2-ескерту: 9Е003.а.10 тармағы бойынша тарту күшінің реверсіне арналған газ ағынының геометриясын басқару жүйелерінің «технологиялары» «әзірлемелері» немесе «өндірістері» бақылауға жатпайды.
11. Өткінаралық бекітусіз кең хордалы қуыс күректер;
b. Мынадай жабдықтардың кез келгенін «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін «талап етілетін» «технологиялар»:
1. Контактісіз беру құралымен жабдықталған, деректерді ағашты сенсордан бастап ақпарат жинау жүйесіне беруге қабілетті аэродинамикалық құбырда сынақ өткізуге арналған аэродинамикалық моделдер; немесе
2. «Композициялық» материалдардан жасалған күректер немесе олардың 0,55 М-нан жоғары ұшу жылдамдығы кезінде 2000-ден астам кВт-ке төзуге қабілетті бекітпелері;
с. «Лазерді», су ағындыларын, электрохимиялық өңдеудің (ЭХӨ) немесе саңлаулар жасауға арналған электрұшқынды өңдеу станоктарын (ЭҰС) пайдаланатын газ турбиналық қозғағыштардың құрамдас бөліктерін «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін «талап етілетін» «технологиялар», олар келесі сипаттамалар жиынтығының кез келгенін ие:
1. Төменде көрсетілген барлық өлшемдер:
а. Тереңдігі олардың диаметрінен 4 еседен астам көп;
b. Диаметрі 0,76 мм-ден кем; және
с. Көлбеу бұрыштары 25 град.-қа тең немесе кем; немесе
2. Төменде көрсетілген барлық өлшемдер:
а. Тереңдігі олардың диаметрінен 5 еседен астам көп;
b. Диаметрі 0,4 мм-ден кем; және
с. Көлбеу бұрыштары 25 град.-тан асады.
Техникалық ескерту:
9Е003.c. тармағына қатысты көлбеу бұрышы аэродинамикалық үстіңгі қабатқа қатысты нүктеде өлшенеді, саңылаудың осі осы үстіңгі қабатты қиып өтеді.
d. Мыналар үшін «талап етілетін» «технология»:
қуат беретін тікұшақ жүйелерін немесе тікұшақ қалақтарының конус завалының немесе «ұшу аппараты» қанаты завалының қуат беру жүйелерін «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін «талап етілетін» «технологиялар»;
е. Жердегі объектілердің қозғағыш қондырғыларының поршеньді дизельді қозғағыштарын «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологиялар», олар төменде аталған сипаттамалардың барлығына ие:
1. «Бокстің көлемі» 1,2 куб.м немесе одан кем;
2. Толық шығу қуаты 80/1269/ЕЕС, ISO 2534 стандарттарының немесе олардың ұлттық эквиваленттерінің негізінде 750 кВт-тан астам; және
3. Қуатының тығыздығы бокс көлемінің 700 кВт-дан астам;
Техникалық ескерту:
9Е003.е тармағы бойынша «бокстің көлемі» - үш тік өлшемнің қосындысы, олар былайша өлшенеді:
Ұзындығы: иінді біліктің ұзындығы алдыңғы фланцтан маховиктің беткі жазықтығына дейін;
Ені: мынадай өлшемдердің ең жоғары мәні:
а. Клапанның бір соңғы қақпағынан екіншісіне дейінгі сыртқы арақашықтық;
b. Цилиндрлер бастары шеттерінің арасындағы арақашықтық;
с. Маховик қапшығының диаметрі;
Биіктігі: мынадай өлшемдердің барынша үлкені:
а. иінді біліктің осінен клапан қақпағының (немесе цилиндрдің бастиектері) жоғарғы жазықтығына дейінгі арақашықтық қосу поршень жүрісінің екі еселенген ұзындығы; немесе
b. маховик қапшығының диаметрі.
f. Шығу қуаты жоғары дизельдік қозғағыштар үшін арнайы жобаланған компоненттерді «өндіру» үшін «талап етілетін» мыналар секілді «технологиялар»:
1. 1С007 тармағы бойынша бақыланатын, қыш материалдарды пайдаланушы, төменде аталған құрамдас бөліктердің барлығы бар қозғағыш жүйелерін «өндіру» үшін «талап етілетін» «технология»:
а. Цилиндрлер гильзалары;
b. Поршеньдар;
с. Цилиндрлердің бастары; және
d. Басқа компоненттердің біреуі немесе одан көп (түтін шығаратын тесік, турбоүрлегіштің элементтері, бағыттаушы клапандар, клапанды жинауды немесе оқшауланған отын инжекторларын қоса алғанда);
2. Бір баспалдақты компрессорлармен жұмыс жасайтын турбоүрлегіш жүйелерін «өндіру» үшін «талап етілетін» «технологиялар», келесі сипаттамалардың барлығына ие:
а. 4:1 немесе одан жоғары қысымдардың арақатынасында жұмыс жасайды;
b. 30-дан 130 кг/мин-ға дейінгі диапазондағы шығын; және
с. Ішкі компрессордың немесе турбиналар секцияларының ішіндегі ағын қиылысын өзгертуге қабілетті;
3. Дизель отынынан (310,8 К (37,8oС кезінде 2,5 сантистокс) бензинге дейінгі (310,8 К (37,8oС кезінде 0,5 сантистокс) диапазонда отынның тұтқырлығын өзгертуге қабілетті арнайы жобаланған көп отынды (мысалы, дизельді немесе қарапайым отын) отын инжекциясының жүйелерін «өндіру» үшін «талап етілетін», төменде аталатын екі сипаттамаға да ие «технологиялар»:
а. Бір цилиндрге бір мәрте бүркуге арналған 230 куб.мм-ден астам инжектирленген сан; және
b. Тиісті беру құралын пайдалана отырып, айналу сәтінің белгілі бір мәнін қамтамасыз ету үшін отын сипаттамасын ауыстыру және автоматты түрде өлшеу реттегіші үшін арнайы жобаланған электрондық басқару бөлшектері;
g. 723 К (450oС)-тан асатын температураға шыдауға мүмкіндік беретін, поршень сақинасына тиетін жоғарғы шекті нүктеде цилиндрдің қабырғасында өлшенетін қатты, газ түріндегі немесе сұйық үлдірлі (немесе олардың комбинацияларымен) жанармаймен жұмыс жасайтын цилиндрлер қабырғаларының жоғары қуатпен шығатын дизельдік қозғағыштарды «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін «талап етілетін» «технологиялар».
Техникалық ескерту:
Шығу қуаты жоғары дизельдік қозғағыштар - бұл 1,8 МПа-дағы тежеудің тиімді қысымының нақтылы мәні бар немесе 2300 айналу/мин барынша айналу жылдамдығы кезінде, 2300 айналу/мин немесе одан көп айналу жылдамдығын қамтамасыз ететін қозғағыш.
h. Газтурбиналық қозғалтқыштардың «FADEC жүйелеріне» арналған «технология», атап айтқанда:
1. Қозғалтқыштың тартысын немесе біліктегі қуатты реттеу үшін «FADEC жүйелері» үшін қажетті құрамдауыштарға функционалдық талаптарды белгілеу үшін «әзірлеу» «технологиясы» (мысалы, уақытша константалар және кері байланысы бар бергіштің дәлдігі, отын арнасының қалпын түзету жылдамдығы);
2. «FADEC жүйелерінде» ғана қолданылатын және қозғалтқыштың тартысын немесе біліктегі қуатты реттеу үшін пайдаланылатын бақылау және диагностикалау құрамдауыштарын «әзірлеу» немесе «өндіру» «технологиялары»;
3. «FADEC жүйелерінде» ғана қолданылатын және қозғалтқыштың тартысын немесе біліктегі қуатты реттеу үшін пайдаланылатын «бастапқы кодты» қоса алғанда, басқару алгоритмдерін «әзірлеу» «технологиялары»;
Ескертпе: 9E003.h тармағы авиажелілерді көпшілік пайдалану үшін жариялануы тиіс азаматтық авиация саласындағы сертификаттау органдарының талаптарына сәйкес ұшаққа қозғалтқышты орнатуға жататын техникалық мәліметтерге (мысалы, орнату жөніндегі нұсқаулық, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі нұсқаулық) немесе интерфейс функцияларына (мысалы, кіріс/шығыс деректерді өңдеу, қорапқа немесе білік қуатына түсетін осьтік жүктемеге қойылатын талаптар, планердің тартуының немесе біліктегі қуаттың тапсырмасы) қолданылмайды.
і. Газ генераторлық турбиналардың, желдеткіштер турбиналарының, тарту турбиналарының немесе реактивтік шүмектердің қозғалтқыштарының жұмысының тұрақтылығын қолдау үшін арналған ағындардың реттелетін бағыттары бар жүйелерге арналған «технологиялар», атап айтқанда:
1. Қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істеуіне жауапты құрамдауыштарға функционалдық талаптар қоюды «әзірлеу» «технологиялары»;
2. Қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істеуіне жауапты және ағындардың реттелетін бағыттары бар жүйелерде ғана пайдаланылатын қозғалтқыштарды «әзірлеу» немесе «өндіру» «технологиялары»;
3. Қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істеуіне жауапты және ағындардың реттелетін бағыттары бар жүйелерде ғана пайдаланылатын «бастапқы кодты» қоса алғанда, басқару алгоритмдерін «әзірлеу» «технологиялары».
Ескертпе: 9E003і-тармағы мына атаулардың кез келгенін:
a. Кіріс бағыттауыш аппараттың қалақтарын;
b. Өзгермелі адымы бар желдеткіштерді немесе бұрама желдеткіштерді;
c. Компрессордың реттелетін кіріс бағыттауыш аппаратының қалақтарын;
d. Компрессордың қайта қосу клапандарын; немесе
e. Кері тарту үшін ағынның реттелетін бағыты бар арналар геометриясын «әзірлеу» немесе «өндіру» «технологияларына» қолданылмайды
9Е003
9Е101
a. 9А101, 9А104 - тен 9А111-ге дейінгі немесе 9А115 - тен 9А119 - ға дейінгі тармақтар бойынша бақыланатын тауарларды «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған жалпы технологиялық ескертуге сәйкес «технологиялар».
b. 9А012-тармақ бойынша бақыланатын «ПҰА» немесе 9A101, 9A102, 9A104 - 9A111 немесе 9A115 - 9A119-тармақтар бойынша бақыланатын тауарларды «өндіру» үшін қажетті жалпы технологиялық ескертуге сәйкес «технологиялар.
Техникалық ескертпе:
9Е101.b тармағында «ПҰА» - қашықтығы 300 км астам пилотсыз ұшу аппараттары.
9Е101
9Е102 9А004-тармағы бойынша бақыланатын ғарыш аппараттарын немесе 9А005 - 9А011-тармақтар бойынша бақыланатын тауарларды, 9А012-тармағы бойынша бақыланатын «ПҰА» немесе 9А101, 9А102, 9А104 - 9А111, 9А115 - 9А119, 9B105, 9B106, 9B115, 9B116, 9B117, 9D101 немесе 9D103-тармақтары бойынша бақыланатын тауарларды «қолдану» үшін қажетті жалпы технологиялық ескертуге сәйкес «технологиялар».
Техникалық ескертпе.
9Е102-тармақта «ПҰА» - қашықтығы 300 км астам пилотсыз ұшу аппараттары.»;
«Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімде:
«жалпы химиялық ескерту» деген кіші бөлімде:
ML1-тармағы мынадай мазмұндағы (c) тармақшасымен толықтырылсын:
«(с) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қолданатын әскери атыс қарулары;
9Е102
Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар (бұдан әрі - Әскери тізім)
Технология бойынша ескерту
Әскери тізіммен бақыланатын бұйымдарды «жасау», «өндіру» немесе «қолдану» үшін «қажет» «технологиялар» экспорты Әскери Тізімнің қосымшасына сәйкес бақыланады. Бұл «технология» тіптен бақыланбайтын бұйымдарға қолдану кезінде бақылауда қалады.
Бақылау инсталляция, жұмыс, бақыланбайтын және экспорты рұқсат етілген бұйымдарға қызмет көрсету (тексеру) және оларды жөндеу үшін қажет ең аз болып табылатын «технологияларға» қатысты болмайды.
Бақылау «қоғамдық салада», «іргелі ғылыми зерттеулерге» немесе патентке арналған өтінімдерді ресімдеуге қажет ең аз ақпаратқа қолданылатын «технологияға» қатысты болмайды.
ҚР Үкіметінің 2014.09.12. № 1283 Қаулысымен кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жалпы химиялық ескерту
Химиялық заттар Химия бойынша реферативтік қызметтің (САS) атауы және сілтеме нөмірі бойынша көрсетілген. Құрылымдық формуласы бірдей химиялық заттар (гидранттарды қоса алғанда) сілтеме нөмір мен (САS нөмірі) атауына қарай бақыланады. Сілтеме нөмірлер берілген номенклатураға қарай заттардың бақыланатын санын айқындауға көмек үшін ұсынылады, яғни бір химиялық зат немесе тұтастай қоспа бақыланады. Сілтеме нөмірлер бірегей сәйкестендіруші ретінде қолданылмауы тиіс, өйткені сипатталған химиялық заттардың кейбір нысандарының әртүрлі сілтеме нөмірлері бар, ал сипатталған заттардағы қоспалардың да әртүрлі нөмірлері болуы мүмкін.
МL1. 20 мм-нен кем калибрдегі тегіс ұңғылы қару, басқа да қару-жарақ және 12,7 мм калибрдегі (калибрі 0,50 дюйм) немесе одан аз автоматты қару, сондай-ақ зеңбірек керек-жарақтары мен бұл үшін арнайы құрастырылған компоненттер:
(а) Винтовкалар, карабиндер, револьверлер, пистолеттер, автоматты пистолеттер мен пулеметтер:
Ескерту: МL1(а) мыналарды бақыламайды:
1. 1938 жылға дейін дайындалған мушкеттер, винтовкалар мен карабиндер
2. Түпнұсқалары 1890 дейін дайындалған мушкеттердің, винтовкалардың және карабиндердің кескіндері
3. 1890 жылға дейін дайындалған револьверлер, пистолеттер мен пулеметтер және олардың кескіндері
(b) Мынадай тегіс ұңғылы қарулар:
1. Әскери қолдану үшін арнайы жасалған тегіс сүмбілі қару;
2. Мынадай түрдегі басқа да тегіс ұңғылы қару:
(а) толықтай автоматты;
(b) жартылай автоматты немесе қайтармалы-итермелі қозғалыс түріндегі;
(с) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қолданатын әскери қол атыс қарулары;
(d) МL1(а), МL1(b) немесе МL1(с) тармақшаларымен бақыланатын қару-жарақтарға арналған өшіргіштер, арнайы қондырмалар, қысқыштар, нысаналар мен от өшіргіштер.
1-ескерту: МL1 аңшылық және спорттық мақсаттарға арналған тегіс сүңгілі қаруды бақыламайды. Мұндай қару әскери қару үшін арнайы құрастырылған түрде болмауы тиіс және қарудың автоматты типіне жатпауы тиіс.
2-ескерту: МL1 бос оқ-дәріні пайдалану үшін және бақыланатын оқ-дәрілермен атуға қабілетсіз арнайы құрастырылған атыс қаруын бақыламайды.
3-ескерту: МL1 орталықтандырылмайтын әскери гильзасыз оқ-дәрілер пайдаланылатын қаруды, сондай-ақ автоматтық қару санатына жатпайтын қаруды бақыламайды.
ML1. | 9303 9305 9301 9302 00 000 0 9013 10 000 0 |
МL2. 20 мм немесе одан астам калибрлі тегіс ұңғылы қару, 12,7 мм үлкен калибрлі (0,50 дюмді калибр) қару-жарақ, лақтыру қондырғылары мен қондырмалар, сондай-ақ оларға арнайы құрастырылған мынадай бұйымдар:
(а) Пушкалар, гаубицалар, артиллерия пушкалары, минометтер, танкке қарсы қару, лақтырғыш қосу қондырғылары, әскери от шашқылар, кері теппейтін винтовкалар, оларға арналған бүркеме жарақтар;
Ескерту: МL2 (а) инжекторларды, өлшеу құрылғыларын, қойма резервуарларын және олар үшін арнайы құрастырылған, МL2 (а) тармағы бақыламайтын жабдықтарға май құю мақсатында сұйық зымыран отынын пайдалануға арналған басқа компоненттер.
(b) Әскери түтінді, газды немесе пиротехникалық лақтыру қондырғылары немесе генераторлар;
Ескерту: МL2 (b) дабыл пистолеттерін бақыламайды
(с) қаруларға арналған қарауылдар
МL3. Оқ-дәрілер мен жарғыш қондырғының құрылғысы және олар үшін арнайы құрастырылған мынадай компоненттер:
(а) МL1, МL2 немесе МL12 бақылайтын қару-жарақтарға арналған оқ-дәрілер;
(b) МL3 (а) бақылайтын амуниция үшін арнайы әзірленген жарғыш қондырғының құрылғысы;
1-ескерту: Арнайы құрастырылған компоненттер мыналарды қамтиды:
(а) тұтатпа тіректер, патрон гильзалары айналма таспалар мен жарақтардың металл бөліктері сияқты металл немесе пластиикалық бұйымдар;
(b) Апаттық немесе әскери жарақтар, жарғыштар, датчиктер мен бастама құрылғылар;
(с) жоғары бір жолғы пайдалану шығыс қуаты бар қорек көздері;
(d) Жанатын зарядтардың гильзалары;
(е) шағын калибрлі бомбаларды, шағын калибрлі миналарды және терминалдан басқарылатын снарядтарды қоса алғанда, көмекші әскери жабдықтар.
2-ескерту: МL3 (а) снарядсыз тығыздалған (бос өзекті) оқ-дәрілерді және дәрі камерасы бұрғыланып тесілген бос оқ-дәрілерді бақыламайды.
3-ескерту: МL3 (а) кез келген мына мақсаттарға:
(а) дабылдық
(b) құстарды үркітуге арналған; немесе
(с) мұнай ұңғыларындағы газды жағуға арналған балауыздарды тұтатуға арнайы әзірленген патрондарды бақыламайды.
МL4 Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған төменде санамаланып көрсетілген бомбалар, торпедалар, басқарылмайтын ракеталар, басқарылатын ракеталар және ілеспе жабдық пен аксессуарлар және олар үшін арнайы құрастырылған компоненттер:
Ескерту: Көздеу және навигациялық аппаратура үшін МL11, g ескертпесін қара
а. Бомбалар, торпедалар, гранаталар, түтінді қалбырлар, басқарылмайтын ракеталар, миналар, басқарылатын ракеталар, терең тасталатын бомбалар, бұзу зарядтары, бұзу құрылғылары және оларға жиынтықтар, «әскери пиротехника», патрондар мен имитациялық құрылғылар (осы бұйымдардың қандай да бір болмасын сипаттамаларын имитациялайтын жабдық);
ескертпе: ұшақтың ракетаға қарсы қорғану жүйелері (ҰРҚЖ) үшін;
Ескерту: МL4 (а) мыналарды қамтиды:
1. Түтінді қалбырлар, жағатын бомбалар, жағатын оқ-дәрілер мен жару құрылғылары;
2. Басқарылатын зымырандардың шығыршығы мен баллистикалық ұсынымдардың оқсүңгілерінің бас бөлігі.
b. МL4 (а) бақылайтын бұйымдарды басқару, бақылау, белсенді ету, дайындыққа келтіру, зарядтау, ұшыру, көздеу, тралерлеу, зарядтан алу, бағдарынан айыру, кедергілер жасау, бұзу немесе детекторлау.
(с.) Ұшақтың ракетаға қарсы қорғану жүйесі (ҰРҚЖ).
Ескерту: МL4 (b) мыналарды қамтиды:
1. тәулігіне сұйық нысанда 1 000 кг немесе одан да көп газ шығаруға қабілетті қозғалтпалы газ сұйытқыш жабдық;
2. Магнитті миналарды тралерлеуге жарамды жүзбелі тоқ өткізгіш кабель.
Ескертпе: МL4.(с.) мынадай сипаттамалары бар ҰРҚЖ-ны бақыламайды:
а. Ракетаға қарсы дабыл сенсорларының кез келген түрі:
1. 100-400 нм аралығында барынша үні бар енжарлы сенсорлар; немесе
2. Белсенді пульсті Допплерлі ракетаға қарсы дабыл сенсорлары;
b. Радиоэлектронды басу (РЭБ) құралдарын лақтыру жүйесі;
с. «Жер-ауа» класындағы ракеталардан жалтару үшін, олардың көрумен тең инфрақызыл ізін көрсететін дабыл қақпандары;
d. «Азаматтық ұшақта» бекітілген мынадай сипаттамалары бар:
1. ҰРҚЖ тек қана арнайы «азаматтық ұшақта» жұмыс істей алады, онда арнайы ҰРҚЖ орнатылған және ол үшін мынадай құжаттар берілген:
а. Азаматтық үлгідегі сертификат; немесе
b. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) таныған тең құжат;
2. ҰРҚЖ бағдарламаны қамтамасыз етудің санкцияланбаған кіруден қорғауды көздейді; және
3. ҰРҚЖ жүйе жұмысын егер ол бұрын «азаматтық ұшақта» орнатылған одан алынған жағдайда тоқтататын белсенді тетіктен құралады.
Техникалық ескертпе: өзінің құрастырылымы бойынша тек металл объектілерді табу үшін шектеулі және миналарды басқа да металл объектілерден айыруға қабілетті емес қол құрылғылары МL4 (а) бақылайтын бұйымдарды айқындау үшін арнайы құрастырылған құрылғы ретінде қаралмайды.
МL5 Атысты басқарудың төменде санамаланған аппаратурасы, жауынгерлік әзірлікке келтіру мен хабарлаудың ілеспе жабдығы, әскери мақсатты арнайы құрастырылған ілеспе аппаратура және қарсы іс-әрекет жасау аппаратурасы, олар үшін арнайы құрастырылған компоненттер;
(а) Зеңбірек нысаналары, бомба бастауға арналған есептеу машиналары, көздеу артиллерия жабдығы және қару-жарақтарды басқару жүйелері;
(b) Нысананы, нысана-нұсқауларды барлау, қашықтықты айқындау, нысананы байқау немесе сүйемелдеу; нысаналарды анықтау аппаратурасы, деректерді қорыту, тану немесе нысаналарды сәйкестендіру жүйесі; нысаналарды анықтаудың техникалық құралдарын интеграциялау аппаратурасы;
(с) МL5 (а) және МL3 (b) тармақтарға сәйкес бақылануға жататын бұйымдарға арналған қарсы іс-әрекет аппаратурасы;
(d) МL5 (а) және МL3 (d) бақылайтын бұйымдарға арнайы арналған тексеру және реттеу жүргізудің далалық жабдығы.
МL5
Ескертпе: МL5.с. тармағы үшін қарсы іс-әрекет аппаратурасы айқындау аппаратурасынан тұрады.
МL6 Жер үсті көлік құралдары мен оларға арналған компоненттер
Ерекше ескерту: Көздеу жүйесі мен навигациялық аппаратура үшін МL11, g ескертпесін қара.
(а) Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған жер үсті көлік құралдары мен оларға арналған компонеттер;
Техникалық ескерту: МL6-тармақтағы «жер бетіндегі көлік құралдары» терминімен, сондай-ақ трейлерлер де ұғынылады.
(b) Жолсыз жағдайларда пайдалануға жарамды, баллистикалық қорғаудың III деңгейін (1985 жылғы қыркүйектегі 0108.01 (NI) немесе салыстырмалы ұлттық стандарт) немесе басқа да одан да жоғары деңгейді қамтамасыз ету үшін дайындалған немесе осындай материалдармен жарақталған барлық дөңгелекті көлік құралдары;
Ерекше ескерту: МL6 (а) қара
1-ескертпе: МL6 (а) мыналарды қамтиды:
(а) Танктер және басқа да қарулы көлік құралдары мен қару немесе миналар орналастыруға немесе МL4 бақылайтын әскери жабдықты қосуға арналған аппаратура орнатуға бейімделген әскери автомобилдер;
(b) Бронды автомобилдер;
(с) Амфибия сыныпты көлік құралдары және амунициялар немесе қару жүйесін және көмекші тиеу-түсіру жабдығын сүйреуге немесе тасымалдауға арналған терең сулы көлік құралдары;
(d) Құтқару құралдары және оқ-дәрілер немесе қару жүйесін және жанама тиеу-түсіру жабдығын сүйреуге немесе тасымалдауға арналған құралдар.
2-ескерту: Әскери мақсат үшін жер бетіндегі көлік құралдарының модификациясы бір немесе одан көп арнайы құрастырылған әскери мақсаттағы компонентті қамтитын құрылымдық, электрлік немесе механикалық өзгерісті білдіреді. Мұндай компоненттер мыналарды қамтиды:
(а) оқ теспеушілігін ұстау үшін немесе бос шина кезінде қозғалысты жалғастыру үшін арнайы құрастырылған пневматикалық қамтамалар;
(b) Қозғалып бара жатқан көлік құралының ішінен жұмыс істейтін шиналарды үрлеу үшін қысымды басқару жүйесі;
(с) Өмірлік маңызды бөлшектер үшін (мысалы, отын бағы немесе кабина)бронды қорғауды қамтамасыз ету;
(d) Қару үшін арнайы арқаулау немесе қондырма;
(е) Жарық тұмшасы жағдайында жарықтандыру.
3-ескерту: МL6 (а) инкасация немесе құндылықтарды тасымалдауға арналып құрастырылған немесе модификацияланған, брондалған немесе оқпен ататын қарудан қорғанышы бар азаматтық автомобилдерді немесе жүк автомобилдерін бақыламайды.
4-ескертпе: МL6 мынадай талаптарға сәйкес келетін көлік құралдарын бақыламайды:
а. 1946 жылғы дейін шығарылған;
b. Әскери тізімде көрсетілгендерге жатпайды және 1945 жылдан кейін шығарылған, көлік құралдарына арналған өзіндік компоненттерінің немесе аксессуарларының кескіндерінен басқа; және
с. МL1., МL2. немесе МL4-те көрсетілген қару-жарақтар кірмейді, оның жұмысқа жарамсыз болған және жарықшақтарға бөлуге жарамаған жағдайлардан басқа.
МL7 Мыналар секілді токсикологиялық агенттер, уытты заттар, көзден жас ағызатын газдар, тиісті жабдық, компоненттер, материалдар мен «технологиялар»:
(а) Адамдарды немесе жануарларды зақымдау, жабдықтарды істен шығару, астыққа немесе қоршаған ортаға зиян келтіру мақсатында «әскери мақсатқа бейімделген» биологиялық агенттер мен радиоактивті материалдар, сондай-ақ соғыс жүргізудің химиялық құралдары;
Ескерту: МL7 (а) мыналарды қамтиды:
1. Соғыс жүргізудің химиялық құралдарына жататын жүйке зақымдағыш заттар:
(а) О-алкил (циклоалкилді қоса алғанда, C10 тең немесе одан астам) алкил (метил, этил, пропил немесе изопропил) фторфосфонаттар, мысалы: Зарин (GB): O-изопропилметилфторфосфонат (methylphosphonofluoridate) (САS 107-44-8); және Зоман (GD): О-пинаколилметилфторфосфонат (Pinacolyl methylphosphonofluoridate) (САS 96-64-0);
(b) О-алкил (циклоалкилді қоса алғанда, С10 тең немесе одан астам) №, № диалкил (метил, этил, пропил немесе изопропил) - амидоцианфосфонаты (phosphoramidocyanidates), мысалы: Табун (GА): О-этил-№, №-диметиламидоцианфосфат (№,№-dimethylphosphoramidocyanidate) (САS 77-81-6);
(с) О-алкил (Н, немесе циклоалкилді қоса алғанда, С10 тең немесе одан астам) - S-2-диалкил (метил, этил, пропил немесе изопропил) - аминоэтилалкил (метил, этил, пропил немесе изопропил) тиофосфонаты (phosphonothiolates) және тиісті алкирленген немесе протонданған тұздар, мысалы: VХ: О-этил-S-2- диизопропиламиноэтил-метилтиофосфонат (diisopropylaminoethyl methylphosphonothiolate) (САS 50782-69-9);
2. Тері ойғыш әсері бар әскери уландырғыш заттар:
(а) күкірт қышасы (күкіртті иприттер), мынадай:
1. 2-хлороэтилхлорометилсульфид (chloroethylchloromethylsulphide) (САS 2625-76-5);
2. Бис(2-хлорэтил)сульфид (иприт) (САS 505-60-2);
3. Бис(2-хлорэтилтио)метан (САS 63869-13-6);
4. 1,2-бис(2-хлорэтилтио)этан (сесквииприт) (САS 3563-36-8);
5. 1,3-бис(2-хлорэтилтио)-n-пропан (САS 63905-10-2);
6. 1,4-бис(2-хлорэтилтио)-n-бутан(САS 142868-93-7);
7. 1,5-бис(2-хлорэтилтио)-n-пентан (САS 142868-94-8);
8. Бис(2-хлорэтилтиометил)эфир (САS 63918-90-1);
9. Бис(2-хлорэтилтиоэтил)эфир (О-иприт) (САS 63918-89-8)
(b) Льюизиттер, мынадай:
1.2-хлорвинилдихлорарсин (люизит 1) (САS 541-25-3);
2. Бис(2-хлорвинил)хлорарсин (люизит 2) (САS 40334-69-8);
3. Три(2-хлорвинил)арсин (люизит 3) (САS 40334-70-1);
(с) Азот қышалары (азотты иприты), мынадай:
1. HN1: Бис(2-хлорэтил)этиламин (САS 538-07-8);
2. НN2: Бис(2-хлорэтил)метиламин (САS 51-75-2);
3. HN3: Три(2-хлорэтил)амин (САS 555-77-1)
3. Қатардан шығаратын әскери химиялық заттар, мынадай: 3-хинуклидинилбензилат (ВZ) (САS 6581-06-2);
4. Әскери дефолианттар, мынадай:
Бутил 2-хлоро-4-фторфеноксиацетат (fluorophenoxyacetate) (LNF);
2,4,5-трихлорфеноксиуксусті (trichlorophenoxyacetic) қышқылы, 2,4-дихлорфеноксиуксусті (dichlorophenoxyacetic) қышқылмен араласқан (сарғылт зат).
(b) Төменде көрсетілген әскери химиялық заттарға жататын бинарлы және өзекті прекурсорлар:
1. Алкил (метил, этил, пропил немесе изопропил) фосфонилдифториды, мысалы, DҒ: метилфосфонилдифторид (САS 676-99-3);
2. 0-Алкил (Н, немесе циклоалкилді қоса алғанда, С10 тең немесе одан астам) - О-2-диалкил (метил, этил, пропил немесе изопропил) - аминоэтилалкил (метил, этил, пропил немесе изопропил) фосфониты және тиісті алкирленген немесе протонданған тұздар, мысалы: QL: О-этил- О-(2-диизопропиламиноэтил) метилфосфонит (САS 57856-11-8);
3. Хлорзарин: O-изопропилметилхлорфосфонат(САS 1445-76-7);
4. Хлорзоман: О-пинаколилметилхлорфосфонат (САS 7040-57-5);
(с) құрамында мыналар бар «жас шығаратын газдар» мен «жаппай тәртіпсіздікті ұстау құралдары:
Бромбензилцианид (СА) (САS 5798-79-8);
2. о-Хлорбензилиденмалононитрил (о-хлорбензаль-малононитрил) (СS) (САS 2698-41-1);
3. Фенацилхлорид (w-хлорацетофенон) (СN) (САS 532-27-4);
4. Дибензол (b, f)-1,4-оксазепин (СR) (САS 257-07-8);
Ескерту: МL7 (с) жеке оралған жас шығаратын газдарды немесе жеке өзін өзі қорғау мақсатына арналған жаппай тәртіпсіздікті ұстау құралдарын бақыламайды.
(d) бақылануға жататын материалдарды немесе заттарды тарату үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған жабдық және ол үшін арнайы құрастырылған компоненттер;
1. МL7 (а) немесе (с) бақылайтын материалдар немесе химиялық заттар; немесе
2. МL7 (b) бақылайтын прекурсорлардан жасалған әскери химиялық заттар.
(е) Төмендегі оның компоненттері үшін арнайы құрастырылған және қорғау және зарарсыздандыру техникасы мен химиялық қоспалар үшін арнайы жасақталған формулалар:
1. МL7 (а) тармағына сәйкес бақылауға жататын, әскери қолдану үшін, улайтын заттарға қарсы қорғану үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған жабдық және ол үшін арнайы құрастырылған компоненттер;