101-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерi мен өзге де жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру
1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерi мен өзге де жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін жұмыс өтіліне қарай ай сайын лауазымдық жалақысына пайызбен мынадай мөлшерлерде еңбек сіңірген жылдары:
1) үш жылдан асқанда - он бес пайыз;
2) бес жылдан асқанда - жиырма пайыз;
3) он жылдан асқанда - отыз пайыз;
4) он бес жылдан асқанда - қырық пайыз;
5) жиырма жылдан асқанда - елу пайыз үстемеақы төленеді.
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы төлеу үшін өтіл Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен есептеледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті органда, оның ведомствосында, сондай-ақ ведомствосына ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының және ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың өзге де қызметкерлері нысанды киіммен және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі.
102-бап. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды медициналық қамтамасыз ету
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызмет (жұмыс) орны немесе тұрғылықты жері бойынша тиісті бөлімшелері бар медициналық ұйымдар, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда медициналық көмекке құқығы бар.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде аталған адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша медициналық ұйымдар көрсететін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің осы бапта көрсетілген құқықтары мен жеңілдіктері әскери қызметтен (жұмыстан) жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған, қызметінің (жұмысының) жалпы ұзақтығы жиырма және одан көп жылды құрайтын азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлеріне қолданылады.
Азаматтық қорғаныстың шақыруы бойынша әскери қызметшілердің, ведомствоның білім беру ұйымдары курсанттарының медициналық көрсетілімдері болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда тегін медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсетілу құқығы сақталады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық қорғау органдарына және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қызметке (жұмысқа) тұратын азаматтар міндетті түрде медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығы деңгейін тексеруден, кәсіби қасиетін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өтеді, солардың нәтижелері бойынша олардың қызметке (жұмысқа) жарамдылығы айқындалады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің емделуде үзіліссіз болып, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында жекелеген аурулар бойынша емделуде болудың бұдан да ұзақ мерзімдері көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиіс. Қызметкердің емделуде үзіліссіз болуының белгіленген мерзімі өткеннен кейін ол одан әрі қызметке (жұмысқа) жарамдылығы туралы мәселені шешу үшін медициналық куәландыруға жатады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануына, контузия алуына немесе мертігуіне байланысты емделуде болу уақыты мерзіммен шектелмейді. Аталған адамдар медициналық куәландыруға ем аяқталғаннан кейін немесе аурудың нәтижесі белгілі болған кезде жіберіледі.
103-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi
1. Құтқарушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Құтқарушылар мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан шарттар негізінде түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн.
3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда, асырауындағыларға оның соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде мертігуінің, жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, ауыруының салдарынан мүгедектiк белгiленген кезде оған мынадай мөлшерлерде:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке - жалақысының бес еселенген жылдық мөлшерiнде;
2) үшінші топтағы мүгедекке - жалақысының екi еселенген жылдық мөлшерінде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде еңбекке қабiлеттілігінен тұрақты айырылып мертіккен, жарақаттанған, жараланған, контузия алған, ауырған жағдайда, оған мүгедектiк белгiленбей, жалақысының жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
6. Егер құтқарушының қаза табуы (қайтыс болуы), мертігуі, жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, ауыруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты емес мән-жайларға қатысты болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында айқындалған бiржолғы жәрдемақы төленбейдi.
7. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан құтқарушысын жерлеуге арналған жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін мөлшерде беріледі.
8. Осы баптың 3, 4, 5 және 7-тармақтарына сәйкес жәрдемақылар авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың қаражаты есебінен төленеді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың шығындары зиян (нұқсан) келтірушінің есебінен толық көлемде өтеледі.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру- Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Еңбек жағдайы зиянды әрi қауiптi ұйымдарға қызмет көрсететiн кәсiби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында осы ұйымдардың жұмыскерлері үшiн белгiленген құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi қолданылады. Олардың жалақысының мөлшері өздері қызмет көрсететін қауіпті өндірістік объектілердегі тиісті санаттардағы жұмыскерлердің жалақысының мөлшерінен төмен болмауға тиіс.
11. Осы бапта көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушыларына, сондай-ақ құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға оларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартқан кезде қолданылады.
9-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
19-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
104-бап. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру
1. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) ұйымдардың қаражаты;
3) азаматтардың, қорлардың және қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қаражат көздері есебінен жүзеге асырылады.
105-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
106-бап. Азаматтық қорғау саласындағы дауларды шешу
Азаматтық қорғау саласындағы дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешеді.
107-бап. Азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мынадай бағыттарына:
1) шет елдердің ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен бірлесіп, тұрақты негізде төтенше жағдайлар мониторингін және болжамын жүргізуге;
2) төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл жасау және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарды құруға және олардың қызметін қамтамасыз етуге;
3) шет елдерге гуманитарлық көмек көрсетуге;
4) қазақстандық мамандарды шет елдерде оқытуға;
5) шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасында оқытуға;
6) Қазақстан Республикасында және шет елдерде семинарлар, конференциялар, оқу-жаттығулар мен тренингтер өткізуге;
7) төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаудың әртүрлі аспектілері бойынша ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүзеге асыруға қатысады.
108-бап. Шетелдіктердің, шетелдік және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағындағы халықты азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметі
Шетелдіктердің, шетелдік және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу, жою жөніндегі қызметі, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе немесе халықаралық шарттарда регламенттелетін болса, жүзеге асырылады.
20-тарау. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
109-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші жойылды деп танылсын:
1) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);
2) «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);
3) «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат);
4) «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);
5) «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);
6) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; №11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы сәуірдің 11-і.
№ 188-V