Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) білім беру қызметімен айналысуға лицензиясымен және (немесе) лицензияға қосымшасымен әрекеттер жасауға (білім беру қызметімен айналысуға лицензиясын тоқтату, қайта ресімдеу, тоқтатыла тұрғанына жаңа қосымшалар алу);
3) оқуға, оның ішінде басқа білім беру ұйымдарынан ауыстыру және қалпына келтіру арқылы қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.»;
15) 67-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның осы Заңның 57-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде белгiленген қолданылу мерзiмi осы норма қолданысқа енгізілген кезге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына берілген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға қолданылмайды.».
9. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «өтуге міндетті.» деген сөздер «өтуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспар жасауға;
8) денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын сақтауға міндетті.».
10. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 33-баптың 8-тармағындағы «Егер» деген сөз «Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген жағдайда білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 3-1-тармағында көзделген мерзімде қайта ресімделетін жағдайды қоспағанда, егер» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 2) тармақшасы 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 36-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Білім беру саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің және қайта ресімдеудің ерекше шарттары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде қолданылу мерзімі көрсетіледі.»;
10-тармақтың 3) тармақшасы 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 1-қосымшаның 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. | Білім беру қызметімен айналысуға лицензия | 1. Бастауыш білім беру. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
2. Негізгі орта білім беру. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
3. Жалпы орта білім беру. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
4. Біліктіліктері бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
5. Біліктіліктері бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
6. Кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары білім беру. | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі 5 жыл (әскери, арнаулы оқу орындарына берілген, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 3-1-тармағы қолданысқа енгізілгенге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына берілген лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда); 1-сынып |
7. Кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі 5 жыл (Сот төрелігі академиясына, әскери, арнаулы оқу орындарына берілген, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 3-1-тармағы қолданысқа енгізілгенге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына берілген лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда); 1-сынып |
8. Діни білім беру. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
».
11. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-бап мынадай мазмұндағы 47-2) және 51-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«47-2) лездік хабарлар алмасу сервисі – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған бағдарламалық қамтылымды қоспағанда, лездік хабарлар алмасуға не оларды нақты айқындалған тұлғаға (тұлғаларға) телекоммуникация желілерін пайдалана отырып нақты уақыт режимінде беруге арналған және (немесе) сол үшін пайдаланушылар қолданатын бағдарламалық қамтылым;»;
«51-1) онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервисін қоспағанда, белгілерді және (немесе) сигналдарды және (немесе) дауыстық ақпаратты және (немесе) жазбаша мәтінді және (немесе) кескінді және (немесе) дыбыстарды және (немесе) хабарларды орналастыру, қабылдау және (немесе) нақты айқындалған немесе айқындалмаған тұлғалар тобына беру арқылы пайдаланушының өзі жасаған дербес парақшасы арқылы ақпарат таратуына арналған интернет-ресурс және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервисі;»;
11-тармақтың 2) тармақшасы 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) мынадай мазмұндағы 18-2-баппен толықтырылсын:
«18-2-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік онлайн-платформаның және лездік хабарлар алмасу сервисінің қызметі
1. Бір ай ішіндегі орташа тәуліктік қолжетімділігі Қазақстан Республикасының аумағындағы бір жүз мыңнан астам пайдаланушыны құрайтын шетелдік онлайн-платформаның және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервисінің меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өзінің заңды өкілін тағайындайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі хабарлар алмасу бойынша корпоративішілік сервистердің, электрондық пошта қызметтерінің функцияларын жүзеге асыратын лездік хабарлар алмасу сервистеріне қолданылмайды.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында Интернетте қызметін жүзеге асыратын онлайн-платформа немесе лездік хабарлар алмасу сервисі Интернетте осы ресурсты пайдаланушылардың санын айқындау үшін бағдарлама орнатуға міндетті.
4. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган:
1) онлайн-платформаны немесе лездік хабарлар алмасу сервисін пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында онлайн-платформадан немесе лездік хабарлар алмасу сервисінен бір тәуліктегі пайдаланушылардың саны туралы ақпаратты сұратуға;
2) онлайн-платформа немесе лездік хабарлар алмасу сервисі Интернетте ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындауға арналған бағдарламаны орнатпаған жағдайда оларды пайдаланушылардың санын өз ресурстарымен айқындауға құқылы.
5. Шетелдік онлайн-платформаның бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілі уәкілетті органның нұсқамасын алғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
6. Шетелдік онлайн-платформаның және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервиснің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілі соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің орындалуын, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабында белгіленген мемлекеттік органдардың нұсқамаларын, ұсынуларын, хабарламаларын немесе шешімдерін қабылдауды, қарауды және олар бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.».
3) 35-баптың 7-тармағы «орынбасарларының» деген сөзден кейін «бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 66-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бір ай ішіндегі орташа тәуліктік қолжетімділігі Қазақстан Республикасының аумағындағы бір жүз мыңнан астам пайдаланушыны құрайтын шетелдік онлайн-платформаның және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервисінің меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері осы Заңның 18-2-бабы қолданысқа енгізілгеннен кейін алты ай ішінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өзінің заңды өкілін тағайындауға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап сақталмай, шетелдік онлайн-платформа немесе лездік хабарлар алмасу сервисі қызметінің жүзеге асырылуы жалғастырылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында олардың қызметіне шектеу қоюға құқылы.».
12. «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «бес жылда» деген сөздер «үш жылда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагог «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленеді.».
2-бап.
Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының бесінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарын, 8-тармағының 5), 13) тармақшаларын, 14) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын, 10-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 11-тармағының 2) тармақшасын;
2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 мамыр
№ 118-VII