өздері үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда өтiнiшке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi;
мемлекеттік корпорация операциялық бес күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi және осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса бере отырып қорға жiбередi;
әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың есептелу фактісі расталмаған жағдайда мемлекеттік корпорация өтінішті қоса берілген құжаттарымен төлеушіге қайтарады;
қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен ақшаны төлеушiге аудару үшiн қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық жеті күн iшiнде оны мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады;
мемлекеттік корпорация қайтаруға жататын әлеуметтік аударымдар сомалары бойынша есептелген қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің тағайындалу фактісін анықтаған жағдайда, мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдар сомалары келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күн ішінде оларды қордың шотына қайтарады;
қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша қор бас тарту себептері туралы ақпаратты кейіннен төлеушіні хабардар ету үшін мемлекеттік корпорацияға бередi;
мемлекеттік корпорация MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық (қате) есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын қордан қаражат келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей төлеушiге аударады;
мемлекеттік корпорация өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған сомаларды есептен шығарады;
мемлекеттік корпорация қорды әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың қайтарылған сомаларын аудару туралы операциялық бір күн ішінде электрондық нысанда хабардар етеді;
мемлекеттік корпорация мен қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың аударылуын, сондай-ақ қордан төленетін әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда
25. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қате жіберген жағдайда, банк «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды.
26. Қор келіп түскен және қайтарылған артық төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда
27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп-қисап ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың тiзiлiмдерiн ұсынады.
29. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.
Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 30, 31 және 32-тармақтармен толықтырылды
30. Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын төлеуші Мемлекеттік корпорациядан міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуына және тегін алуына болады.
31. Төлеуші міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінім толтырады және Мемлекеттік корпорацияға оның бөлімшелері арқылы ұсынады.
32. Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы төлеушіге береді.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдарды есептеу және
аудару және оларды өндіріп алу
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтiк
сақтандыру қоры»
акционерлік қоғамының басшысы
____________________________
Өтініш
кімнен ______________________________________________________________________
(әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеушiнiң
немесе төлеушi банктiң атауы)
_______________ №___ төлем тапсырмасымен қате (артық) аударылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын:
Р/с № | ЖСН | Т.А.Ә. бар болса | Кезең | Төленген сома | Қайтарылатын сома |
| | | | | |
атына қайтаруды жүргізуді сұраймын, референс, төлемнің жалпы сомасы __________, қайтарылатын жалпы сома ________, себебі (керегін белгілеу қажет):
? төлеушi немесе банк бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударған;
? алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған табысқа артық есептелген;
? «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;
? төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;
? төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген;
? төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасында қате жіберілген;
? төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;
? әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұлдар болып табылмайтын қаражат қордың шотына қате аударылған;
? дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
Төлеушінің атауы: _______________
Төлеушінің ЖСН/БЖН:____________
ЖСК:____________
Төлеушінің БСК:__________________
Төлеушінің банкі:_________________
Төлеушінің банктік шотының нөмірі: ___________
Қосымшалар:
Қажет болған жағдайда: өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталуын/тоқтатылуын растайтын құжаттың көшірмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) немесе әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі, бюджетпен есеп айырысу туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді, өтініштегі және төлеушінің төлем құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда - қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Қолдары:
Басшы _________________________
(Т.А.Ә. бар болса, қолы)
Бас бухгалтер: _____________________
(Т.А.Ә. бар болса, қолы)
Заңды мекенжайы: _____________
Төлеушінің байланыс телефондары:_______________
Телефон: +7 (____)_________________,
E-mail _____________________
Толтырылған күні 20 ____жылғы «___» ___________
Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөрмен (бар болса) расталады
(факсимилемен қол қоюға жол берілмейді).
Мөр орны
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдарды есептеу және
аудару және оларды өндіріп алу
қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша
Анықтама-растама
|
(әлеуметтік аударымдар төлеушiнiң атауы) |
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл төлеген кезде, мынадай төлем тапсырмаларына, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар тізімдерінде қателіктер жiберілгенiн растайды: |
|
Р/с № | Төлем тапсырмасының № | Төлем тапсырмасының күні | Төлем тапсырмасының жалпы сомасы | Референс | ЖСН | Т.А.Ә. | Туған күні | Қате аударылған (теңге) | Аударылуға тиісті (теңге) |
Кезең (ААЖЖЖЖ) | Сомасы (теңге) | Кезең (ААЖЖЖЖ) | Сомасы (теңге) |
| | | | | | | | | | | |
| |
Бірінші басшы | (Т.А.Ә.) |
(қолы) | |
Бас бухгалтер | (Т.А.Ә.) |
(қолы) | |
| | | | | | | | | | | | |
Мөр орны
3-қосымша. ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)