Бұл ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің еңбекке қабілетті ата-анасы болмаған немесе олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда құқығы бар. Осы тармақшада аталған, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған он сегіз жастан үлкен адамдардың оқуын бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдер тағайындалуына және алуға құқығы бар;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің саны өзгерген жағдайда, Қор әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғайтылады немесе азайтылады.»;
16) 23-2-баптың 1-тармағы «жүргізілген» деген сөзден кейін «, балаға күтімді жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Қордың қызметі
Қор өз қызметін Қор активтерінен алатын комиссиялық сыйақы есебінен жүзеге асырады.
Қордың өз қаражаты Қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан қалыптастырылады және солардан тұрады.
Қор мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың қайтарылуын, сондай-ақ инвестициялық кірісті есепке алуды жүргізу;
2) әлеуметтік төлемдерді және әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларының қайтарылуын есепке алуды жүргізу;
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйені құру және дамыту.
Осы Заңмен реттелмеген бөлікте Қордың қызметіне Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы қолданылады.»;
18) 29-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Мемлекеттік корпорациядан ақпарат алуға;»;
6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажет құжаттардың (мәліметтердің) анықтығын мемлекеттік органдар және тиісті ұйымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеушілер арқылы ақпаратты сұрату жолымен тексеруге;»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асыруға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Қорға қайтаруды қамтамасыз етуге;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату туралы шешім қабылдауға;»;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен және 6) тармақшадағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, 7), 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігін есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруға;
5-2) әлеуметтік төлемдерді график бойынша жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияны күнделікті қаржыландыруды жүргізуге;»;
«7) Қор активтерін есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және оның санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз ету үшін бағдарламалық-техникалық қамтылым түріндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйенің иесі болуға;
8) ақпаратты сақтауға арналған резервтік орталықтың иесі болуға;
9) өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін түскен әлеуметтік аударымдар сомалары және алушыларға төленетін әлеуметтік төлемдер сомалары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
10) Қор өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтылымға үш жылда бір реттен сиретпей аудит жүргізуге міндетті.»;
19) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қор инвестициялық қызметті Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларация және Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалатын шарт негізінде Қор активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.»;
20) 31-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қор активтері Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтік төлемдерге және әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға бағытталған қаражатты шегере отырып, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік аударымдардың төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұл, инвестициялық кіріс, әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Қорға түсетін өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ өзге де қате есепке жатқызылған қаражаттың сомаларын қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.».
16. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 152, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;»;
3) тармақша алып тасталсын;
16-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 21-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтер көрсетуін қамтиды.
Жүріп-тұруы қиын, бала кезінен бірінші топтағы мүгедек үшін, оған күтімді жүзеге асыратын адамға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабында көзделген тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі ұсынылмайды;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) есту кемістігі бар мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтер көрсетуін жылына алпыс сағатқа ұсынуды;».
17-тармақ 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
17. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшаның бесінші абзацындағы «жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;» деген сөздер «жәрдемақы);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;»;
2) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жәрдемақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері;»;
«10) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
2) 4-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «жәрдемақы алуға құқығы бар.» деген сөздер «жәрдемақы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны алуға бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын өзге жеке тұлғалардың да құқығы бар.»;
3) 5-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттармен қоса:
осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларға құқығы бар отбасының;
осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыға құқығы бар адам күтімін жүзеге асыратын бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің тұрғылықты жеріндегі Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы не бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
Балаға мүгедектік бастапқыда белгіленген немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде өтініш беруші мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.
Жеке өзінің өтініш жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақылар тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.»;
«4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екендігін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Ақпараттық жүйелер өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін белгіленген тәртіппен растаған кезде өтініш берушінің тиісті жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні бала туғанда берілетін жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындалған күн деп есептеледі.»;
4) 6-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса - ол Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді растаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі балаларға және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге жәрдемақылар тағайындалмайды.»;
5) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:
«9-2-бап. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау және төлеу
1. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі өтініш жасаған күннен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тағайындалады және төленеді.
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі оған күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтінішпен күнтізбелік жыл ішінде екі реттен асырмай жүгінуге құқылы.
2. Отбасында екі және одан көп бала кезінен бірінші топтағы мүгедек тұрып жатқан жағдайда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
3. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыру:
1) күтімді жүзеге асыратын адам мен бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің бір елді мекенде бірге тұруын;
2) қанағаттандыру қажеттігі тәулігіне бір және бір реттен көп туындайтын бір немесе бірнеше реттелмейтін зәру қажеттілікті орындау үшін (жеке гигиенаны сақтауда, киіну, тамақ ішу, физиологиялық қажеттерін орындау, тұратын жерінен межелі пунктке дейін және қайтар жолда алып жүру және басқалар кезінде) күтімді жүзеге асыратын адамның бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке көмегін көздейді.
4. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы:
1) кәмелетке толмаған;
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдарға тағайындалмайды.»;
6) 10-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар - айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді, бұлар республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленеді.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш беруші бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерлеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабар бермеген жағдайда, жәрдемақылардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден бұрын қайта қаралмайды.»;
7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Жәрдемақылар төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру
1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақылардың төленуін тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) баланың қайтыс болуы;
2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынуы;
4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақының төленуін тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оның заңды өкілінің немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші;
2) жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтердің ұсынылуы;
3) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы;
4) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;
5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің мүгедектік тобының өзгеруі;
6) осы Заңның 9-2-бабының 4-тармағында көзделген фактілердің анықталуы.
2. Жәрдемақыларды төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Жәрдемақылардың артық төленген сомалары - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда соттың шешімі негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
3. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу мынадай мән-жайлар басталған кезде тоқтатыла тұрады:
1) жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;
2) жәрдемақы алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ақылы негізде ұсынылатын адамды қоспағанда, жәрдемақы алушының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұруы.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыны төлеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Жәрдемақыларды төлеу жәрдемақылардың төленуін тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар өткен соң қайта басталады.
4. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.».
18. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
18-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) бекіткен тәртіппен және мөлшерде көрсетіледі.».
19. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 105-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат):
31-баптың 1-тармағындағы «меценаттық қызметтен» деген сөздер «меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; № 9, 31-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын:
«42-1) мектепке дейінгі ұйым - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;»;
2) 11-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жағдайлар жасау болып табылады.»;