1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 345, 348, 349, 350, 353, 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 635 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 688-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
688-1-бап. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган
1. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 345, 346, 349, 350, 353-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уран өндіру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 689-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 292, 293, 296-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
690-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстің 144 (бірінші бөлігінде (жылу энергиясын қоспағанда), 172 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын қоспағанда), 300 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясының тұтынушыларын қоспағанда), 301 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 301-1, 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу энергиясын қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін қоспағанда)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 690-1-баппен толықтырылды
690-1-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 464-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган атынан атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар болып табылатын ведомство басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
691-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583 (бірінші бөлігінде), 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде), 561, 571, 571-1, 572, 573, 575, 577, 578, 579, 580, 581, 582, 583 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 584, 585, 586, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 616, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 628, 631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Көліктік бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң көліктік бақылау органдарының ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша - көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 561, 571, 571-1 (бірінші бөлігінде), 572, 573, 582, 583 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 584, 585, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 616, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлiгiндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша - көліктік бақылау органдарының осыған уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдары құқылы.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында аталған лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 164, 166, 167, 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 250, 563 (бірінші бөлігінде), 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған, бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 565-1, 565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін), 626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы Кодекстiң 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған, бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 692-баптың тақырыбы өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
692-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 637 (бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде), 639, 640, 641 (бірінші бөлігінің 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында, үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 692-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
692-1-бап. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 451 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 454, 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында, төртінші және бесінші бөліктерінде) және 456-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мыналар:
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ақпарат саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
2) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 692-2-баппен толықтырылды
692-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 641 (бірінші бөліктің 2), 6) тармақшаларында, екінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 87, 88, 89, 90, 93 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 519 (бiрiншi, екiншi, үшінші, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттiк еңбек инспекторлары құқылы;
2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 694-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
694-бап. Әдiлет органдары
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана әдiлет органдарының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 695-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 695-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi орган
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 460, 464 (бiрiншi бөлiгiнде) және 466-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
696-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 325, 326 (бірінші және екінші бөліктерінде), 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333 (бірінші бөлігінде), 334, 335, 336, 337, 344, 344-1, 344-2, 346, 347, 351, 352, 353, 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 397 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 399 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жетпiске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға - үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға;
5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 698-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 93, 230 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 297, 298, 299 (бірінші бөлігінде) (бөгеттер қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307, 308, 351, 352, 353 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 356 (он бірінші және он екінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елуге дейiнгi, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елу беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүзге дейiнгi, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
2016.14.01. № 445-V ҚР Заңымен 698-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
698-1-бап. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган
1. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 190-1 және 297-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) 190-1-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары;
2) 297-1-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
699-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 642, 644, 645, 646, 647, 648, 649, 650-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының атынан жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары құқылы.
700-бап. Денсаулық сақтау органдары
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 424 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бiрiншi бөлiгiнде), 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (үшінші бөлігінде), 81 (бiрiншi бөлiгiнде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428, 429, 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 701-бап өзгертілді
701-бап Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 203, 408-1, 425 (бірінші бөлігінде), 428, 430 (бірінші бөлігінде), 431, 464 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші бөліктерінде), 637 (он екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.