Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы
(2015.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының астанасы
2-бап. Астананың мәртебесі туралы заңнама
3-бап. Астананың рәміздері
4-бап. Қаланың атақтары және ынталандырымдары
5-бап. Астананың аумағы және қала маңы аймағы
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
2-тарау. Астанадағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері
7-бап. Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының міндеттері
8-бап. Астана мәслихатының өкілеттіктері
9-бап. Астананың жергілікті атқарушы органының өкілеттігі
10-бап. Астананың әкімі
11-бап. Астананың коммуналдық меншігі
12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
13-бап. Астананың инфрақұрылымы
3-тарау. Астана жер қатынастарын құқықтық реттеудің ерекшеліктері
14-бап. Мемлекет мұқтаждары үшін жер учаскелерін алып қою ерекшеліктері
15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының станасы
1. Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып табылады.
2. Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы (бұдан әрі - астана) ретінде:
1) мемлекеттің саяси және әкімшілік орталығы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» Резиденциясында сақталатын Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондары орналасқан жер болып табылады.
3. Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» Резиденциясы, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, Жоғарғы Соты және өзге де орталық мемлекеттік органдары орналасқан.
Жекелеген орталық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының астанасынан тыс жерде орналасуы мүмкін.
2-бап. Астананың мәртебесі туралы заңнама
1. Астананың мәртебесі туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта, осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Астананың рәміздері
Астананың өз рәміздері: елтаңбасы, туы және гимні бар.
Рәміздердің сипаттамасын және оларды пайдалану тәртібін астананың мәслихаты айқындайды.
4-бап. Қаланың атақтары және ынталандырымдары
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Астана қаласының экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымы мен мәдениетін дамытудағы ерекше еңбегі үшін астана әкімінің ұсынуы бойынша мәслихат «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беруі мүмкін.
2. Астананың жергілікті өкілді органы (мәслихаты) мен жергілікті атқарушы органы (әкімдігі) ынталандырудың өзге де түрлерін белгілеуге және қолдануға құқылы.
5-бап. Астананың аумағы және қала маңы аймағы
1. Астананың аумағын Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін және өзгертетін Астана қаласы әкімшілік-аумақтық бірлігі шекарасындағы жер, су объектілері құрайды.
2. Қаламен біртұтас әлеуметтік, табиғи және шаруашылық аумақты құрайтын қала шегінен тыс жерлер астананың қала маңы аймағын құрайды, оның көлемі мен шекарасын астананың мәслихаты мен әкімдігінің және аумағы қала маңы аймағына қосылған облыс мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және өзгертеді.
Қала маңы аймағына қосылған жерлерді пайдаланудың тәртібі мен режимін астананың мәслихаты мен әкімдігінің аумағы қала маңы аймағына қосылған облыс мәслихатымен және әкімдігімен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
1) мыналарды:
астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерін;
жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету ережелерін бекіту;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2-тарау. Астанадағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері
7-бап. Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының міндеттері
Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қаланың Қазақстан Республикасының астанасы функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеттері:
1) астананың Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, мәдени және экономикалық орталығының рөлін орындауы үшін жағдай жасау;
2) астананың әлемдегі басқа астаналар арасындағы бәсекелестік мүмкіндіктерін арттыру, орнықты дамыған қаланы құру;
3) астананы халықаралық қатынастар орталығы ретінде дамыту;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, Жоғарғы Соттың, өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
5) жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу үшін жағдай жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруы болып табылады.
8-бап. Астана мәслихатының өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астананың мәслихаты өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарымен халықаралық байланыстар орнатады;
2) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) мыналарды:
астананы дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының жоспарларын, астананың бюджетін және оның орындалуы туралы есептерді;
астанада сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы ережелерді;
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекітеді.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келіседі.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Астананың жергілікті атқарушы органының өкілеттігі
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астананың жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
1) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүліктің тізбесін бекітеді, республикалық меншікке жатқызылған заңды тұлғаларды қоспағанда, астана аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді жүзеге асырады;
2) Астана қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асырады;
3) Астана қаласының коммуналдық меншігін жекешелендіру жөніндегі қатынастарды реттейтін қаулылар шығарады;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік кіріс органының сұратуы бойынша бір ай мерзімде арнайы экономикалық аймақ аумағына әкелінген тауарлар мен жабдықтардың құрылыс процесінде пайдаланылу фактісін растайтын құжаттарды береді;
5) арнайы экономикалық аймақ аумағының құрылысы процесіне қатысушы шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін жүргізеді;
6) арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметті жүзеге асыру жөнінде заңды тұлғалармен шарттар жасасады;
7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асырады;
8) астананың аумағында және қала маңы аймағында қолданылатын мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын әзірлеуге қатысады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген астананы дамыту мен салудың бас жоспарын, астананың қала маңы аймағына жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі субъектілердің қызметін үйлестіреді;
10) астана және қала маңы аймағы аумақтарын дамыту мен салудың бас жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастырады;
11) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) астананың қала құрылысы кеңесі үшін алдын ала қорытындылардың материалдарын дайындайды;
13) реконструкциялау объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру мерзіміне бақылау жасауды жүзеге асырады;
14) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері мен тәртібін әзірлейді;
16) астанада еңбек мәселелерін үйлестіреді және халықты жұмыспен қамту саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
17) астананы дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен астанада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды өткізу үшін жағдайлар жасайды;
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) қызметінің негізгі нысанасы - Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмнің дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ Астана қаласын халықаралық көрмеге даярлау болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
19) жылумен, энергиямен, сумен, газбен жабдықтау жүйесінің, кәріздің және су қашыртудың, жол қызметінің, астаналық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің, абаттандырудың, көгалдандырудың, қаланы санитарлық тазартудың, сондай-ақ тұрғын үй қорын инженерлік қамтамасыз етудің, пайдалану мен жөндеудің тиімді жұмыс істеуі саласындағы қызметті үйлестіреді;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 19-1), 19-2) 19-3) 19-4) және 19-5) тармақшалармен толықтырылды
19-1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды;
19-2) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың арасынан астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыратын уәкілетті ұйымды айқындайды;
19-3) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, астананың көп пәтерлі тұрғын үйлерін жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
19-4) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;
19-5) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды уәкілетті ұйым арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық өтеуді жүзеге асырады;
20) астана аумағында медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
21) ішкі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін дамыту мен олардың жұмыс істеуі саласындағы саясатты іске асырады;
22) қалалық шаруашылық объектілерінің, қаланы абаттандыру мен дамыту элементтерінің біртұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
23) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24) мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша транзиттік автомобиль көлігі қозғалысының схемалары мен тәртібін айқындайды;
25) ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) ұйымдастырады;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
26) мыналарды:
астана көшелерінің тізбесін;
автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын;
коммуналдық ақылы автоорынтұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды
27-1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оның қызметін үйлестіреді;
28) астана аумағында мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап-арыз береді.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды
29) Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 30), 31), 32), 33), 34), 35) және 36) тармақшалармен толықтырылды
30) астананың қоғамдық көлігінде қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді және бекітеді;
31) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
32) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны айқындайды;
33) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
34) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ендіру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ Астана қаласын халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ Астана қаласын халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым:
1) Астана қаласының брендін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды астана әкімдігінің қарауына енгізуді және осы іс-шараларды іске асыруды жүзеге асырады;
2) астананың брендін ілгерілету бойынша астананың әкімдігіне қызметтер көрсетеді;
3) инвестициялар тартуды және туристік дестинацияны дамыту шеңберінде жобаларды іске асыруды жүзеге асырады;
4) жаңартылатын энергия көздері саласында индустриялық-инновациялық қызметті дамытуды жүзеге асырады;
5) астанада іскерлік туризмді дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ілгерілетеді;
6) жергілікті және шетелдік туристерге астана туралы қажетті ақпарат береді;
7) туризм саласында инновациялық шешімдер іздеуді, зерделеуді, тартуды және енгізуді жүзеге асырады;
8) астананың туристік әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) астананың әкімдігі айқындайтын өзге де қызметті жүзеге асырады.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды
9-2-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын
1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталғаны туралы меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды хабардар етуді қамтамасыз етеді;
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын айқындауды қамтамасыз етеді, өтем мөлшерін айқындайды;
3) алып қойылатын жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатудың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді;
4) алып қойылатын мүліктің меншік иелерімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылармен келіссөздер, келісу рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де мүлікті мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша соттарда астана әкімдігінің мүдделерін білдіреді;
6) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын және өтелуге жататын шығындарды өтеу төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеуді қамтамасыз етеді;
7) жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз етеді.
2. Астананың жергілікті атқарушы органы осы баптың 1-тармағында айқындалған мемлекеттік кәсіпорыннан мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласында көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алады.
10-бап. Астананың әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астана әкімі өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасының Президентімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, Үкіметімен, өзге де орталық мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттер өкілдерімен қатынастарда астананың атынан өкілдік етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тікелей астана мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келіседі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына астананың жұмыс істеуі мен оны дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да ұсыныстар енгізеді;
4) астанада жалпымемлекеттік және халықаралық сипаттағы іс-шараларды өткізу туралы мәселелерді шешуге қатысады;
5) тиісті мемлекеттік органдарға астана аумағында орналасқан республикалық меншіктегі, қаланың астана функцияларын орындауын қамтамасыз ету үшін зор маңызы бар объектілерді қаланың коммуналдық меншігіне беру туралы ұсыныстар енгізеді.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Астананың коммуналдық меншігі
Астананың коммуналдық меншігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік меншігінің құрамдас бөлігі болып табылады және мыналардан:
1) жеке меншіктегі жер учаскелерін қоспағанда, астана аумағындағы жер учаскелеріне меншіктен;
2) астана әкімдігі акционері (қатысушысы) ретінде болатын акционерлік қоғамдардағы акцияларға, жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестеріне меншік құқықтарынан;
3) астана көшелерінен, жылжымайтын мүлікке меншіктен;
4) астана әкімдігі меншік иесі ретінде болатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкінен;
5) өзге де мүлік пен құқықтардан, оның ішінде мүліктік құқықтардан, активтерден тұрады.
12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
1. Астана қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі Астананың бас жоспарына, қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтік құжаттарға) сәйкес және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
2. Астана аумағын дамыту және құрылыс салу бас жоспарының мәселелерін жалпы үйлестіру үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің, астана әкімдігінің өкілдерінен, отандық және шетелдік сәулетшілерден тұратын консультациялық-кеңесші орган болып табылатын сәулетшілік кеңес құрады.
Сәулетшілік кеңестің құзыретіне:
1) астана аумағының қала құрылысы қызметін және құрылысын салуды дамыту бағыттарын әзірлеу және айқындау;
2) сәулетшілік кеңес туралы ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Астананың сәулетшілік кеңесінің жеке құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Сәулетшілік кеңес жыл сайын отырыс өткізеді.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Астана аумағының құрылыс салу мәселелерін қарау және үйлестіру үшін астана әкімі астананың қала құрылысы кеңесін құрады.
Астананың қала құрылысы кеңесін астана әкімі басқарады.
Астананың қала құрылысы кеңесінің құрамына астана әкімдігінің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органының, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауының басшысы, жетекші сәулетшілер кіреді. Қала құрылысы кеңесінің жұмысына қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың өкілдері және өзге де адамдар тартылуы мүмкін.
Астананың қала құрылысы кеңесі:
1) астана аумағындағы және қала маңы аймағындағы сәулет-қала құрылысы жобаларын қарайды;
2) астананы монументті-көркем безендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды қарайды және енгізеді;
3) қала құрылысы кеңесі туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Қала құрылысы кеңесі отырысының мерзімділігін астана әкімі айқындайды.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында жергілікті атқарушы орган көп пәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қарауды жүргізеді.
Техникалық зерттеп-қарау актілерінің негізінде астананың жергілікті атқарушы органы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын үйлердің тізбесін айқындайды.
Астананың жергілікті атқарушы органы үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы:
уәкілетті ұйымды тарта отырып, астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жөндеуді жүргізу туралы;
мердігер ұйымды таңдау туралы;
астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды толық өтеу жөніндегі өтінішті кондоминиум объектілерін басқару органы арқылы беру туралы шешім қабылдайды.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде кондоминиум объектісін басқару органы уәкілетті ұйыммен жөндеуді жүргізуді ұйымдастыруға арналған шарт жасасады.
Кондоминиум объектісін басқару органымен жасасқан шарт және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде уәкілетті ұйым мердігер ұйыммен шарт жасасады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым кондоминиум объектісін басқару органымен бірге мердігер ұйымнан жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды.
Кондоминиум объектісін басқару органы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді.
Уәкілетті ұйым мердігер ұйымға орындалған жұмыстарының көлемі үшін ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алған және көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеуге арналған қаражат есебінен жүзеге асырады.