2) жәрдемақы алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі;
3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамды қоспағанда, жәрдемақы алушының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұруы.
Жәрдемақылар төлеуді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар өткеннен кейін жәрдемақыларды төлеу қайта басталады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2. Жәрдемақыны төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 8-бапты, 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. маусымның 28-і.
№ 63-III