жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бұзу -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Жануарларды карантиндеу қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Эпизоотияға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi эпизоотияның таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқпаған бұзу -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Осы баптың он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
407-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын:
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жеке және заңды тұлғалардың бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымдық куәлік бермей асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректерді есепке алуды жүргізуден бас тартуы және есептілікті ұсынбауы;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің, бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген асыл тұқымды малдан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жеке және заңды тұлғалардың бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымды малдарды өсімін молайту мақсатында пайдалануы;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды малды бонитирлеу (бағалау) нәтижелерін бұрмалауы түрінде жасалған бұзушылық -
8) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы, хабарлама жасауға жататын қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді сақтамауы -
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), сол сияқты осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 408-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
408-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 408-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
408-1-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін органикалық өнімді шығару және өткізу түрінде жасалған, Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын бұзу -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - қырық бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 23-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-тарау. Білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 409-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Педагог жұмыскердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне салғырт қарауы немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқу және тәрбие беру процесі кезінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен жұмыскерлерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Білім беру ұйымдарының талаптарды:
1) білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау;
2) білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
3) білім алушыларды білім беру ұйымының үлгілері бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
4) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің үлгілік қағидаларын сақтамау;
5) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлерін лауазымдарға конкурстық орналастырудың үлгілік қағидаларын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын өзге де бұзушылықтар -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың бірінші - алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
рұқсат беру құжатынан айырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7-1-бөлікпен толықтырылды
7-1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, қызметін хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 7-2-бөлікпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
7-2. Білім беру ұйымдарының балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, Интернет желісіне білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы -
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен сегізінші - он бірінші бөліктермен толықтырылды
8. Сабақтар мен жарыстар өткізілетін орындарды спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мемлекет меншігіне жататын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дәрежедегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын салмай тұрып жою, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгерту -
лауазымды адамдарға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Спорттық іс-шараларға қатысушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру жөніндегі талаптарды сақтамау -
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 12-бөлікпен толықтырылды
12. Жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның спортшының келісіміне қарамастан, спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануынан не тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді спортшының пайдалануына немесе спортшыға қатысты пайдалануға жәрдемдесуден көрінген Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бұзуы -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды
Ескертпе. Осы бапта спортшының немесе спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға жәрдемдесу деп спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға ықпал ететін кез келген әрекеттер, оның ішінде кеңестер, нұсқаулар, ақпарат беру, тыйым салынған субстанцияларды, тыйым салынған әдістерді қолдану құралдарын беру, спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға кедергілерді жою, сондай-ақ спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалану іздерін жасыру түсініледі.
24-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 410-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
410-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, ұйымдарда, ғимараттарда, құрылысжайларда, құрылыстарда, тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда, ауыл шаруашылығы алқаптарында, технологиялық қондырғыларда, жабдықтарда, агрегаттарда және өзге де мүлікте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтірген немесе айтарлықтай залал келтірген өрттің шығуына алып келген әрекет (әрекетсіздік), қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаған кезде -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапқа қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде елу айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома айтарлықтай мөлшердегi залал деп танылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен кодекс 410-1-баппен толықтырылды
410-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Сараптама ұйымының азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өрт қауіпсіздігі саласында жүргізілген аудит нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесін ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы -
сараптама ұйымына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу нәтижелері бойынша объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) туралы анық емес ақпараты бар қорытынды ұсынуы -
сараптама ұйымына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу нәтижелері бойынша көрінеу жалған қорытынды ұсынуы -
аккредиттеу аттестатынан айыра отырып, сараптама ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 411-бап өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
411-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жарылу-өрт қаупi және өрт қаупi бар өнiмдi шығару және өткiзу
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді шығару және өткізу, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге және (немесе) жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке ірі залал келтіруге алып келмесе, -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде бiр жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi залал деп танылады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 412-бап өзгертілді
412-бап. Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау
Қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына жауапты тұлғаның оларды бұзуы немесе орындамауы -
жеке тұлғаларға - жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 413-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
413-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзу
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген деңгейден асатын мөлшерде радиоактивтi заттарды атмосфераға, суға және жер қойнауына негiзсiз немесе әдейi шығару; радиоактивтi заттар мен иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияны тоқта тұруға әкеп соғады.
2. Сәулеленуге ұшыраған немесе құрамында радиоактивтi заттар бар өнiмді және материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымға тарту, тиiстi даярлықтан өтпеген не бiлiктiлiгiн куәландыратын құжаты жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсiндегi жұмысқа жiберу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 413-1-баппен толықтырылды
413-1-бап. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы
1. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы -
қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып не онсыз, алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салына отырып не онсыз, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы бапта заңды тұлғалар деп атом энергиясын пайдалану саласында қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі I және II санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер түсініледі.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 414-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
414-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу
Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртiбiн бұзу; ядролық материалдарды, ядролық қондырғыларды, иондандырушы сәуле көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу; ядролық материалдарды немесе иондандырушы сәуле көздерін есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке лицензиялардан, арнайы рұқсаттардан айыруға әкеп соғады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 415-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
415-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу