6) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 60-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
60-бап. Актуарийді лицензиясынан айыру
1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
2) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) сақтандыру ұйымының пруденциялық нормативтердің талаптарын және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауына алып келген, актуарий Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзған;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) көрінеу жалған актуарий қорытындысы берілген;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) актуарий есептеулерiн жүргiзу, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретіндегі қызметті жүзеге асыру барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жария етiлген немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi органнан басқасына) берiлген;
4) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) сот актуарийдiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешiм шығаруға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензиат лицензиясынан айырылған болып есептеледi.
Актуарийді лицензиясынан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
61-бап. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-тарау. Қайта құру
2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 62-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта ұйымдастырылуы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы (бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүргізіледі.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
Өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға бұрын берілген барлық лицензияларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуын жүргізу үшін рұқсат алуға өтінішхат беру үшін осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы шешімінің болуы негіз болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналысының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органға осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады. Бұл тыйым салу осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап қолданылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлер жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті органға осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны өз еркімен қайта ұйымдастыру туралы шешімі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) қайта ұйымдастырылуын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары.
3) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргiзуге рұқсат алуға арналған өтiнiштi уәкiлеттi орган құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап отыз бес жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде өздерінің барлық сақтанушысына алдағы өзгерістер туралы тікелей хабардар ету және тиісті хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында жариялау арқылы хабар беруге міндетті.
7. Қайта ұйымдастырылу нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың талаптары:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болу шарттарының бірі орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
63-бап. Өз еркiмен қайта құрылуға рұқсат беруден бас тарту
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден уәкiлеттi орган мынадай негiздер бойынша:
1) көзделiп отырған өз еркiмен қайта құрылу нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылатын;
2) көзделiп отырған қайта құру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптары, сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер және осы Заң мен уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген өзге де талаптар бұзылатын;
2-1) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдері болмаған;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-2) тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2) болжалды қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптары бұзылатын;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;
4) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.
2. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
64-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
12-тарау. Тарату
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негіздері
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның ішінде банкроттық негізі бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) уәкілетті органның рұқсаты болған кезде өз акционерлерінің шешімі бойынша (ерікті таратылуы);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сот шешімі бойынша (мәжбүрлеп таратылуы) таратылуы мүмкін.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 66-бап өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 66-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетi
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кредиторлар мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату рәсіміне қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлар комитетiнiң құрамын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Кредиторлар комитетiнiң құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 67-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату ерекшеліктері
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осындай шешімнің көшірмесін жіберуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының оны ерікті түрде тарату туралы шешімі осы тармақшаға сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салуға алып келеді, бұл уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, осындай бас тартуға дейін қолданылады;
2) сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары (түрлері) бойынша лицензиясы (лицензиялары) бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (қатысушылары) болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына) беруге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтандыру портфелі осы Заңның 37-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен берілгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға өзін ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге міндетті.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде уәкілетті органға осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішхатқа тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар қоса берілуге тиіс.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат алуға өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжат келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
5. Ерікті түрде таратуға рұқсат алғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
6. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсаты алынғаннан кейін таратуды оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
68-бап. Өз еркiмен таратылуға рұқсат беруден бас тарту
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден уәкiлеттi орган мынадай негiздер бойынша:
1) көзделiп отырған өз еркiмен таратылу нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылған;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;
3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болмаған;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін оның қаражаты жетпеген;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелері болған жағдайларда бас тартады.
2. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге оның өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 69-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 69-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 69-бап өзгертілді
69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату ерекшелiктерi
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаннан және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген рәсімдер аяқталғаннан кейін уақытша әкімшілік өз өкілеттігін доғарады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін тарату комиссиясының төрағасына береді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган тағайындайды, олар:
1) уәкілетті органның қызметкерлері;
2) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкерлері;
3) оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар арасынан тағайындалуы мүмкін.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап:
1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар арасынан тағайындалған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды жүзеге асыруды және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуді қоспағанда, оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне билік етуге құқылы емес;
2) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым жүргізетін, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асыру туралы соттардың шешімдерін қоспағанда, соттардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
3) осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген шығыстарға, сондай-ақ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша төлемдерге байланысты талаптарды қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына кредиторлардың талаптары тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін;
4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне және сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;
6) басшы, ал қажет болған кезде өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сот уәкілетті органды және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды хабардар етеді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларға осындай шешімнің көшірмесін жібереді.
3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс істеп тұрған органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.
3-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы баптың 2-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көзделген салдарлар туындайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-3. Соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша шарттарды қоспағанда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.
4. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айырумен байланысты емес негіздер бойынша, уәкілетті орган оны лицензиядан айыру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.