2. ҒНЖЖ-мен қорғалған сигналдарға/деректерге рұқсат алу үшін, әскери және үкіметтік мақсат үшін әзірленген немесе модификацияланған шифрлауды қолданылатын; немесе
3. Қоршаған ортада активті немесе пассивті радиоөшіргіштің қызмет етуіне кедергіге қарсы (мысалы, реттелмейтін антенна немесе электроникамен реттелетін антенна) ерекшеліктерді қолдану үшін арнайы әзірленген.
Ескертпе:
7A105.b.2 және 7A105.b.3-тармақтары бойынша коммерциялық, азаматтық немесе «қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған» (мысалы, деректер тұтастығы, ұшу қауіпсіздігі) ҒНЖЖ үшін әзірленген жабдықтар бақыланбайды.
7A105 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа)
9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа)
7А106 7А006 тармағында айқындалғаннан басқа, радарлық немесе лазерлік радарлық үлгідегі бақыланатыннан басқа, 9А004 тармағы бойынша бақыланатын космостық аппараттарда, немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған альтиметрлер.
7А106 | 8526 10 000 9 9013 20 000 0 |
7А115 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда, немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған, белгілі бір электромагниттік көздерді (орналасқан жерін айқындайтын жабдық) немесе жердің сипаттамасын торуылға алуға арналған пассивтік бергіштер.
Ескерту: 7А115 мынадай жабдықтарға арналған бергіштерді қамтиды:
a. Контурлық картаға түсіру жабдығы;
b. Бейнелер жабдығы (белсенді де, пассивті де);
с. Пассивті интерферометрлер.
7А106 | 8526 10 000 9 9013 20 000 0 |
7А116 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған ұшуды басқару жүйелері және сервоклапандар, олар мынадай:
a. Ұшуды басқарудың гидравликалық, механикалық, электроптикалық немесе электрмеханикалық жүйелері (ұшуды басқарудың электрлі жүйесін қоса алғанда);
b. Кеңістіктегі жағдайды басқару жүйесі;
c. 7A116.a немесе 7A116.b көрсетілген жүйелер үшін әзірленген және модификацияланған және 20 Гц мен 2 кГц арасындағы диапазонда 10 g орта квадраттан артық діріл жағдайында жұмыс істеу үшін әзірленген және модификацияланған ұшуды басқару сервоқозғалтқыштың қақпақтары.
7А116 а 7А116 b. 7А116 с. | 9032 81 000 9 8803 90 900 0 9032 89 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9032 89 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8481 80 990 0 |
7А117 «Реактивті снарядтарда» қолданылатын және жүйелердің диапазонына қарағанда жүйенің 3,33 % немесе одан кем дәлдігіне қол жеткізуге қабілетті «жүргізу жүйелері» (мысалы, «СЕР» 10 шақырым немесе 300 шақырым диапазонда аз).
7A117 8586 92 000 9
9014 20 800
9306 90
7В Сынақты бақылау және өндірістік жабдық
7А тармағына сәйкес бақыланатын жабдық үшін арнайы әзірленген калибровкалау мен реттеуге, сынақтар жүргізуге арналған жабдық.
Ескерту: Техникалық қызмет көрсетулерге сынақтар жүргізуге, калибровкалау мен реттеуге арналған жабдық бірінші және екінші деңгейлер бойынша 7В001 тармағы бойынша бақыланбайды.
Техникалық ескертулер:
1. Бірінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсету
Ұшу аппаратындағы инерциялық навигациялық құрылғының ақауы бақылау құрылғысының немесе орталық дисплейдің көрсетуі бойынша немесе тиісті кіші жүйелерден түсетін сигнализация бойынша табылады. Дайындаушының нұсқаулығына сәйкес ақау ауыспалы блок деңгейінде жойылуы мүмкін. Оператор ақаулы блокты алып тастайды да оның орнына жаңасын қояды.
2. Екінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсету
Ақаулы құрылғы өндірістік цехқа (жасаушы фирманың немесе екінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсетуге жауапты операторлардың цехына) жөндеуге жіберіледі. Өндірістік цехта, ақаулы құрылғы цехта айырбастауға жататын құрылғының ақаулы модулін тексеру және ақауын жою үшін әртүрлі тиісті құралдармен тексеріледі. Құрылғының бұл ақаулы модулі алып тасталынады және жаңасымен ауыстырылады. құрылғының ақаулы модулі (немесе, құрылғы тұтастай) кейіннен жасаушыға қайтарылады.
Айрықша ескерту: Екінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсетуге бақылауына кіретін зауыт жағдайында ауыстырылуға жататын құрылғы модулінің акселерометрлері мен гироскоптикалық бергіштерін алып-түсіру кірмейді.
7В001 | 9031 10 000 0 9031 49 9031 20 000 0 9031 80 (азаматтық авиациядан басқа) |
7В002 Шеңберлі «лазерлік» гироскоптар айналарының сипаттамаларын бағалау үшін арнайы әзірленген жабдық, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 7В102-ні қараңыз
а. 10 миллиондық үлес немесе одан аз (жақсы) өлшеу дәлдігі бар рефлектометрлер;
b. 0,5 нм (5 ангстрмн) немесе одан аз (жақсы) өлшеу дәлдігі бар профилометрлер.
7В002 а. 7В002 b. | 9031 80 (азаматтық авиациядан басқа) 9031 80 (азаматтық авиациядан басқа) |
7В003 7А тармағы бойынша бақыланатын жабдықты «өндіру» үшін арнайы әзірленген жабдық:
Ескерту: 7В003 тармағына енетіндер:
а. гироскоптарды реттеуге арналған сынақ қондырғылары;
b. гироскоптарды динамикалық теңдестіруге арналған қондырғылар;
с. Гиромоторды сынауға арналған қондырғылар;
d. Гироскоптың жұмыс заттарын толтыруға және құйып алуға арналған қондырғылар;
е. Гироподшипниктерге арналған центрифугтер;
f. Акселерометрдің осін калибрлеуге арналған қондырғылар.
7B003 | 8413 8421 19 200 9 8421 19 700 9 9031 10 000 0 9031 20 000 0 9031 80 (азаматтық авиациядан басқа) |
7B102 50 миллиондық үлес немесе одан аз (жақсы) өлшеу дәлдігі бар гироскоптардың лазерлік айналарының сипаттамаларын бағалау үшін арнайы әзірленген рефлектометрлер.
7В102 | 9031 80 (азаматтық авиациядан басқа) |
7B103 Мынадай «өндірістік қуаттар» мен «өндірістік жабдықтар»:
а. 7A117-тармақта сипатталған жабдықтар үшін арнайы әзірленген «Өндірістік қуаттар»;
b. «Өндірістік жабдық» және басқа да сынау, калибрлеу жабдығы, сонымен қатар 7А. сипатталған жабдықпен бірге қолдану үшін жобаланған және модификацияланған 7В001-7В003-тармақтарда көрсетілгеннен ерекшеленетін ысылуын тексеруге арналған жабдық.
7В103 | 8803 90 (азаматтық авиациядан басқа) 9306 30 300 0 9306 90 100 |
7С Материалдар
Жоқ
7D Бағдарламалық қамтамасыз ету
7D001 7А немесе 7В тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін арнайы құрылған немесе үлгіленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
7D001
7D002 7А003 немесе 7А004 тармақтары бойынша бақыланбайтын инерциялық жабдықты қоса алғанда, кез келген инерциялық навигациялық жабдықта немесе жағдай мен бағдарды бақылау жүйелерінде (ЖББЖ) «пайдалануға» арналған «бағдарламалар мәтіні».
Ескерту: 7D002 тармағы бойынша ЖББЖ платформалық кардандық «пайдалануға» арналған «бағдарламалар мәтіндері» бақыланбайды.
Техникалық ескерту:
Ауада ұшу аппаратының ЖББЖ, әдетте, инерциялық навигациялық жүйелерден (ИНЖ) ЖББЖ ауадағы жағдай туралы және бағыты (бағдары) туралы ақпарат беруімен және әдетте ИНЖ түсіретін жылдамдық, шапшаңдық және координаты туралы ақпарат бермейтінімен ерекшеленеді.
7D002
7D003 Басқа «бағдарламалық қамтамасыз ету», олар мынадай:
а. Жүйелердің навигациялық қателерінің қолданылып жүрген сипаттамаларын жақсарту немесе 7А003 және 7А004 тармақтарда көрсетілген деңгейге дейін азайту үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
b. Инерциялық мәліметтерді төменде санамаланған навигациялық мәліметтердің ішіндегі кез келгенімен тұрақты бірлестіріп отыру арқылы жүйелердің навигациялық қателерінің қолданылып жүрген сипаттамаларын жақсартатын немесе 7А003 және 7А004 тармақтарда көрсетілген деңгейге дейін азайтатын гибридті интеграцияланған жүйелерге арналған «бағдарламалар мәтіні»:
1. Доплер әсері бойынша радар айқындайтын жылдамдықпен;
2. Басты навигациялық спутниктік жүйелердің бақылау деректерімен (GPS немесе ГЛОНАСС); немесе
3. «Эталондық деректер базалары негізіндегі навигациялық жүйелерден» деректер («DBRN»);
с. Өлшеу бергіштерінің деректерін біріктіретін және «сараптау жүйелерін» пайдаланатын интеграцияланған авиациялық немесе ракеталық жүйелерге арналған «бағдарламалар мәтіні»;
d. Келесі жабдықты «әзірлеуге» арналған «бағдарламалар мәтіні»:
1. «Ұшуды жалпы басқаруға» арналған ұшуды басқарудың сандық жүйесі;
2. Ұшуды және қозғыштарды басқарудың интеграцияланған жүйелері;
3. Сымдар бойынша және жарық беру белгісі бойынша басқару жүйелері;
4. Ұшуды басқарудың істен шығуда берік және өздігінен қалыпқа келетін белсенді жүйелері;
5. Бағдарды басқаратын борттық автоматтық жабдықтар;
6. Үстірт кедергілер туралы мәліметтерге негізделген әуе-ақпарат жүйелері; немесе
7. Растровтық үлгідегі бастиекті проекциялық дисплейлер немесе үш өлшемді дисплейлер;
е. Технологиялары 7Е004.b, 7Е004.c.1, немесе 7Е004.c.2 тармақтары бойынша бақыланатын «ұшуды басқарудың белсенді жүйелерін», тікұшақты сымдар бойынша немесе жарық беру белгісі немесе тікұшақтың «бағытты бақылау немесе бақыланатын циркуляциялардың кері айналуы жүйелері» бойынша басқарудың көп координатты жүйелерін «әзірлеу» үшін арнайы әзірленген автоматты жобалау жүйелерін «бағдарламалық қамтамасыз ету»
7В103
7D101 7А001-ден 7А006-ға дейінгіні қоса алған, 7А101-ден 7А106-дейінгіні қоса алған, 7А115, 7А116.а., 7А116.b., 7В001, 7В002, 7В003, 7В102 немесе 7В103 тармақтарда сипатталған жабдықтарда «пайдалану» үшін арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
7D101
7D102 Мыналар сияқты интегралдық «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
a. 7A103.b тармағында сипатталған жабдықтар үшін интегралдық «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
b. 7A003 немесе 7А103.а тармақтарында сипатталған жабдықтар үшін әзірленген интегралдық «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
c. 7А103.с тармағында сипатталған жабдықтар үшін әзірленген және модификацияланған интегралдық «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
Ескертпе:
Әдетте интегралдық «бағдарламалық қамтамасыз етуде» Калман сүзгісінің негізіндегі алгоритмдер қолданылады.
7D102
7D103 7A117-тармақта сипатталған «командаларды пысықтау аспаптарын» модельдеу немесе имитациялау үшін 9A004-тармақ бойынша бақыланатын тасымалдағыш зымырандарға немесе 9A104-тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондтарға интеграциялау үшін арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
Ескертпе:
7D103-тармақта сипатталған «бағдарламалық қамтамасыз ету» ол 4А102-тармақта сипатталған арнайы әзірленген жабдықпен біріккен жағдайда да бақыланады.
7D 8523
7Е Технология
7Е001 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А, 7В немесе 7D тармақтары бойынша бақыланатын жабдық немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге» арналған «технологиялар».
7Е001
7Е002 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А немесе 7D тармақтары бойынша бақыланатын жабдықты» өндіруге» арналған «технологиялар».
7Е002
7Е003 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А001-ден 7А004-ті қоса алғанға дейінгі тармақтар бойынша бақыланатын жабдықты жөндеуге, күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге арналған «технологиялар».
Ескерту: 7Е003 тармағы бойынша бірінші және екінші деңгейлер бойынша техникалық қызмет көрсету сипаттамасында азаматтық ұшақтарға арналған тез ауыстырылатын блоктарды (ТЭЗ) немесе КДЗДРМ-дарды калибрлеумен, бөлшектеумен немесе ақаулы немесе пайдалануға жарамсыздарын ауыстырумен тікелей байланысты «Технологияларға» техникалық қызмет көрсету бақыланбайды.
Айрықша ескерту: 7В001 тармағына Техникалық ескертуді қараңыз.
7Е003
7Е004 Басқа «технологиялар», олар мынадай:
а. Төменде көрсетілгендерді «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технология»:
1. 5 МГц-дан жоғары жиілікте жұмыс істейтін борттық автоматтық пеленгациялық жабдықтар;
2. Үстірт статистикалық деректерге ғана негізделген әуе-ақпараттық жүйелер, яғни, стандартсыз әуе сынамаларынсыз бола алатын жүйелер;
3. Растровтық үлгідегі бастиектік проекциялық дисплейлер немесе «ұшу аппараттарына» арналған үш өлшемді дисплейлер;
4. 7А001 немесе 7А002 тармақтары бойынша бақыланатын, құрамында акселерометраттар немесе гироскоптар бар инерциялық навигациялық жүйелер немесе гирастрокомпастар;
5. «Ұшуды тікелей басқару» үшін арнайы әзірленген электрлі атқарушы тетіктер (яғни электромеханикалық, электрогидростатистикалық және интеграциялық атқарушы блоктар);
6. «Ұшуды басқарудың белсенді жүйелерінде» қолдану үшін арнайы әзірленген «ұшуды басқару жүйелерінің оптикалық берушілерінің тобы»;
b. «ұшуды басқарудың белсенді жүйелерін» «әзірлеу» «технологиялары» (сымдар немесе сигнал беру белгісі бойынша басқарылатын ұшу қамтылады):
1. «Уақыттың нақты шамасындағы» басқару заңдарын іске асыруға мүмкіндік беретін микроэлектрондық көптеген есептеу элементтерінің байланыстыру үшін конфигурацияны жобалау;
2. Басқарудың өлшегіш бергішінің немесе ұшу аппараты каркасының динамикалық жүктелімінің орналасуына байланысты өтем, мысалы, бергіштің тербеліс фонының немесе салмақ орталығына қатысты бергіштер орналасуы ауытқуының өтемі;
3. Қателерді айқындау, істен шығуға бекемділікті қамтамасыз ету, қателерді жою немесе оны қайта конфигурациялау үшін шамадан тыс мәліметтерді немесе жүйелер резервін электронды басқару;
Ескерту: 7Е004.b.3. тармағы бойынша табиғи шамадан тысты жобалау «технологиясы» бақыланбайды.
4. Уақыттың нақты шамасындағы ұшуда күш құрылымын және сәттерін дербес өзгертуге мүмкіндік беретін ұшу аппараттарын басқару;
5. Ұшуды басқарудың сандық жүйелерін, навигация жүйелерін және «ұшуды жалпы басқарудың» сандық жүйесіндегі қозғағыштарды басқару жүйелерінің деректерін интеграциялау;
Ескерту: 7Е004.b.5. тармағы бойынша:
а. «Ұшудың траекториясын оңтайландыруға» арналған ұшуды басқарудың цифрлық жүйесіне біріктірілген ұшуды, навигацияны басқарудың және қозғағыштың деректерін бақылаудың интеграцияланған цифрлық жүйесін «әзірлеу» «технологиялары»;
b. Тек қана СВЧ-диапазонды барлық бағыттағы радиомаякқа, алысты өлшеу аппаратураларына, «керместен» қондыру жүйесіне, СВЧ-диапазонының қондыру жүйесіне немесе қонуға төмендеу жүйесіне арналған навигацияның «авиациялық» құралдарын «әзірлеу» «технологиялары»;
6. Ұшуды цифрлық басқарудың толық жүйесі немесе «сараптық жүйелерді» пайдаланушы жүйелерді басқарушылардың жұмысын ұйымдастырудың көпжақты бергіштік жүйесі;
Айрықша ескерту: Қозғағыштарды басқарудың толық автономды электрондық-сандық жүйелері (ФАДЕК) үшін 9Е003.а.9 тармағын қараңыз.
с. Мынадай тікұшақ жүйелерін «әзірлеуге» арналған «технология»:
1. Мынадай функциялардың ең болмағанда екеуін бір басқарушы элементке біріктіретін сымдар немесе жарық беру белгісі бойынша басқарудың көпкоординатты құралдары:
а. Жетекші винтпен басқару;
b. Айналдыммен басқару;
с. Алмастырумен басқару;
2. «Бағытталған қозғалыс кезінде айналдыру сәтімен және бұрау күшімен басқару жүйелері»;
3. Қалақтармен басқарылатын жүйелерге арналған «аэродинамикалық бейіндердің ауыспалы геометриясымен» айналатын қалақтар.
7Е104
7Е101 7А001-7А006, 7А101-7А106, 7А115-7А117, 7В001, 7В002, 7В003, 7В102, 7В103, 7D101-7D103-тармақтарға сәйкес бақыланатын жабдықтарды «қолдану» үшін жалпы технологиялық ескертпеге сәйкес «технологиялар
7Е101
7Е102 Авиациялық электроникаларды және электрлік кіші жүйелерді электромагниттік импульстар мен сыртқы көздердің электромагниттік кедергілерінен қорғауға арналған «технологиялар»
а. Қорғау жүйелерін жобалау «технологиясы»;
b. Электр схемалары мен кіші жүйеден қорғалған конфигурацияларды жобалау «технологиясы»;
с. 7Е102.а. және 7Е102.b. тармақтарында пайдаланылған қорғау өлшемдерін айқындау «технологиясы».
7Е102
7Е104 Зымырандық жүйенің траекториясын оңтайландыру үшін ұшуды, жүргізуді, бақылаудың деректерін және ұшуды басқару жүйесіндегі мәліметтер қозғалысы туралы мәліметтерді интеграциялау «технологиялары;
7Е104
8-Санат
Теңіз ісі
8А Жүйелер, жабдық және компоненттер
8А001 Мыналар секілді су асты аппараттары және су беті кемелері:
Ескерту:
Су асты аппараттары жабдықтарының бақылау мәртебесін бағалау үшін қараңыз:
5-санат, 2-бөлім «Ақпаратты қорғау» - шифрланған ақпаратты беру құралдарына арналған;
6-санат - беру құралына арналған;
7 және 8-санаттар - навигациялық жабдықтарға арналған;
8А-санаты - су асты жабдықтарына арналған.
а. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзеге арналып жобаланған, адамның басқаруы арқылы жүзетін, сымдар арқылы басқарылатын су асты аппараттары;
b. Келесі сипаттамалардың кез келгенін ие, адамның басқаруы арқылы жүзетін, сымдар арқылы басқарылмайтын су асты аппараттары;
1. «автономиялы жүзу» үшін жобаланған және жүк көтергіштігі бар:
а. 10% немесе олардың өз салмағынан (ауадағы салмағы) көп; және
b. 15 кН немесе одан көп;
2. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзу үшін жобаланған; немесе
3. Мынадай сипаттамалардың барлығына ие:
а. Төрт адамнан немесе одан көп адамнан тұратын экипаждар үшін жобаланған;
b. 10 сағат бойы немесе одан да көп уақыт ішінде автономиялы жүзу үшін жобаланған;
с. Іс-қимыл радиусы 25 теңіз милі немесе одан көп;
d. Ұзындығы 21 м немесе одан аз;
Техникалық ескерту:
1. 8А001.b. тармағына қатысты «автономиялы жүзу» аппараттардың шнорхелсіз толық тереңдегенін, олардың барлық жүйелері жұмыс істейтінін және ең аз жылдамдықпен жүзуді қамтамасыз ететінін білдіреді, мұнда бату тереңдігі бойынша қажетті динамикаларды ескере отырып, су бетіндегі кеменің қатысуынсыз немесе су бетіне көтерілуі кезінде базалық қолдаусыз, тек тереңдік рулін пайдаланумен теңіз түбінде немесе теңіз жағалауында тереңдеуді қауіпсіз басқаруға болады. Аппараттардың су астындағы және су бетіндегі жағдайда жүру үшін қозғаушы жүйесі болады.
2. 8А001.b. тармағына қатысты «іс-қимыл радиусі» су асты аппараты алатын ең ұзақ арақашықтықтың жартысын құрайды.
с. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзу үшін жобаланған, адам басқармайтын, сымдар арқылы басқарылатын, мынадай сипаттамалардың кез келгенін ие су асты аппараттары:
1. 8А002.а.2. тармағына сәйкес бақыланатын, қозғағыштарды немесе тарту қондырғысын пайдалана отырып өздігінен жүретін маневр жасау үшін әзірленген; немесе
2. Деректерді берудің талшық-оптикалық желісі бар;
d. Адам басқармайтын, сымдар арқылы басқарылмайтын, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие су асты аппараттары:
1. Адамның қатысуынсыз уақыттың нақты шамасындағы кез келген географиялық бағдардың бағытын салуға қол жеткізу міндеттерін шешу үшін әзірленген;
2. Акустикалық деректерді немесе нұсқауларды беру арнасы бар; немесе
3. 1000 метрден астам ұзындық бойынша деректер берудің талшықты-оптикалық желісі немесе нұсқауларды беру желісі;
е. 250 метрден асатын тереңдіктегі объектілерді құтқаруға арналған және мынадай сипаттамалардың кез келгенін ие, көтеру күші 5 МН-дан астам мұхиттағы құтқару жүйесі:
1. Навигациялық жүйе белгілейтін берілген нүктеге қатысты 20 м шегінде тұрақтандыруға қабілетті жағдайларды динамикалық басқару жүйелері; немесе
2. Берілген нүктеге қатысты 10 м шегіндегі қалыпты қабылдау дәлдігімен 1000 метрден асатын тереңдікке арналған су түбіндегі навигациялар мен навигациялық интеграция жүйелері;
f. Әуе көпшілікті (үстіңгі конфигурациясы толық өзгерген), мынадай сипаттамалардың барлығына ие амфибиялық кемелер:
1. Жүк толық тиелген кездегі 30 тораптан астам толқынның биіктігі 1,25 м (теңіздің 3-жағдайы) немесе одан көп жағдайдағы ең көп жобалы жылдамдық;
2. 3830 Па-дан астам амортизациялық қысым; және
3. Жүк тиелмеген және жүк толық тиелген кеменің су ығыстыруының арақатынасы 0,70-тен кем;
g. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 40 узел немесе одан асатын ауа көпшілікті (үстіңгі конфигурациясы өзгермейтін) амфибиялық кемелер;
h. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 40 узел немесе одан асатын, қанатын автоматты басқаруға арналған белсенді жүйелері бар су асты қанаттары бар кеме;
і. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие, «ватерлинии жазықтығының алаңы шағын кемелер»:
1. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 35 узел немесе одан асатын, су ығыстырғыштығы 500 тоннадан асатын; немесе
2. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 4 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 25 узел немесе одан асатын, су ығыстырғыштығы 1500 тоннадан асатын;
Техникалық ескерту:
«Ватерлинии жазықтығының алаңы шағын кеме» мына формула бойынша анықталады: су ығыстыруының операциялық жобалы батуы кезінде 2 х-ден кем болатындай белгілі жағдайдағы ватерлинии жазықтығының алаңы (су ығыстыруының операциялық жобалы батуы)
8А001 а. 8А001 b. 1. 8А001 b. 2. 8А001 b. 3. 8А001 с. 1. 8А001 с. 2. 8А001 d. 1. 8А001 d. 2. 8А001 d. 3. 8А001 е. 8А001 f. 8А001 g. 8A001 h. 8A001 і. | 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8905 90 900 0 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 |
8А002 Мыналар секілді жүйелер немесе жабдықтар:
Ескерту: Су асты байланысы жүйелеріне қатысты 5-санаттың Телекоммуникациялар деген 1-бөлімін қараңыз.
а. 1000 метрден асатын тереңдікке жүзу үшін жобаланған, су асты аппараттарына арналған арнайы әзірленген немесе модификацияланған жүйелер мен жабдықтар, олар мынадай:
1. Камераларының ең үлкен ішкі диаметрі 1,5 метрден асатын, жоғары қысымға төтеп беруге қабілетті үй-жай немесе корпус;
2. Тұрақты ток электр қозғағышы немесе тарту құрылғылары;
3. Оптикалық талшық пайдаланылатын және синтетикалық материалдардан жасалған күш элементтері бар кабельдік ажырағыштар мен оларға арналған жалғастырғыштар;
b. 8А001-тармақта баяндалған су асты аппараттарының қозғалысын автоматты түрде бақылауға арналған, навигациялық деректері бар және жабық контурмен сервобасқарылатын құралы бар арнайы әзірленген немесе модификацияланған жүйелер:
1. Су бағанының берілген нүктесіне қатысты 10 м шегіндегі аппараттың қозғалысын басқаруға қабілетті;
2. Су бағанының берілген нүктесіне қатысты 10 м шегіндегі аппаратты қалыпты жағдайда ұстап тұру; немесе
3. Теңіз түбінде немесе түбінің астында жатқан тросты (кабель) бойлай жүру кезінде 10 м шегіндегі аппаратты қалыпты жағдайда ұстап тұру;
с. Талшықты-оптикалық корпустық ажыратқыштар немесе жалғағыштар;
d. Су асты байқау жүйелері, мыналарды қамтиды:
1. Телевизиялық жүйелер мен телевизиялық камералар, олар мынадай:
а. Ауа ортасында 800 желіден астам өлшенген шекті шешімі бар, су асты кемесін дистанциялық басқару үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған телевизиялық жүйелер (камераны, мониторинг үшін және дабыл беруге арналған жабдықты қоса алғанда),
b. Ауа ортасында 1100 желіден астам өлшенген шекті шешімі бар су асты телекамералары;
с. Жарық түсуінің деңгейі төмен объектілерді түсіруге арналған, төменде аталған компоненттердің барлығын қамтитын, су астында пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған телевизиялық камералар:
1. 6А002.а.2.а. тармағы бойынша бақыланатын бейнелеу күшейткіші бар түтікшелер; және
2. Қатты денелі қабылдағыш алаңына түсетін 150000-нан астам «белсенді пикселдер»;
Техникалық ескерту:
Телевизиядағы шекті шешім көлденеңді (жолды) шешіммен өлшенеді және әдетте, Электротехника және радиоэлектроника жөніндегі инженерлер институтының ЭРИИ (АҚШ) 1ЕЕЕ 208/1960 стандартын немесе осы стандарттың кез келген эквивалентін пайдаланатын мәтін кестесінде ажыратылатын кескін биіктігінің ең көп санымен айқындалады.
2. Қайта шашыраудың тиімділігін азайту тәсілін пайдаланатын, қашықтық мәнінің белгілі бір диапазонында дыбыс өткізумен сәуле түсіруді қоса, су асты кемелерін дистанциялық басқаруға арналған арнайы әзірленген немесе модификацияланған жүйелер немесе «лазер» жүйелері;
е. лента көлемі 35 мм немесе одан көп, 150 м-ден астам тереңдікте су астында қолдану үшін арнайы жобаланған немесе модификацияланған фотодиапозитивтік камералар, олар мынадай құрамалардың кез келгенін ие:
1. Камераға қатысты сыртқы көздер ұсынған деректер жазылған таспа аннотация;
2. Кері фокустік аралықты автоматты түрде түзету;
3. 1000 метрден асатын тереңдікте су асты суретке түсіру бокстерінің жұмыс қабілеттерін қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген автоматты компенсациямен басқару;
f. 50-ден астам экспонирленген кадрларды цифрлық нысанда сақтаған қабілетті, су астында пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған электрондық бейнелеу жүйелері;
g. Су астында қолдануға арналған арнайы әзірленген немесе модификацияланған жарық түсіретін жүйелер:
1. Бір жарық шашқанда 300 Дж-дан астам және секундына 5-тен астам жарық шашу жылдамдығы бар стробоскоптикалық сәулелі жүйелер;
2. 1000 метрден астам тереңдікке пайдалану үшін арнайы әзірленген аргонодоғалық сәулелі жүйелер;
h. «Ішкі бағдарламамен басқарылатын», мамандандырылған ЭЕМ пайдалана отырып басқарылатын су астында қолдануға арнайы әзірленген және мынадай құрамалардың кез-келгеніне ие «жұмыстар»:
1. Сыртқы объектіге түсетін күш-қуатты немесе айналу сәтін, сыртқы объектіге дейінгі қашықтықты немесе робот пен сыртқы объектінің арасындағы өзара контактілік (таксильдік) әрекеттесуді өлшейтін беру құралдарынан алынған ақпаратты пайдалана отырып, «роботты» басқаратын жүйелер; немесе