Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 242 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақ ақпарат агенттiгi» республикалық қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 қазандағы № 1467 қаулысының 8-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi бастаған Қазақстан Республикасы үкiмет делегациясының 1995 жылғы наурызда АҚШ-қа сапары барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 22 маусымдағы № 858 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 22, 251-құжат):
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi бастаған Қазақстан Республикасы үкiмет делегациясының 1995 жылғы наурызда АҚШ-қа сапары барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралардың жоспарында;
реттiк нөмiрi 1, «Инвестициялық бағдарламалар мен жобаларын iске асырылу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау» деген жолдарда 5-бағандағы «ҚазТАГ» деген сөз «ҚАА» деген сөзбен ауыстырылсын;
»Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 19, 164-құжат):
аталған қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның жеке құрамынан Т.К.Есiлбаев шығарылсын.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1967 жылғы 27 ақпандағы № 200 өкімі;
«Қазақ КСР Министрлер Советiнiң жанындағы Ақпарат агенттiгi (ҚазТАГ) туралы ережеге өзгерту енгізу туралы» Қазақ КСР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 11 мамырдағы № 186 қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi