2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кедендiк бақылаудағы жүктiң барар жерiн өзгерту тиiстi мемлекеттік кіріс органының келісімi болған кезде жүргiзiледi.
Кедендiк бақылаудағы жүктi тасымалдау адамдардың денсаулығы мен өміріне, жүру қауiпсiздiгiне, экологиялық қауіпсiздiкке, жүктiң сақталуы мен сапалық жай-күйiне қатер төндiрген жағдайда, жүктiң барар жерiн өзгерту мемлекеттік кіріс органдарын белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде хабардар ете отырып, олардың келісімiнсiз жүзеге асырылады.
3. Бұдан әрi тасымалдау жүру қауiпсiздiгi мен жүктiң сақталуына қатер төндiретiн жағдайда, тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) хабардар ете отырып, жүктi қайта тиеуге құқылы.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар өздерінің құзыретiне сәйкес жүкті тасымалдаушыдан алып қоюға құқылы. Бұл орайда тасымалдаушының жүктi тасымалдау және сақтау жөніндегі шығыстарын, сондай-ақ оған келтiрiлген зиянды кiнәлi тарап өтеуге тиiс.
Жүк жөнелтушінің, жүк алушының залалдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен өтеуге жатады.
38-бап. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт
1. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы жүктi белгiленген мерзiмдерде қабылдауға, ал жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға келісілген көлемде тапсыруға мiндеттенедi.
2. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымал көлемдерi, мерзiмдерi, сапасы, көлiк құралдарын берудiң және жүктердi тасымалдауға ұсынудың талаптары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың осы Заңда және тасымалдау ережелерiнде көзделмеген басқа да талаптары белгiленедi.
3. Тасымалдаушы мен жүк жөнелтушi жүйелi түрде тасымалдауды жүзеге асыру қажет болған кезде тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасауы мүмкiн.
39-бап. Құқықтар мен мiндеттердiң ауысуы
1. Жүктiң баратын жерiне жеткiзiлгенi туралы хабарланған кезден бастап тасымалдау шарттары бойынша құқықтар мен мiндеттер жүк алушыға ауысады.
2. Жүк алушы жүк жөнелтушiнiң дұрыс емес iс-әрекеттерi салдарынан тасымалдаушыға төленген шығыстар мен залалдардың орнын толтыруды жүк жөнелтушiден талап етуге құқылы.
40-бап. Жүк тасымалдау ережелерi
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жүк тасымалдау ережелерi жалпы ережелердi қамтиды, сондай-ақ мыналарды:
1) тасымалдарды жоспарлау;
2) тасымалдау жоспарын орындаудың есеп карточкасын жасау;
3) жүктердi тасымалдауға қабылдау;
4) жүктердi беру;
5) вагондар мен контейнерлердi пломбалау үшiн бекіту-пломбалау құрылғыларын қолдану;
6) жүкқұжаты мен тасымалдау құжаттарын ресiмдеу;
7) жаппай тасымалданатын жүктердi маршруттармен және вагондар тобымен бір жүкқұжаты бойынша тасымалдау;
8) құндылығы жарияланған жүктердi тасымалдау;
9) жүктi вагон таразыларында өлшеу дәлдiгi нормалары;
10) жүк массасының табиғи азаю нормалары;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) тасымалдаулар және тасымалдау ақысы бойынша есеп айырысулар;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12) вагондарды беруге-алып кетуге шарттар жасасу және осындай шарттардың мiндетті талаптары;
13) тиеу және түсiру мерзiмдерi;
14) жеткiзiп беру мерзiмдерiнiң және жеткiзiп беру мерзiмдерiн есептеу ережелерi;
15) сақтау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) жүктi ұстап қалу, өткізу, жүктердi мемлекеттік органдарға тапсыру;
17) жүктiң барар жерiн өзгерту, жүк жөнелтушiге қайтару;
18) бос және үйiп тиелген жүктi тасымалдау;
19) ашық жылжымалы құраммен тасымалдау;
20) жолсерiктердiң жолбасшылығы арқылы тасымалдау;
21) жөнелтушi маршруттарымен тасымалдау;
22) ұсақ және шағын тонналық жөнелтілімдермен тасымалдау;
23) контейнерлермен және көлiктiк пакеттермен тасымалдау;
24) мұз болып тоңазыған жүктердi тасымалдау;
25) тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау;
26) жануарлар мен құстарды тасымалдау;
27) ветеринариялық, фитосанитариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау;
28) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29) актiлер жасау;
30) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31) сұйық жүктердi құйып алу арқылы вагон-цистерналарда және бункерлiк жартылай вагондарда тасымалдау;
32) қауiптi жүктердi тасымалдау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
33) арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізу;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды
33-1) ерекше жағдайларда жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 33-2) тармақшамен толықтырылды
33-2) вагондар мен контейнерлерді жүк түсірілгеннен кейін тазалау және жуу шарттары мен тәртібін;
34) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де талаптарды белгiлейдi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жүк тасымалдау қағидасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 40-1-баппен толықтырылды
40-1-бап. Жүктерді аралас тасымалдау
Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
41-бап. Жүктi тиеу, түсiру (жүктен босату)
1. Жүктi тиеудi және түсiрудi (жүктен босатуды) тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдау ережелерiнде немесе шарттарында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. Кедендiк тексерiп қарау мақсатында орналасуы мемлекеттік кіріс органдарымен келісілген кiрме жолдарда жүктердi, жүк-багажды вагондарға, контейнерлерге тиеудi, сондай-ақ олардан түсiрудi тасымалдау процесiне қатысушылар жүзеге асыруы мүмкiн.
Тасымалдау процесiне қатысушылардың тауарларды тиеуге (түcipугe), зақымдалған буманы жөндеуге, буманы ашуға, буып-түюге немесе қайта буып-түюге, сондай-ақ вагондарды, контейнерлердi беруге және алып кетуге, санитариялық паспорттар беруге, жүктердi, контейнерлердi сақтауға байланысты шығыстары және мемлекеттік кіріс органдарының не өзге де мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының бастамасы немесе нұсқауы бойынша осы жұмыстарды орындауға байланысты туындаған басқа да шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мөлшерде жүк жөнелтушілер, жүк алушылар есебiнен өтеледi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Жүк жөнелтуші жүкті тиеу кезінде жүктің орналастырылуы мен бекітілуінің дұрыстығын, тиісті көлік құралының тиелуінің белгіленген нормалары мен схемаларының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Поездар қозғалысының қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету үшін тасымалдаушы жөнелту алдында жүктің тиелуі мен бекітілуінің дұрыстығын, тиісті көлік құралының тиелуінің белгіленген нормалары мен схемаларының сақталуын тексеруге құқылы.
2. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға жүру қауiпсiздiгi, жүктiң және жылжымалы құрамның сақталуы қамтамасыз етiлетiндей етiп дайындауға мiндеттi.
3. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының құралдарымен жүктi тиеуге, түсiруге (жүктен босатуға) вагондар, контейнерлер беру уақыты туралы берерден кемiнде екi сағат бұрын оларды хабардар етуге мiндеттi.
4. Егер тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта өзгеше белгiленбесе, тасымалдаушы тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген тәртiппен жүктiң баратын станцияға жеткiзiлгендiгi туралы жүк келген күннен кейiнгi тәулiкте күндiзгi сағат он екiден кешiктiрмей жүк алушыны хабардар етуге мiндеттi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақ толықтырылды
5. Егер шарт талаптарында көзделген болса, тасымалдаушы жүк алушыға немесе экспедиторға оның атына жүк келе жатқандығы туралы алдын ала хабар беруi мүмкін.
6. Жүк алушы өзiнiң атына келген жүктi қабылдап алуға, жылжымалы құрамды босатуға және оны тазалауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Жылжымалы құрамды тазалау тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
42-бап. Жүк тасымалдарын жоспарлау
1. Тасымалдаушы жүк тасымалдауды ұйымдастыру шарттарына және берiлген өтiнiмдердiң негiзіндегі тасымалдау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Жүктердi тасымалдауға берiлетiн өтiнімнiң нысаны, оны ресiмдеу, толтыру, орындау, өзгерістер енгізу және есепке алу тәртібі тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
3. Халықаралық қатынастағы тасымалдарға өтiнiм беру Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Тасымалдаушы, осы Заңмен және тасымалдау ережелерiмен көзделген жағдайларда, жүктердi тасымалдау өтiнiмiн қабылдаудан бас тарта алады.
43-бап. Теміржол көлiгi жүкқұжаты
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға әрбір жөнелтілім үшiн теміржол көлiгi жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажеттi жағдайларда өзге де құжаттарды (сертификатты, лицензияны, ветеринариялық сертификатты, кедендiк декларацияларды) беруге мiндеттi.
Кедендік декларация электрондық құжат түрінде ресімделген жағдайда, мемлекеттік кіріс органы тасымалдаушыға мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, тауарларды шығару туралы электрондық хабарламаны жібереді.
2. Теміржол көлiгi жүкқұжаты мен өзге де тасымалдау құжаттарының нысаны, оларды ресiмдеу тәртібі тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
3. Жүк жөнелтушi жүкқұжатқа енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығы, сондай-ақ ол теміржол көлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң қателiгiнен, дәл еместiгiнен немесе толық еместiгiнен болған барлық зардаптар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауаптылықта болады.
44-бап. Тасымалдау құжаттарын тексеру
1. Тасымалдаушы теміржол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексередi, ол үшiн:
1) жүкке тексеру жүргiзуге;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2) тармақша толықтырылды; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан, экспедитордан және вагондардың (контейнерлердiң) операторынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алуға;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3) тармақша толықтырылды
3) жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор және вагондардың (контейнерлердiң) операторы ретіндегі жеке тұлғалардың өз басын куәландыратын құжаттарын тексеруге құқылы.
2. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың өкiлi тасымалдаушыға жүктi қабылдауға (жөнелтуге) немесе беруге (алуға) сенiмхат тапсыруға мiндеттi.
3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында және 2-тармағында көрсетiлген мәлiметтердiң қандай да болмасын өзгерістерi туралы жүктi қабылдағанға немесе бергенге дейiн тасымалдаушыға хабарлауға мiндеттi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
45-бап. Вагондарды, контейнерлердi беру және алып кету
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiге вагондарды, контейнерлердi қабылданған өтiнiмде және (немесе) шартта белгiленген мерзiмдерде жүк тиеуге беруге және оларды алып кетуге мiндеттi. Берiлген вагондар, контейнерлер мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн тасымалдау ережелерiне сәйкес (жарамды, iшi мен сырты тазаланған) болуға тиiс.
Вагондарды, контейнерлердi тиеуге дайындау вагондар мен (немесе) контейнерлер меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi болатын тұлғаның есебiнен және тасымалдау ережелерiне сәйкес айқындалатын мерзiмдерде жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Вагондарға жүк тиеу тасымалдаушының құралдарымен жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа кезде, мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн жүк жөнелтушi вагондар мен контейнерлердiң коммерциялық тұрғыдан жарамдылығын анықтайды.
Жүк жөнелтушi тиiстi жүктердi тасымалдауға берiлген жарамсыз көлiк құралдарынан бас тартуға құқылы.
46-бап. Вагондарды, контейнерлердi пломбалау
1. Жүк тиелген вагондар мен контейнерлер:
1) егер жүктi тасымалдаушы тиеген болса, соның бекіту-пломбалау құрылғыларымен;
2) егер жүктi жүк жөнелтушi, порт, айлақ тиеген болса, онда жүк жөнелтушiнiң, порттың, айлақтың бекіту-пломбалау құрылғыларымен пломбаланады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Вагондар, контейнерлер кедендiк жете тексеру үшiн ашылған жағдайда, оларды жаңа бекіту-пломбалау құрылғыларымен пломбалауды мемлекеттік кіріс органдары тасымалдау қағидаларына сәйкес қолдануға рұқсат етiлген бекіту-пломбалау құрылғыларының түрлерiмен жүзеге асырады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік кіріс органдары салған бекіту-пломбалау құрылғылары жүк жөнелтушi мен тасымалдаушының бекіту-пломбалау құрылғыларына теңестiрiледi.
47-бап. Тасымалдау ақысы
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк тасымалдау ақысын және тасымалдаушыға тиiстi өзге де төлемдердi жүк жөнелтушi, экспедитор жүк жөнелтiлгенге дейiн төлейдi.
Бұл орайда жүк тасымалдау ақысы жүк тасымалдауы жүзеге асырылатын ең қысқа ара қашықтыққа есептеп алынады.
Ірі габаритті (габариттен тыс) және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жүзеге асырылатын ең қысқа қашықтықты анықтау осындай жүктерді тасымалдауға арналған теміржолдардың техникалық мүмкіндіктерін және өткізу қабілетін ескере отырып жүзеге асырылады.
2. Жүктi тасымалдауға және беруге байланысты түпкiлiктi есеп айырысуды жүк алушы жүк жеткiзiлген кезде жүргiзедi.
3. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың тасымалдар үшiн берешегi болған, сондай-ақ олар төлемдердi дер кезiнде жасамаған жағдайда, бұдан кейiн тасымалдаушы борыш өтелгенге дейiн тасымалдау шартын жасасудан бас тарта алады.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген iс-әрекеттер жүзеге асырылған жағдайда, кiнәлi тарап (жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор) тасымалдаушыға вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақыны бүкiл кiдiрiс уақытына қоса төлейдi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Жүк тасымалына ақы - жүктi тасымалдауға қабылдаған күнi, ал жүк жеткізілген кезде есеп айырысқан ретте жүк берiлген күнi төленедi.
48-бап. Жүктi жеткізу мерзiмдерi
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тасымалдаушы жүктi тасымалдау ережелерiне сәйкес тасымалдау шартында белгiленген мерзiмде баратын теміржол станциясына жеткізуге мiндеттi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Егер жүктi жеткiзiп беру мерзiмi өткенге дейiн ол межеленген пунктке жеткізілсе және жүк алушыға тапсырылса немесе қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдарына жеткізілсе, жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер жүктiң қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдарына берiлуi жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң кiнәсiнен (түсiру орнының бос болмауы, жүк тасымалдау ақысының және тасымалдаушыға тиiстi өзге де төлемдердiң төленбеуi) кешiктiрiлген жағдайда, жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап жаңа редакцияда
49-бап. Вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны және теміржолдарда жылжымалы құрамның бос тұрғаны (тоқтап тұрғаны, кідіртілгені) үшiн төлем
1. Вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшін төлемді жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші тасымалдаушыға, ал тиісті шарт болған кезде вагондардың, контейнерлердің иесіне:
1) тиеу (түсiру) және маневрлiк жұмыстар үшiн тасымалдау қағидасында белгіленген уақытты қоса алғанда, вагондардың, контейнерлердiң жүк жөнелтушілерде, жүк алушыларда, тармақ иеленушілерде болған бүкіл уақыты үшiн;
2) жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің кінәсінен магистральдық, станциялық жолдарда вагондар мен контейнерлердің бос тұрған (тоқтап тұрған, кiдiртiлген) уақыты үшiн төлейді.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагондар (контейнерлер) иеленушілердің кінәсінен орын алған магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда тасымалдаудың технологиялық процесінің бұзылуына әкеп соққан вагондардың бос тұрғаны (контейнерлердің кідіртілгені) үшін олар көрсетілген жолдардың иеленушісіне соларда тұрған уақыты үшін төлеген төлемдерін тасымалдаушыға өтеуге міндетті.
3. Төлемнің мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
50-бап. Жүктi беру кезiнде тексеру
1. Тасымалдаушы жүктi беру кезiнде оны:
1) бұзылған вагонда, контейнерде келген;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жолдағы теміржол станцияларының бекіту-пломбалау құрылғыларымен бекітілген, сондай-ақ бекіту-пломбалау құрылғылары жоқ болған немесе олар бұзылған вагондарда, контейнерде келген;
3) ашық жылжымалы құрамда немесе бекіту-пломбалау құрылғылары жоқ жабық вагондарда тасымалданған кезде, егер мұндай тасымалдар тасымалдау ережелерiнде көзделген болса, жетiспеу, бұзылу (бүлiну) белгiлерiмен келген;
4) тез бүлiнетiн жүктердi рефрижератор вагондарда тасымалдаған кезде жеткiзiп беру мерзiмi бұзылып немесе температуралық режим бұзылып келген;
5) тасымалдаушы тиеген;
6) түсiрудi тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайларда тексередi.
2. Тасымалдаушы ыдыстағы және жеке-дара жүктердi тек бүлiнген жерлердегi жүктiң салмағы мен жай-күйiн тексерiп бередi. Ыдыстың бұзылғаны немесе жүктiң жай-күйiне әсер етуi мүмкiн басқа да жағдайлар байқалған кезде, тасымалдаушы бұзылған жерлердегi жүкке тексеру жүргізеді.
3. Жүктi беру кезiнде оның салмағын тексеру оны тиеген кездегi салмағын анықтау тәсiлiмен жүргiзiледi.
Егер жүктiң жөнелту станциясында анықталған салмағы баратын станциясындағы салмағымен салыстырғанда тасымалдау ережелерiне сәйкес белгiленген салмақтың шектi ауытқу және табиғи азаю нормасынан аспаса, жүктiң салмағы дұрыс деп есептеледi.
4. Жүк алушы мен тасымалдаушыда вагонды өлшейтiн таразылар болмаған жағдайда, бос және үйiп тиелген жүктер салмақтары тексерiлмей берiледi.
51-бап. Жүктiң жетiспеу, бұзылу (бүлiну) мөлшерiн анықтау
1. Жүктiң жоғалғаны, жетiспейтiнi немесе бұзылғаны (бүлiнгенi) байқалған жағдайда тасымалдаушы мен жүк алушы нақты зиянның мөлшерiн бірлесiп анықтайды.
2. Тасымалдаушының немесе жүк алушының бастамасы бойынша жүктiң жетiспеуiнен, бүлiнуiнен немесе бұзылуынан болған нақты зиянның мөлшерiн анықтау жөнiнде сараптама немесе өзге де қажеттi зерттеу жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Сараптама немесе өзге де қажеттi зерттеу жүргiзуге байланысты шығыстар кiнәлi тарапқа жүктеледi.
52-бап. Төлем бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
1. Тасымалдаушы өзiне тасымалдау үшiн берiлген жүктi тасымал төлемiн және басқа да тиесiлi төлемдердi қамтамасыз ету үшiн ұстап қалуға құқылы.
2. Соттардың және өзге де уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша жүк (алып қойылған, тәркiленген, иесiз деп танылған) сатылған жағдайда, тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты шеккен шығыстары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерiн орындауға құзыреттi тұлғалардың атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау жөніндегі шығыстар ретiнде өтеледi.
53-бап. Жүк алушының мiндеттемелерiн бұзуының салдары
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жүк алушы жүктi алу жөніндегі мiндеттемелерiн орындаудан жалтарған жағдайда тасымалдаушы жүк келген кезден бастап жетi тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүктерге қатысты - екi тәулiк) өткен соң жүк жөнелтушiнi жүкке оның иелiк ету қажеттiгi туралы хабардар етуге мiндеттi. Жүк жөнелтушi мұндай хабарламаны алған кезден бастап төрт тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүкке қатысты екi тәулiк) iшiнде жүкке иелiк етуге мiндеттi.
2. Жүк жөнелтушiнiң тез бүлiнетiн жүкке қалай иелiк ету жөніндегі нұсқауы болмаған, жүктi сақтау оның бұзылуына әкелiп соғуы мүмкiн болатын жағдайда тасымалдаушының оны сатуға құқығы бар.
Тез бүлiнетiн жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi барлық төлемдердi шегергеннен кейiн жүк жөнелтушi үшiн нотариустың атына депозит шартымен салынады.
3. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын алған кезге дейiн жүктi жүк алушыға беруге құқылы.
4. Жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмде алмаған жағдайда тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға құқылы.
54-бап. Жүктiң тиiстi емес жүк алушының атына келуi
1. Жүк алушының атына берiлуi шартта көзделмеген жүк келген, сондай-ақ атауы теміржол көлiгі жүкқұжатында көрсетілген атауға сәйкес келмейтiн жүк келген жағдайда:
1) жүк алушы жүктiң келгенi жөнiнде хабарлама алған кезден бастап бір тәулiк iшiнде тасымалдау шарты бойынша өзiнiң тиiстi тарап еместiгi туралы тасымалдаушыға жазбаша хабарлама жiберуге мiндеттi;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi жүкке иелiк ету қажеттiгi туралы дереу хабардар етуге мiндеттi, ал жүк жөнелтушi төрт тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүктерге қатысты - екi тәулiк) iшiнде жүкке иелiк ету туралы жазбаша нұсқау беруге мiндеттi.
2. Теміржол жүкқұжатында көрсетiлген жүк алушы тасымалдаушыға тиiстi барлық төлемдердi төлеген жағдайда, оның жүктi алуға құқығы бар.
3. Жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде алмаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.
55-бап. Жүк тасымалдауға кедергiлер
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi немесе экспедиторды олардың кiнәсiнен жүктi тасымалдауға кедергiлер туындағаны (мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың кiдiртуi) және мұндай жүктi одан әрi тасымалдау үшiн басқа тасымалдаушыларға тапсыру мүмкiн еместiгi туралы дереу телеграф арқылы немесе өзге де тәсiлмен жүк жөнелтушінi немесе экспедиторды жасалған шартқа сәйкес хабардар етуге мiндеттi.
Жүк жөнелтушi, сондай-ақ экспедитор, егер шартта оған осындай мiндеттемелер жүктелген болса, жүк тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Тасымалдаушы үшiн белгiленген жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi жүк жөнелтушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жүктi кiдiрткен уақытқа ұзартылады.
3. Экспорттық және импорттық жүктi кiдiрткен уақыты үшiн кiнәлi тұлға тасымалдаушыға - вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы, ал транзиттiк жүктi кiдiрткен уақыты үшiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4-тармақ толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы тасымалдаушыдан хабарлама алған кезден бастап сегiз тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүктерге қатысты - төрт тәулiк) iшiнде кідіртілген жүктерге қатысты шара қолданбаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, немесе көлік құралынан жүкті босатуды талап етуге ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 55-1-баппен толықтырылды
55-1-бап. Алдын ала ақпараттың мәліметтерін ұсыну
Жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, экспедиторлар, кеден өкілдері не жүктің тасымалдануына байланысты көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға тартылатын өзге де тұлғалар мемлекеттік кіріс органдарын алдын ала хабардар етуді жүзеге асыру үшін тасымалдаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) халықаралық шартта белгіленген көлем мен мерзімдерде қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті.