5. Егер салымшы сенім серiктестiгiнiң мүдделерi үшiн тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле жасаса, оның iс-әрекетiн серiктестiк мақұлдаған жағдайда ол мәмiле бойынша кредиторлардың алдында толық көлемде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы заң бойынша өндiрiп алынуы мүмкiн барлық мүлкiмен үшiншi тұлға алдында дербес жауап бередi.
6. Сенім серiктестiгiнiң салымшылары осы Заңда және басқа заң актілерінде, серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттердi атқаруы мүмкiн.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Толық серiктестер мен салымшыларының осы Заңда, басқа заң актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерiне кiрмейтiн iс-әрекет жасауға сенім серiктестiгiнiң салымшыларына мiндеттейтiн келісімдерi маңызсыз болып табылады.
8. Сенім серiктестiгiнiң салымшысы осы Заңда және басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген өзiнiң мiндеттерiн орындамау арқылы серiктестiкке немесе оның қатысушыларына зиян шектiрсе, толық серiктестер мұндай салымшыдан оны өтеудi, ал елеулi түрде зиян шектiрсе - оны сот тәртібімен серiктестiктен шығаруды талап етуге құқылы.
ҚР 19.06.97 ж. № 132-1; 22.04.98 ж. № 221-1 Заңдарымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Сенім серiктестiгiнiң жарғылық капиталы.
Қатысушылардың сенім серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi
1. Сенім серiктестiгiнiң жарғылық капиталы толық серiктестер мен салымшылардың салымынан құралады және жарғылық капиталға салым салған сәтте Қазақстан Республикасында заңмен белгiленген елу есептiк көрсеткiш мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
2. Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесiнiң жиынтық мөлшерi 50 проценттен аспауы керек. Бұл ретте сенім серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында салымшылардың толық серiктестiктердiң салымын (салымының бiр бөлiгiн) төлеу жөніндегі мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
3. Сенім серiктестiгiнiң жарғылық капиталының мөлшерi, оны құрау тәртібі мен мерзiмi серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленедi.
4. Қатысушылардың сенім серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi осы Заңдың 7-бабындағы ережелер бойынша анықталады.
29-бап. Сенім серiктестiгi құрылтай құжаттарының мазмұны
1. Сенім серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетiлуге тиiс, онда:
1) толық серiктестердiң бәрiнiң есiмi, сондай-ақ «сенім серiктестiгi» деген сөздер не болмаса;
2) «және компания» деген сөздер қосылған кемiнде бiр толық серiктестiң есiмi, сондай-ақ «сенім серiктестiгi» деген сөздер болады.
2. Сенім серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында сондай-ақ осы Заңдың 4-бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген мәлiметтер болуы керек.
30-бап. Сенім серiктестiгiнiң iсiн басқару
Сенім серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенім серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқаруы мен жүргiзуiнiң тәртібін олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi. Салымшылардың сенім серiктестiгiнiң iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхатсыз оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенім серiктестiгi салымшыларының толық серiктестердiң серiктестiк iсiн басқару жөніндегі iс-әрекетiн даулауға құқығы жоқ.
31-бап. Сенім серiктестiгi салымшыларының құрамын өзгерту
1. Салымшының сенім серiктестiгiнiң мүлкіндегі өз үлесiн (үлесiнiң бөлiгiн) басқа салымшыларға, толық серiктестерге немесе үшiншi тұлғаларға беруi, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, толық серiктестердiң барлығының келiсуiмен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
Үлесi басқа салымшыларға, толық серiктестерге немесе үшiншi тұлғаларға берiлген кезде сенім серiктестiгiнен шыққан салымшыға тиесiлi барлық құқықтар мен мiндеттер жиынтығы осымен бiр мезетте соларға өтедi.
2. Сенім серiктестiгiнiң салымшысы қаржы жылы аяқталған соң серiктестiкке қатысудан бас тарту жөнiнде мәлiмдеп, одан шығуға құқылы.
Салымшы өзiнiң сенім серiктестiгiне қатысудан бас тартуын, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын мәлiмдеуге тиiс.
Салымшы сенім серiктестiгiнен шыққан жағдайда осы Заңдың 17-бабында қарастырылған салдар күшiне енедi.
3. Кредитордың (кредиторлардың) серiктестiктiң мүлкіндегі салымшының үлесiне өндiрiп алуды қолдану тәртібі осы Заңдың 20-бабында белгiленедi.
4. Толық серiктестер серiктестiктiң жарғылық капиталына өздерiнiң мүлiктiк жарнасын толық салмаған жағдайда бiр немесе бiрнеше салымшыны толық серiктестердiң барлығының бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша сот тәртібімен шығарылуын талап етуге құқылы.
Сенім серiктестiгiнен шығарылған салымшыға, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серiктестiктiң жарғылық капиталына енгiзген салымдарының сомасы төленедi.
Егер салымшы сенім серiктестiгiнiң жарғылық капиталына ешқандай салым енгiзбесе, онда серiктестiктiң құрылтай құжаттарында салымдар енгізу үшiн белгiленген мерзiм бiткен күннен бастап 30 күн өткен соң, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серiктестiкке мүшелiгi доғарылады.
5. Сенім серiктестiгiнiң салымшысы - заңды тұлға тоқтатылған (таратылған немесе қайта құрылған) немесе серiктестiк салымшысы азамат қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда оның құқығын иелену Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
32-бап. Қатысушылардың сенім серiктестiгiнен шығуының салдары
Қатысушы (толық серiктес немесе салымшы) сенім серiктестiгiнен шыққан кезде серiктестiк мүлкіндегі қалған қатысушылардың үлесi, егер құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, қатысушының серiктестiктен шыққан күнiне белгiленген олардың бастапқы мөлшерiне барабар ұлғаяды.
33-бап. Сенім серiктестiгiне жаңа қатысушылар қабылдау
1. Сенім серiктестiгiне жаңа толық серiктестер мен салымшылар қабылдау толық серiктестердiң барлығының келiсуiмен ғана мүмкiн болады.
2. Жаңа толық серiктестер немесе салымшылар қабылданған ретте сенім серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарына мынадай өзгерістер енгiзiлуi мүмкiн:
1) қатысушылардың серiктестiк мүлкіндегі үлестерiнiң жаңа мөлшерi;
2) серiктестiктi басқару тәртiбіндегі өзгерістер;
3) жаңа толық серiктестер мен салымшылардың өз салымдарын серiктестiктiң жарғылық қорына енгізу мөлшерi, тәртібі, мерзiмi мен жолы;
4) жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажеттi өзгерістер.
34-бап. Сенім серiктестiгiнiң пайдасы мен шығынын бөлу
1. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, сенім серiктестiгiнiң пайдасы мен шығыны оған қатысушылардың барлығының арасында серiктестiк мүлкіндегі олардың үлесiне барабар мөлшерде бөлiнедi.
2. Қатысушылардың қайсысын болмасын серiктестiктiң пайдасын бөлiсуге немесе шығынын өтеуге қатысудан шеттету туралы келісімге жол берiлмейдi.
35-бап. Қатысушылардың сенім серiктестiгiнiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi
1. Толық серiктестерге сенім серiктестiгiнiң мiндеттемелерi бойынша осы Заңдың 24-бабында белгiленген тәртiппен өздерiнiң барша мүлкiмен бiрлескен қосымша жауапкершiлiк жүктеледi.
2. Салымшылар сенім серiктестiгiнiң мiндеттемелерi бойынша серiктестiктiң жарғылық қорына өздерi енгiзген салымдар сомаларының шегiнде жауап бередi.
36-бап. Сенім серiктестiгiн тоқтатудың ерекшелiктерi
1. Сенім серiктестiгi осы Заңдың 9-бабында көрсетiлген негiздерден басқа, сол сияқты одан барлық толық серiктестер немесе барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады.
Егер құрамында ең болмағанда бiр толық серiктес пен бiр салымшы қалса, сенім серiктестiгi сақталады.
2. Сенім серiктестiгiнде қалған толық серіктестер соңғы салымшы шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде немесе серiктестiкте қалған салымшылар соңғы толық серiктес шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде серiктестiктi сақтап қалу мақсатында онда жоқ салымшылар немесе толық серiктестер ретiнде серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда, сол сияқты толық серiктестер немесе салымшы азаматтар сенім серiктестiгiн толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы.
3. Егер сенім серiктестiгiнде толық серiктестер ғана немесе салымшылар ғана қалса, онда олар осы Заңдың 25-бабының 3-тармағында көзделген iс-әрекеттi жасауға құқылы.
4. Сенім серiктестiгi таратылған кезде салымшылар оның кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiнен салымдарды алуда толық серiктестерге қарағанда басым құқыққа ие болады. Сенім серiктестiгiнiң осыдан кейiн қалған мүлкi, егер құрылтай құжаттарында өзге тәртiп белгiленбесе, толық серiктестер мен салымшылар арасында олардың серiктестiк мүлкiне қосқан үлесiне барабар бөлiнедi.
III-тарау. Акционерлік қоғам
ҚР 22.04.98 ж. № 221-1 Заңымен III және IV тараулар алынып тасталды, V тарау III тарау болып саналды, 54-79-баптар тиiсiнше 37-62-баптар болып есептелдi ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен III(V) тарау және 37-61 баптар алынып тасталды
62-бап. Осы Заңдың күшiне ену тәртібі
Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының