4. Жерді экологиялық залал келтіруге алып келген қауіпті химиялық заттармен ластау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
16) мынадай мазмұндағы 343-1-баппен толықтырылсын:
«343-1-бап. Қазақстан Республикасының метеорологиялық мониторинг саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Метеорологиялық мониторинг саласындағы жұмыстарды:
1) алынған метеорологиялық ақпаратты белгіленген тәртіппен Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке бермеу;
2) метеорологиялық ақпаратты шығарушылардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін хабарламаны жіберу кезінде ұсынылған қандай да бір деректердің өзгерістері туралы хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу түрінде міндетті талаптарды бұза отырып, жүзеге асыру -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Метеорологиялық ақпаратты шығарушылардың мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде көрінеу анық емес ақпарат беру - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
17) 344 және 347-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«344-бап. Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген, қалдықтардың жекелеген түрлерін көмуге тыйым салуды бұзу -
бұзушылық жасау нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қалдықтарды жинақтауға немесе көмуге арналмаған арнайы белгіленген орындардан тыс оларды жинап қою, сол сияқты қалдықтарды экологиялық рұқсатсыз немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда мәлімделмеген қалдықтарды көму -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қалдықтарды жинақтау, жинау, тасымалдау, есепке алу, қалпына келтіру, жою және залалсыздандыру жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға қойылатын экологиялық талаптарды бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
қауіпті қалдықтарды қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық үшін жауаптылық қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға қойылатын талаптарды жекелеген бұзушылық үшін осы баптың басқа бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделмеген жағдайларда туындайды.»;
«347-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет экологиялық залал келтіруге алып келмесе, -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
18) 351-бап алып тасталсын;
19) 353-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою бойынша міндетемелерді орындамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жүргізілу салдарларын жою «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілмеген, пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану және кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізу -
жер қойнауының тиісті учаскесіндегі немесе учаскелеріндегі қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұруға алып келеді.
3. Жер қойнауын пайдаланушының осы баптың екінші бөлігінде көзделген талапты бұзушылықты жер қойнауының тиісті учаскесіндегі немесе учаскелеріндегі қызметті тоқтата тұру мерзімі ішінде жоймауы -
жер қойнауының тиісті учаскесіндегі немесе учаскелеріндегі қызметке (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға) тыйым салуға алып келеді.»;
20) 381-1-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
21) 386-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 381-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейтін жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу -»;
22) 394-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
23) 397-бап алып тасталсын;
24) 399-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«399-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезіндегі бұзушылықтар
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді көрсету кезінде анық емес деректерді ұсынуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
тиісті көрсетілетін қызмет түріне арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, экологиялық залал келтіруге алып келген не үш реттен көп жасалған әрекеттерді жасау, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
тиісті көрсетілетін қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
25) 505-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 381-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру -»;
26) 684-баптың бірінші бөлігінде:
«320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «327-2 (екінші бөлігінде), 328 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 331 (төртінші бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«397 (төртінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
27) 687-баптың бірінші бөлігіндегі «353» деген цифрлар «353 (жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 687-1-баптың бірінші бөлігіндегі «353» деген цифрлар «353 (пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операциялар бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 688-баптың бірінші бөлігіндегі «353» деген цифрлар «353 (бірінші бөлігінде) (көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 688-1-баптың бірінші бөлігіндегі «353» деген цифрлар «353 (уран өндіру жөніндегі операциялар бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 697-бапта:
бірінші бөлікте:
«327, 328» деген цифрлар «327-1, 327-2 (бірінші бөлігінде), 328 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«331» деген цифрлар «331 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«335, 336, 337, 344» деген цифрлар «336, 337 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 343-1, 344 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«351, 352, 353» деген цифрлар «352, 353 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«397 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің 4) және 5) тармақшаларындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан» деген сөздер «қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемесі сомасынан, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасынан» деген сөздер мен ауыстырылсын;
32) 698-баптың бірінші бөлігіндегі «(техникалық қауіпсіздік бөлігінде)» деген сөздер «(бірінші бөлігінде) (техникалық қауіпсіздік бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 709-баптағы «337» деген цифрлар «337 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 710-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «337» деген цифрлардан кейін «(бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
35) 729-баптың бірінші бөлігі «338,» деген цифрлардан кейін «353 (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және кен іздеушілік жөніндегі операциялар бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
36) 804-бапта:
бірінші бөліктің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (139 (екінші бөлігі), 327-2 (екінші бөлігі), 328 (үшінші және төртінші бөліктері), 331 (төртінші бөлігі), 344 (бірінші бөлігі), 416 (химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);»;
үшінші бөліктің 2) тармақшасындағы «337» деген цифрлар «337 (бірінші және екінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 806-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Кодекстің 139, 326 (үшінші бөлігі), 327-2 (екінші бөлігі), 328 (төртінші бөлігі), 331 (төртінші бөлігі), 337 (төртінші бөлігі), 344 (бірінші және екінші бөліктері) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша экологиялық залал келтіру фактісін, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасының немесе Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының мөлшерін анықтау талап етілетін жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама экологиялық залал келтіру фактісі, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасының не тиісінше Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының мөлшері анықталған кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.».
2-бап. Осы Заң 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 2 қаңтар
403-VІ ҚРЗ