Қазақстан Республикасының Президентi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 ж. 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық Заңы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен тақырыбы мен кіріспе жаңа редакцияда
I тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мәртебесi
1-бап. Республика Президентi
2-бап. Республика Президентiн сайлау
3-бап. Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi
4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi
5-бап. Республика Президентi лауазымында болуға байланысты шектеулер
6-бап. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi
II тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi
7-бап. Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi
8-бап. Республика Президентiнiң мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi
9-бап. Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi
10-бап. Республика Президентiнiң Үкiметке қатысты өкiлеттiгi
11-бап. Республика Президентінің Конституциялық Сотқа қатысты өкiлеттiгi
12-бап. Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі
13-бап. Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi
14-бап. Республика Президентiнiң Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкiлеттiгi
15-бап. Республика Президентiнiң Ұлттық Банкке қатысты өкiлеттiгi
16-бап. Республика Президентiнiң Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қатысты өкілеттіктері
17-бап. Республика Президентiнiң әкiмдерге қатысты өкiлеттiгi
17-1-бап. Республика Президентiнiң өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қатысты өкiлеттiгi
18-бап. Республика Президентiнiң республикалық референдумға қатысты өкiлеттiгi
19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi
III тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi
20-бап. Республика Президентi актiлерiнiң нысандары
21-бап. Республика Президентiнiң жарлықтары
22-бап. Республика Президентiнiң өкiмдерi
23-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн дайындау және оларды Президенттiң қарауына енгiзу
24-бап. Республика Президентiнiң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ олардың күшiн жою тәртiбi
25-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзу мен жариялау тәртiбi
IV тарау. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру
26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру
27-бап. Қазақстан Республикасының Президентi өкiлеттiгiнiң ауысуы
V тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету
28-бап. Республика Президентiнiң қызметiн мемлекеттiк қамтамасыз ету
29-бап. Республика Президентiнiң жалақысы және еңбек демалысы
30-бап. Республика Президентiн қамтамасыз ету
31-бап. Республика Президентiн күзету
32-бап. Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгi
33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар
VI тарау. Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенттерi
34-бап. Республиканың экс-Президенттерінің мәртебесi
35-бап. Республиканың экс-Президенттерiн қамтамасыз ету
36-бап. Республика экс-Президенттерi құқықтарының кепiлдiктерi
VII тарау. Қорытынды ережелер
37-бап. Өзге заң актiлерiнiң Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi қолданылуы
38-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне ену тәртiбi
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайын белгiлейдi.
I тарау
Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесi
1-бап. Республика Президентi
1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттік билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
3. Республика Президентi мемлекеттік билiктiң барлық тармағының келісіп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
5. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентінің абыройы мен қадр-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
ҚР Қылмыстық кодексi қараңыз
2-бап. Республика Президентiн сайлау
Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 3-бап өзгертілді
3-бап. Республика Президентінің қызметiне кiрiсуi
1. Республика Президентi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттік тiлде айтады.
2011.03.02. № 404-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі.
Президент кезектен тыс сайлауда сайланған жағдайда не Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Президент өкілеттігін қабылдағанда, ант беру президенттік сайлау қорытындысы жарияланған не Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Бұл жағдайларда ант беру күнін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот судьяларының, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық экс-Президенттерінің қатысуымен өткізіледі.
3. Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және «Алтын қыран» орденiн тапсырады.
4. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 ҚР Конституциялық Заңымен; 2007.19.06. № 265-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.14.06. № 289-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.02. № 404-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Республика Президентінің өкiлеттiк мерзiмi
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Кезектен тыс сайлауда сайланған Республика Президентінің өкілеттігі кезектен тыс сайлаудан кейін жеті жылдан соң желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті сайлауда сайланған Республика Президенті лауазымына кіріскенге дейін жүзеге асырылады.
2. Республика Президентінің өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
4. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Республика Президентi лауазымында болуға байланысты шектеулер
1. Республика Президентінің өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға хақы жоқ.
2. 2007.19.06 № 265-III ҚР Конституциялық заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
Президент ант берген кезден бастап он күн ішінде саяси партиядан шығуға тиіс.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқылы емес.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаратын жақын туыстары Қазақстан Республикасының Президенті ант берген кезден бастап бір ай ішінде отставкаға беруге не атқаратын лауазымын босатуға тиіс.
Осы тармақтың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары деп: ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, сондай-ақ жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары, балаларының жұбайы (зайыбы), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) балалары түсініледі.
6-бап. Республика Президентінің айырым белгiлерi
1. Республика Президентінің айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады.
2. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртібін Республика Президентi белгiлейдi.
3. Республика Президентi қызметi бойынша «Алтын Қыран» орденiнiң иесi болып табылады.
4. «Алтын Қыран» орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi мен тәртібі Республика заңдарымен белгiленедi.
II тарау
Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгi
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Республика Президентінің сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi
1. Республика Президентi:
1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi;
4) бекіту грамоталарына қол қояды;
5) Республика жасасқан, бекітуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгiзедi.
2. Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады.
3. Республика Президентi өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Республика Президентінің мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы күштердiң жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:
2) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген әрi мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейiн, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгізудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
3) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
4) Парламент Палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Республика Қарулы Күштерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану туралы ұсыныс енгiзедi;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;
6) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiтедi;
7) Республика азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi әскери қызметтiң қызметшiлерiн запасқа шығару туралы шешiм қабылдайды;
8) Парламент Сенатының келісімiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен;2006.11.12 № 200-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 265-III (бұр.ред.қара) Конституциялық заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Республика Президентінің Парламентке және оның Палатасына қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламентке кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Сенаттың он депутатын тағайындайды, олардың бесеуі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалады. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды;
3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады;
4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды;
5) Парламент сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;
6) әдетте, Парламент сессияларын ашады;
7) Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Парламент Конституцияның 53-бабының 1-2) тармақшасында және 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Президенттің қарсылығын еңсерсе, бір ай ішінде заңға қол қояды;
9) Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жоба беруге хақылы;
9-1) заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi;
11) Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) Республика Конституциясының 57-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда Yкімет мүшесiн қызметтен босатады;
13) Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 10-бап толықтырылды ; ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Республика Президентінің Үкiметке қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламент Мәжілісінің келісімiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде оның енгізген ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады;
3) Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды;
4) жүйелi түрде Премьер-Министрдiң үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы және оның барлық маңызды шешiмдерi туралы баяндамасын тыңдайды, оның барысында Премьер-Министр Үкiмет жұмысы туралы есеп бередi;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін келіседі;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) мемлекеттік бағдарламаларды келіседі;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;
7) 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) егер Үкiмет пен оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыруы мүмкiн емес деп санаса, немесе егер Парламент Мәжілісі не Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрсе, олар мәлiмдеген орнынан түсуi туралы, сондай-ақ Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшесi мәлiмдеген орнынан түсуi туралы шешiмдi қабылдайды;
10) Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он күн мерзiм iшінде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды;
11) Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуiн қабылдамай тастаған ретте оларға өз мiндетiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады;
12) өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату, Премьер-Министр мен Үкiметтiң кез келген мүшесiн қызметтен босату туралы шешiм қабылдауға хақылы;
13) өз актілерімен Үкiметке Республика Конституциясы мен заңдарында белгiленгеннен басқа атқару мiндеттерiн жүзеге асыруды жүктеуге хақылы;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) Республика Үкiметiне тапсырмалар бередi.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 11-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Республика Президентінің Конституциялық Сотқа қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Парламент Сенатының келісімімен Конституциялық Соттың Төрағасын және Конституциялық Соттың төрт судьясын қызметке тағайындайды, конституциялық заңға сәйкес оларды мерзiмiнен бұрын қызметтен босатуға хақылы;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Конституциялық Сот судьяларының арасынан Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын тағайындайды;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Республика Конституциясының 44-бабының 10-1) тармақшасында және 72-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Сотқа өтiнiш жасайды.
3) 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Республика Президентінің соттарға және судьяларға қатысты өкілеттіктері Республика Президенті:
1) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесін негізге ала отырып, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Парламент Сенатына ұсынады;
2) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
13-бап. Республика Президентінің прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламент Сенатының келісімiмен Республиканың Бас Прокурорын бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады.
2) Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Республика Бас Прокурорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Бас Прокурордың елдегi заңдылықтың жай-күйi туралы есебiн тыңдайды.
ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Республика Президентінің Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін тағайындайды;
2) Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiтедi;
3) Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының тағайындалған республикалық референдумға, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға әзiрлiк барысы туралы және референдум мен сайлау нәтижелерi жөніндегі хабарламасын тыңдайды.
ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Республика Президентінің Ұлттық Банкке қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламент Сенатының келісімiмен Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
2) Ұлттық Банк Төрағасының ұсынысы бойынша Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Ұлттық Банк Төрағасының Республика Ұлттық Банкінің жұмысы туралы есебiн тыңдайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 16-бап өзгертілді; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Республика Президентiнiң Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қатысты өкілеттіктері
Республика Президентi:
1) Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзiмге лауазымға тағайындайды, оларды лауазымынан мерзiмiнен бұрын босатуға құқылы;
2) Жоғары аудиторлық палата туралы ереженi бекiтедi;
3) тоқсанына кемiнде бiр рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының жұмысы туралы ақпаратын тыңдайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 17-бап толықтырылды; ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Республика Президентінің әкiмдерге қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкімдерін қызметке тиісінше облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының келісімімен тағайындайды;
2) 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкiмдерге тапсырмалар бередi және олардың орындалуы жөнiнде әкiмдердiң есебiн тыңдайды;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) өз қалауы бойынша, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне тиісті мәслихаттар өз депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сенімсіздік білдірген жағдайда, оларды лауазымынан босатуға құқылы.
4-1) 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Республика Президентінің өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдарға қатысты өкiлеттiгi
1. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар басшыларының өкiлеттiгi жаңадан сайланған Президент қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл орайда олар Мемлекет басшысы осы органдардың басшыларын тағайындағанға дейiн өз мiндеттерiн атқара бередi.
2. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар басшыларының ұсынуы бойынша Республика Президентi:
1) осы мемлекеттік органдар туралы ережелердi, олардың құрылымы мен жалпы штат санын бекiтедi;
2) егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдар басшыларының орынбасарларын, осы органдар ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) аталған мемлекеттік органдардың ведомстволарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, бұл ведомстволар орталық атқарушы органдардың ведомстволары үшiн көзделген мәртебенi иеленедi.