7) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес
1. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның жанынан құрылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері қаржы орталығының қызметіне қатысты мәселелерде жәрдемдесу және қаржы орталығын дамыту бағыттарын айқындау болып табылады.
3. Кеңестің функциялары:
1) қаржы орталығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау;
2) қаржы орталығын дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу;
3) қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру және жұмыс істеу мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау.
4. Кеңес туралы ереже және оның құрамы уәкілетті органның құқықтық актісімен бекітіледі.»;
8) 11 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Қаржы орталығының қатысушылары
1. Қаржы орталығының қатысушылары:
1) уәкілетті орган берген қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке;
2) уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие болған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылады.
2. Мыналар:
1) банктер;
2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары;
3) жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды.
3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқарудың шарттары мен тәртібін ескере отырып, қаржы орталығының қатысушылары қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
4. Қаржы орталығының қатысушылары:
1) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында;
2) қор биржаларында, оның ішінде шетелдік қор биржаларында;
3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға құқылы.
5. Қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаның атқарушы органының Алматы қаласының аумағында орналасуы оны уәкілетті органның мемлекеттік тіркеуінің міндетті шарты болып табылады.
12-бап. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңы
1. Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін және уәкілетті орган айқындайтын, онда қаржы орталығының қатысушылары қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыратын қор биржасының сауда алаңы қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып табылады.
Осы Заңның 11-бабының 2-тармағында аталған, уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие болған тұлғалар қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыра алады.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қатысты қабылданатын қағидалары уәкілетті органмен келісуге жатады.»;
9) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы мемлекеттік органдарға беруі қажет болған кезде ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударуды уәкілетті орган жүзеге асырады.».
45. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-баптың 4) тармақшасындағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Уәкiлеттi органның қоғамға қатысты құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) қоғамдардың тізілімін жүргізеді;
2) қаржылық есептiлiкті қоспағанда, қоғамдардың есептілік тiзбесiн, нысандарын, оны беру мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды және әкiмшiлiк жаза шараларын қолданады;
4) қоғамның активтерін инвестициялаудың тәртібі мен мөлшерін белгілейді;
5) қоғамдардың қаржылық есептілік тізбесін, нысандарын және оны беру мерзімдерін белгілейді;
6) қоғамдардың бастапқы статистикалық деректерінің тізбесін, оларды беру нысандары мен мерзімдерін айқындайды;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
46. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат):
1) 1-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.»;
2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы - жалғыз акционерi болып табылады.»;
3) 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 8-бап алып тасталсын;
5) 9-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Осы Заңда көзделген жағдайда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органнан қарыз алуға құқылы.
4. Уәкілетті орган депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қаржылық есептеме көлемiн, беру тәртiбi мен мерзiмдерiн, сондай-ақ оның активтерiн инвестициялау тәртiбiн айқындайды.»;
6) 23-бапта:
бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен» деген сөздер «уәкілетті органнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді бастау уәкiлеттi органмен келiсім бойынша қарыз алу үшiн қажеттi, бiрақ қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады.».
47. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат):
1) 6-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш нысанын бекіту;»;
2) 10-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 32-бабында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.»;
3) 42-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, беруден бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.»;
4) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілей алады.».
48. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
1) 6-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) синтетикалық (қорытынды) есепке алуды талдамалық (егжей-тегжейлi) есепке алуға сәйкес келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.»;
2) 7-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сәйкестендіру нөмірі.»;
3) 8-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, оның ішінде ұйым жасайтын барлық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету тәртібін регламенттейтін, бекітілген ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының күші қолданылмайды.»;
4) 20-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және оның ведомстволарынан басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеудің ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган мемлекеттік мекемелерге арналған Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жөнiндегi нормативтік құқықтық актiлерiнде белгiлейдi.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесі (Директорат) жүзеге асырады.
4. Қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компанияларында, инвестициялық қорларда және Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтiк құқықтық актiлердi және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды қабылдау арқылы жүзеге асырады.»;
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) инвестициялық қорлар және Қазақстанның Даму Банкі үшiн осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгiлік жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;»;
5) 20-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.».
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік сатып алу субъектілерінен шығаруға қатысты нормалар 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалған, 2011 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге тиісті өзгерістер күшіне енгеннен кейін қолданысқа енгізіледі
49. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 1-баптың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«32) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;»;
2) 4-баптың 1-тармағында:
18) тармақша алып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi иелікке алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды бiрлесіп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;»;
32) тармақша алып тасталсын;
3) 5-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзуге жатпайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.»;
4) 7-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде болуға құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде болуға құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
5. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде болуға құқылы;
4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен үлестес тұлғалар үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы.
Осы тармақтың ережелері аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын электрондық мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;
5) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерді орындау нәтижелері туралы мәліметтер бар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесін білдіреді.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер бар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды.»;
6) 23-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебіне жатқызылады.»;
7) 23-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебіне жатқызылады.»;
8) 35-5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде, аукционға қатысу өтiнiмін қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебіне жатқызылады.»;
9) 37-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиісті түрде орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші қаржы жылы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.».
50. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
39-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы, 47-баптың 9-тармағындағы, 50-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі, 56-баптың 2-тармағындағы «қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен», «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен», «қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға да» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне де» деген сөздермен ауыстырылсын.
51. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
16-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша осы Заңның мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін айқындайды және оны қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізетін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді;».
52. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
42-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру лицензияларынан айыру немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім немесе қаржы ұйымына консервация жүргізу жөнінде шешім қабылдаған;».
53. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар көрсетілген салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.»;
2) 26-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тексеру аяқталған күнi не «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тексерілетін субъектiге жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi беруге;».
54. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
12-бапта:
4) тармақша «акционерлiк қоғамдарды» деген сөздерден кейін «және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді» деген сөздермен толықтырылсын;