамтиды:
1) клиент бойынша сәйкестендіру деректерін жаңарту жиілігін қысқарту;
2) іскерлік қатынастарды тексерудің және клиент осы қаржы мониторингі субъектісі арқылы жүзеге асыратын операцияларды зерделеудің жиілігін қысқарту;
3) операциялар сипаты негізінде іскерлік қатынастардың мақсаттары мен сипатын айқындау.
Қаржы мониторингі субъектісінде іскерлік қатынастардың не клиент жасайтын операцияның мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру болып табылатындығы туралы пайымдауға негіз болған кезде, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі жағдайларында клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылмайды.
Клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану кезінде қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады:
1) жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау;
2) одан әрі тексеруді талап ететін операцияларды тексерудің және олардың сипатын анықтаудың саны мен жиілігін арттыру;
2-1) қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер алу;
3) ұйымның басшы қызметкерінен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнатуға, жалғастыруға рұқсат алу.
Клиенттерді (оның өкілдерін), бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі кезінде қолданылады.
Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің төмен деңгейі кезінде қолданылады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингінің басқа субъектілерін қоса алғанда, өзге адамдарға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды осындай адамдармен жасалатын шарттар негізінде қолдануға құқылы.
Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі:
1) осындай адамның шарт талаптарын ескере отырып, қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге;
2) растау құжаттарының көшірмелерін қоса алғанда, осындай адамнан клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді уақтылы алуды қамтамасыз етуге;
3) осындай адамның қаржы мониторингі субъектісін ішкі бақылау қағидаларын, сондай-ақ осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауын бақылауды мерзімділік негізде жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өзге адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда осындай қаржы мониторингі субъектілерінің атынан қаржылық қызметтерді көрсету шарттарын жасасуға құқық беру жағдайларына да қолданылады.
Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі осындай адамның осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы үшін жауапты болады.
Шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымына осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың ықтимал тәуекелдерін ескеруге міндетті.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Қаржы мониторингі субъектілеріне іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатуға, егер:
1) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылса;
2) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі өздеріне қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар қолданылатын белгіленген тұлға немесе ұйым болып табылса;
3) клиент сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйақысы және (немесе) сақтандыру төлемдері банктік шоттар арқылы жүзеге асырылатын электрондық нысандағы сақтандыру шарттарын жасасуын қоспағанда, осы баптың 7-тармағына және ішкі бақылау қағидаларына сәйкес тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдануды талап ететін тәуекел деңгейі берілген тұлға болып табылса, тыйым салынады.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шеңберінде Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар тұлғаларға қатысты:
1) клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын жүргізу;
2) қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастарды қайта қарау немесе қажеттілігіне қарай бұзу бойынша қосымша шаралар қолдануға міндетті.
Осы баптың 6, 6-1 және 8-тармағында көзделген, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қаржы мониторингі субъектілері Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар тұлғамен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қолданбайды.
Қаржы мониторингі субъектілері басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе орналасқан жағдайда, осы баптың 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасауға құқылы емес.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерімен іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда клиенттерді тиісінше тексеруге қойылатын талаптарды АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап жаңа редакцияда
6-бап. Іскерлік қатынастар орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеруі
Осы Заңның 5-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы мониторингі субъектілері іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолданады.
2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-бап. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі
1. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді.
2. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) заңды тұлғаның атауы;
2) заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны;
4) заңды мекенжайы;
5) заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
7) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің азаматтығы;
8) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;
9) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің меншік үлесінің мөлшері;
10) бенефициарлық меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса).
3. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін уәкілетті орган:
1) өзге де мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау;
2) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға өз қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты беруі;
3) уәкілетті органның өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жіберуі;
4) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлғалардың өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат пен мәліметтерді беруі;
5) қаржы мониторингі субъектілерінің өз қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат пен мәліметтерді беруі арқылы жүргізеді.
4. Уәкілетті орган бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінен заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі туралы ақпарат пен мәліметтерді:
1) өздерінің бақылауындағы субъектілер бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына;
2) құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға;
3) қаржы мониторингі субъектілеріне беруді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган берген ақпарат дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды.
5. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру кезiнде қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттердi тиiсiнше тексеруі
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалатын операциялар жүргiзілгенге дейiн, осы Заңның 5-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көзделген жағдайларды және осындай шаралар іскерлік қатынастар орнатылған кезде қабылданған жағдайды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген шараларды қабылдайды.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер мен ақша аударымдарын, сондай-ақ осы Заңның 5-бабы 3-1-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші және алтыншы абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің нұсқаулары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын шетелдік қаржы ұйымының пайдасына жүзеге асыру кезінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, оның ішінде делдал-банктер, сондай-ақ ақша аударымы жөніндегі қызметтерді көрсететін пошта операторлары мыналарды:
ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар үшін);
егер ақша аударымы банк шотын пайдалана отырып жүзеге асырылса, ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру кодтарын не егер ақша аударымы банк шотын пайдаланбай жүзеге асырылса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқаудың нөмірін;
ақша жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірін немесе мекенжайын (жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар үшін) не ақша жөнелтушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін (жеке тұлға үшін) қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген деректемелердің төлем құжатында болуын және олардың ақша төлеміне (аударымына) қатысушыға берілуін қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, оның ішінде делдал-банктер, сондай-ақ ақша аударымы жөніндегі қызметтерді көрсететін пошта операторлары шетелдік қаржы мекемесінен ақша төлемі мен аударымы түскен кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттың төлем құжатында болуын бақылайды, сондай-ақ банк шотын пайдаланбай ақша аудару бойынша алушыны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркейді және сақтайды.
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің жария лауазымды адамдарды тиісінше тексеруі
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында аталған жария лауазымды адамдарға қатысты осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) клиенттiң (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыруға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыруға;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын алуға;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге де мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдауға;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын тұрақты негізде қолдануға міндетті.
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингі субъектілері тәуекелдің жоғары деңгейі берілген, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдарға, олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына қатысты осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген шараларды қосымша қолдануға міндетті.
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көзделген адамдарды қоспағанда, жария лауазымды адамдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адам өзінің өкілеттігін орындауды тоқтатқан күннен бастап осы баптың 2-тармағының ережелері жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына он екі ай бойы қолданылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде тиісінше тексеру
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде қосымша мыналарды: