1-тармақтың 31) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
31) 75-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;»;
32) 79-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалар көрсетілген, жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесі;»;
33) 82-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдар айқындайтын, арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдерін қоспағанда, бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
34) 85-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомалары:
бюджеттік бағдарламалар деңгейінде - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің бюджеттік бағдарлама бойынша шығыс сомасына;
бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейінде - бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыс сомасына сәйкес келуге тиіс.»;
9, 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін өзгертпейтін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді өздері дербес енгізеді.
Бюджеттің атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуі пайда болған жағдайда:
Республикалық бюджет комиссиясында қарамастан, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;
бюджеттік даму кіші бағдарламасында көзделмеген жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларға және бюджеттік инвестициялық жобалар құнының қымбаттауымен байланысты шығыстарға қаражатты қайта бөлуді қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша пайда болған үнемдеу сомасын тиісті бюджет комиссиясында қарамастан бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен бір бюджеттік бағдарлама ішінде бюджеттік даму кіші бағдарламасына қайта бөлуге құқылы;
қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, мемлекеттік мекемелер қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде қайта бөлуге құқылы.
9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражатты ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражатты ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
9-3. Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығыстар көлемін өзгертпей, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:
1) тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның немесе бюджеттік бағдарламаның ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында өздері дербес;
2) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік кіші бағдарламаларды қоспағанда, тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында;
3) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір бюджеттік даму кіші бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында;
4) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік даму кіші бағдарламалары арасында қайта бөлуге құқылы.»;
35) 88-баптың 1-тармағы 9) тармақшасындағы «байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «байланысты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) қазынашылық қолдап отыру шеңберінде бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге аударылатын ақшаны есепке жатқызуға және пайдалануға (бұдан әрі - мемлекеттік сатып алу шоттары) байланысты операцияларды есепке алуға арналады.»;
36) 91-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдағы шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау және есепке жатқызу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
37) 94-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
38) 96-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.
Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысты грант туралы халықаралық шарт шеңберіндегі азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер:
қарыз немесе байланысты грант қаражаты есебінен - қарыз немесе байланысты грант қаражатының қолжетімділік мерзімінен аспайтын мерзімге;
республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен - қарыз қаражатының қолжетімділік мерзімі аяқталатын қаржы жылының соңына дейінгі мерзімге жасасады.»;
5-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға, бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге, жұмыстарды ұсынуға;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттарды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейін тіркеуге жол берілмейді.»;
39) 97-бапта:
3-тармақта:
екінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аударуы төлемнің қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттың өзге де түрінің негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде жүзеге асырылады.»;
«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға (толтыруға) бөлінген және есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан пайдаланылмаған қалдықтар:
қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен бюджеттік инвестициялардың ағымдағы қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіп және (немесе) жаңасын әзірлей отырып, жаңа және (немесе) ағымдағы жобаны (жобаларды) іске асыруға бағыттау;
егер үнемдеу сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, үнемделген қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органының (құрылтайшының) шешімі бойынша жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізбестен, даму мақсаттарына (жаңғыртуға, активтер сатып алуға) қолдану арқылы пайдаланылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Қазынашылық қолдап отыру шеңберінде объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бас мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарынан жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары бас мердігер бекіткен тізбе бойынша қосалқы мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарына жүзеге асырылады.»;
«5-2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қазынашылық қолдап отыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлем тапсырмаларын:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: төлем сертификатының және электрондық шот-фактураның бар-жоғына;
2) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруден тұрады.»;
6-1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі, объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаны іске асыратын бас мердігер және қосалқы мердігер:»
5) тармақшадағы «қамтамасыз етеді» деген сөздер «қамтамасыз етеді және олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
«6-2. Қазынашылық қолдап отыру шеңберінде объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыратын бас мердігерлер және қосалқы мердігерлер осы баптың 5-2-тармағында көрсетілген растаушы құжаттардың анықтығы мен негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
40) 104-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Кодекстің 45-бабы 4-2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихаттың шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттары қаржыландырылған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының тиісті қаржы жылының соңындағы жылдық сомасынан асып кеткен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қайтаруына;»;
41) 106-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «кеміген» деген сөз «кеміген немесе ұлғайған» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 107-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Республикалық бюджетті нақтылау ағымдағы қаржы жылы ішінде бір рет жүзеге асырылады.
Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті қайтадан нақтылауға:
1) республикалық бюджеттің түсімдері ағымдағы қаржы жылында олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға кеміген немесе ұлғайған;
2) республикалық бюджеттің шығыстары ағымдағы қаржы жылында олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға күтілетін игерілмеген жағдайларда жол беріледі.
1-2. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген ережелер осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында, 20-бабының 5-тармағында, 106-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған жағдайларда республикалық бюджетті нақтылауға қолданылмайды.»;
4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;»;
4-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.»;
43) 110-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес мемлекеттік мекемелердің қабылданған міндеттемелері бойынша бюджет қаражаты ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейін бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайды.»;
44) 111-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) Республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражат республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлінген;»;
45) 113-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«113-бап. Нәтижелерді бағалау
1. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің ел немесе өңір экономикасының, экономиканың жекелеген саласының (аясының), қоғамның дамуына әсер етуін объективті бағалау, мемлекеттік орган қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау нәтижелерді бағалау болып табылады.
2. Нәтижелерді бағалау:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес жүргізілетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалауға;
2) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін тиімділік аудитіне;
3) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін Жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес жүргізілетін орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауға негізделеді.
3. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының нәтижелерін бағалау:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын таңдаудың негізділігін, олардың түсінікті және анық жазылуын талдауды;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізбеу немесе асыра орындау себептерін көрсете отырып, оларға қол жеткізілуін талдауды;
3) осы Кодекстің 62-бабы 3-тармағының төртінші бөлігінде көзделген органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалары мақсаттарының өзара байланысының болуын талдауды;
4) нәтижелерді бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдарды қамтуға тиіс.
4. Бюджеттік бағдарламаларда айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы және бюджеттік бағдарламаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
46) 151-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді іске асыру шеңберінде инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.»;
47) 153-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жыл сайынғы бюджеті ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға арналған инвестициялық шығындардың жалпы құнының 10 пайызынан аспайтын, ақпараттық жүйелерді дамытуды көздейтін және құқық нормаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.
Ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
48) 154-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін бюджеттік инвестицияларды іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде қаржылық-экономикалық негіздемелер енгізеді.
Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және нәтижесін бағалауды қамтитын құжатты білдіреді.
Заңды тұлғаны дамыту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға жол беріледі.
Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін төмендетуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
Бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынуынсыз бекітуге жол берілмейді.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің ағымдағы қаржы жылының төртінші тоқсанында бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне қаржылық-экономикалық негіздемеде айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін төмендетуді көздейтін түзету жүргізуіне жол берілмейді.»;
49) 154-1 және 154-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер жүргізуді қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартқа қол қою, сондай-ақ шартты тіркеу. Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау осы Кодекстің 154-2, 154-3, 154-4-баптарының нормаларын қолданбай, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың ережелері мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген бағдарламаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.