2) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-8-тармақпен толықтырылсын:
«2-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретіне жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту жатады.»;
3) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-16) тармақшамен толықтырылсын:
«1-16) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жерлеудің және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;».
7-тармақ 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
7. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 14, 49-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):
1) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінің жер учаскелері жолдың көліктік-пайдалану сапаларының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шарттарымен сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілуі мүмкін.»;
2) 10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасында көзделген тәртіппен орналастырылады.»;
2-тармақтағы «шекарасына қойылатын сыртқы (көрнекi) жарнама», «көрсеткіштер» және «қойылуға» деген сөздер тиісінше «шекараларында орнатылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектілері», «нұсқағыштар» және «орнатылуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
3) 12-баптың 2-тармағының 34) тармақшасы алып тасталсын;
4) 13-баптың 1-1-тармағында:
6-4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-10) тармақшамен толықтырылсын:
«6-10) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде орналастыруды келісу;»;
5) 30-бапта:
4-1) және 4-2) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде орналастыруды келісу;».
8. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
8-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
1) 3-бапта:
1-1) және 1-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) дараландыру құралы - тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), азаматтық айналымға қатысушыларды айыруға арналған белгілеме (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және басқа);
1-2) жарнама - кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;»;
1-3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар - жарнама қызметі жүзеге асырылатын жекелеген салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
4-2) жарнама саласындағы уәкілетті орган - жарнама саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
7), 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жүгiртпе жол - сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiнде орналастырылатын немесе телеарналар бойынша, кино және бейне қызмет көрсетуде берiлетiн жарнаманы тарату тәсiлi, бұл жиынтығында белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;
7-1) көше жиһазы (жабдығы) - елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар, орындықтар, жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
7-2) маңдайша - дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат;
7-3) нұсқағыш - жерде немесе байланыс желісі мен жарық беру тіреулерінде орналастырылған, ұйымның, сауда немесе өзге де объектінің тұрған жерін көрсететін және оларға тікелей жақын жерде орналасқан, тек қана олардың атауы, дараландыру құралы (болған кезде) және навигация туралы ақпаратты қамтитын, екі шаршы метрді қоса алғанға дейінгі көлемдегі конструкция;»;
мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) сыртқы (көрнекі) жарнама - сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қол жетімді жарнама;
10) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі - жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;
11) телесауда - тауарларды өткізу немесе қызметтерді көрсету мақсатында телеарнадағы жария ұсыныс.»;
2) 6-бапта:
8-тармақтың 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын;
2-1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жарнамасында бағаны (тарифтерді, бағалауларды, мөлшерлемелерді) көрсету теңгемен жүзеге асырылады.»;
8-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы - он төртінші абзацтары 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтағы «заңдарына» және «ұйымдар мен діни оқу орындарын» деген сөздер тиісінше «заңнамасына» және «бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгiттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.»;
8-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік жарнамада дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтуға жол берілмейді.
Белгіленген шектеулер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды. Әлеуметтік жарнамада әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдар туралы, егер осы жарнаманың мазмұны осындай коммерциялық емес ұйымдардың қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, айтуға жол беріледі.
Радиобағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада демеушілер туралы айту ұзақтығы - әрқайсысы туралы үш секундтан, телебағдарламаларда, кино және бейне қызмет көрсету кезінде таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан аспауға тиіс және мұндай айтуға - кадр алаңының жетіден аспайтын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен аспайтын пайызы бөлінуге тиіс. Көрсетілген шектеулер әлеуметтік жарнамада өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды.
10. Жарнамаға шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленеді.»;
8-тармақтың 3) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
3) 8-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындаған және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, тәулігіне хабар таратудың жалпы көлемінің жиырма пайызынан аспауға тиіс.
8-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Тәулігіне жарнама таратудың жалпы көлемінде жарнаманың жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі жалпы ұзақтығы хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жиырма пайыздан артық болмауға тиіс.
8-тармақтың 3) тармақшасының бесінші - он екінші абзацтары 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
Теле-, радиоарналардағы қазақ тіліндегі жарнаманың жергілікті уақытпен сағат нөлден бастап есептелетін, әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.
Әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, теле-, радиоарналардағы қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдердегі жарнаманың көлемі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес орналастырылатын жарнама материалдарының хронометражымен айқындалады.
Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған телеарналардағы телесауда тәулігіне жарнама таратудың жалпы көлемінің отыз пайызынан артық болмауға тиіс.
Тек қана жарнама сипатындағы хабарларға мамандандырылған теле-, радиоарналардағы телесауда көлемі шектелмейді.
Жарнаманы трансляциялау кезінде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Міндетті теле-, радиоарналарда өтеусіз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемі жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап есептелетін, ұзақтығы алты сағат уақыт аралығында міндетті түрде екі рет шыға отырып, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтыдан бастап есептелетін, ұзақтығы он сегіз сағат уақыт аралығында кемінде он рет шығуға тиіс.
Әлеуметтік жарнама Қазақстан Республикасының аумағында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде эфирге оның күн сайынғы шығатын барлық уақыты бойы біркелкі таратылады.»;
8-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама
Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнаманы, оның тақырыбын дербес айқындайды.
Жазылу арқылы таратылатын мерзімді баспасөз басылымдары жазылу шарттарында басылымның тақырыптық бағытын көрсетуге мiндеттi.
Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлікте бекітілген тілде орналастырылады.»;
8-тармақтың 5) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
5) 11-бапта:
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, оның ішінде нұсқағыштарды орналастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары және жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8-тармақтың 5) тармақшасының бесінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
8-тармақтың 5) тармақшасының алтыншы - қырық тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
1-1. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:
1) маңдайша;
2) жұмыс режимі туралы ақпарат;
3) арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;
4) қызмет көрсетудің техникалық құралдарын және көлік құралдарын дараландыру;
5) мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы автожанармай құю станцияларына кірген жерде орналастырылатын ақпарат;
6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);
7) айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;
8) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді мынадай:
үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;
көрсетілетін қызмет түрлері;
дараландыру құралдары;
декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы ішкі безендіру жатпайды.»;
1-2 тармақтағы «жолдардың», «қозғалыс» және «сілтемелеріне» деген сөздер тиісінше «және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері жолдың», «жол жүрісі» және «нұсқағыштарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жарнама таратушылар:
сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырған кезде - республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырған кезде аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
2-2. Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Хабарламаға:
1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;
3) нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастарылуы мүмкін.
2-3. Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші сыртқы (көрнекi) жарнаманы өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыруға құқылы.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-1-тармағында айқындалған жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекi) жарнама орналастырылатын кезең мен орын, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.
5. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші бөліктегі «Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiнiң меншiк иелерiмен немесе, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiне өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың» деген сөздер «Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң меншiк иелерiмен немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне өзге заттай құқықтары бар тұлғалармен жасалған шарт» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелерi немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар:
сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін тиісінше эстетикалық, санитариялық және техникалық жай-күйде ұстап тұруға;
адамдардың өмірі мен денсаулығы, барлық меншік нысанындағы мүлік үшін сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
шартта белгіленген орналастыру мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті.
Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелері немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар белгіленген мерзімде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу жөніндегі міндетін орындамаған немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектісінің меншiк иесі белгісіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншiк иелеріне немесе ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғаларға сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу туралы орындалуы міндетті нұсқама береді.
Сыртқы жағына сыртқы (көрнекi) жарнама объектісі орналастырылған ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе кондоминиум объектісін басқару органы, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар нұсқама берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті. Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың талап етуі бойынша сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеуге байланысты шеккен шығындарды өтеуге міндетті.
Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелері немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар шығындарды ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншiк иелері, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе кондоминиум объектісін басқару органы, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу кезінде шеккен шығындарын өтеу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жергілікті атқарушы органдар не өткізілген ашық конкурстардың қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы органдармен жасалған тиісті шарттар негізінде өз қаражаты есебінен инвесторлар орнататын көше жиһазына (жабдығына) орналастыруға жол беріледі. Жеке және заңды тұлғалар инвесторлар бола алады.»;
8-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
6) 12-бапта:
«тарату, орналастыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелері» деген сөздер «орналастыру жол жүрісі қауіпсіздігі қағидалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көлiк құралдарында жарнама орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмей және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алынбай жүзеге асырылады.»;
8-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
7) 13-баптың 1-2 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелмеген ұйымдардың өнімдердің сәйкестігін міндетті растау жөнінде қызметтер көрсетуді және (немесе) сәйкестігін растау саласындағы делдалдық қызметтер көрсетуді жарнамалауына тыйым салынады.»;
«6. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген жобалау құжаттамасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жарнамасына тыйым салынады.»;
8-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
8) 15-баптың 1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ата-ананың, тәрбиешілердің, педагогтардың беделiн түсiруге, кәмелетке толмағандардың оларға деген сенiмiн жоғалтуға;»;