11. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың интернет-ресурстарында мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға қатысты ақпарат орналастырылады.
12. Өзінің интернет-ресурсында ақпарат орналастыруға техникалық мүмкіндігі жоқ ақпарат иеленуші оны жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады.
13. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында жаңалықтар легін жаңарту күн сайын жүзеге асырылуға тиіс, өзге бөлімдерді жаңарту ақпарат алынған немесе құрылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
14. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсының басқа тілдердегі нұсқалары да болуы мүмкін.
15. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында қол жеткізу шектелген ақпарат орналастырылуға жатпайды.
16. Интернет арқылы нормативтік құқықтық актілерге тегін қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы да қамтамасыз етіледі.
17-бап. «Электрондық үкіметтің» веб-порталында ақпарат орналастыру
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Ақпарат пайдаланушылар осы Заңға сәйкес ақпарат иеленушілер «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдастарында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып орналастыратын ақпаратты ала алады және пайдалана алады, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген не «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдастарында авторландырылған жағдайда оны талқылауға қатыса алады.
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ашық деректердің интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер ашық деректерді орналастырады.
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы халқының ашық деректерге қажеттіліктері туралы қоғамдық пікірді сұрау нәтижелері бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастыру үшін ақпарат иеленушілерден ашық деректерді сұратуға құқылы.
Ақпарат иеленушілер ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында өз бастамасы бойынша да орналастыруға құқылы.
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ашық бюджеттердің интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге жария талқылау өткізеді.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібергенге дейін реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында көзделген өзге де ақпаратты жария талқылау үшін орналастырады. Жария талқылау нәтижелері бойынша есептер де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17-баптың 5-тармағы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне жария талқылау өткізеді.
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Ашық диалогтың интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы келіп түскен сұрау салуларға жауаптар береді, сондай-ақ интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізеді.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне шағым жасау
1. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағым азаматқа тиісті лауазымды адамның немесе органның әрекет жасағаны немесе шешім қабылдағаны туралы белгілі болған кезден бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі.
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган жанынан консультативтік-кеңесші орган - Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылады.
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделер деп ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу мен таратуға әркімнің конституциялық құқығын іске асырудың қолайлы жағдайларын, нысандарын, тетіктері мен тәсілдерін жасау түсініледі.
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде ашықтық пен бүкпесіздік негізінде жүзеге асырылады.
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстары тоқсанына бір реттен сиретпей, тоқсанның соңғы айының соңғы онкүндігінде өткізіледі.
20-бап. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 3) тармақшасын және 17-баптың 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 16-і.
№ 401-V