2. Негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 31-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
31-2-бап. Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің уәкілетті орган бекіткен тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
2. Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мен олардың өлшемшарттары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 31-3-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
31-3-бап. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің уәкілетті орган бекіткен тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
2. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
5-тарау. АУКЦИОН ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оның өткізілуін мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.
2. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион нысанасы болып табылады.
3. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауарларды сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттамада тауарларды олардың біртекті түрлері және оларды беру орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Тауарларды беретін кемінде бес орын болған жағдайда, лотта тауарларды беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
4. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезеңде аукцион өткізіледі;
2) екінші кезеңде аукциондық комиссия аукционға қатысуға арналған өтінімдерді олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
5. Аукциондық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабархатқа, аукционға қатысуға арналған өтінімге, оны қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 21-бабының 1, 2, 3 және 5-тармақтарына, 22, 22-1, 23, 24 және 25-баптарына сәйкес айқындалады.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Аукцион өткізу
1. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукциондық құжаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.
Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен күннен кейінгі жұмыс күні аукционды өткізу күні болып табылады.
2. Аукцион өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету арқылы өткізіледі.
Аукцион адымы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.
3. Аукционды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор аукционды өткізу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушілердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
4. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, онда баға туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендету көзделеді.
5. Аукционды өткізу кезінде аукционға кез келген қатысушы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан төмендетілген, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
6. Егер аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға осы қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы емес.
7. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
8. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукцион хаттамасын автоматты түрде қалыптастырады.
9. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың аукционға басқа қатысушы ұсынған бастапқы бағаға тең бастапқы бағасы ұсынылса, тауардың басқа ұсыныстардан бұрынырақ ұсынылған бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.
10. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукционда бірінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-бап. Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарау
1. Аукциондық комиссия біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарауды жүзеге асырады.
2. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарауды бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімінен бастайды.
3. Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таныған жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырылады. Бұл ретте аукционға қалған қатысушылардың өтінімдері ашылмайды.
Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама қалыптастырылады. Мұндай жағдайларда аукциондық комиссия бағасы ең төмен бағадан кейінгі болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарауға көшеді.
4. Аукциондық комиссия аукцион өткізілген және (немесе) мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға арналған әрбір өтінімін біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
Сараптама комиссиясын құру және (немесе) сарапшыны айқындау тәртібі, сондай-ақ сарапшыларға қойылатын талаптар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
6. Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде аукциондық комиссия:
1) аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы сұратуға;
2) аукционға қатысуға арналған өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы сұратуға құқылы.
Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға арналған өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға арналған өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.
7. Егер аукционға қатысуға арналған өтінімде ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық комиссия оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп қарайды.
35-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп танылған әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау аяқталған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және аукциондық комиссияның барлық мүшесі мен аукционға қатысуға арналған өтінімдерді берген барлық әлеуетті өнім берушіні электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, онда орналастырылады.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада мыналар қамтылуға тиіс:
1) осы Заңның 34-бабы 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы ақпарат;
2) қабылданбау себептерін егжей-тегжейлі сипаттап, оның ішінде біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аукционға қатысуға арналған өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған өзге де мәліметтер.
3. Аукционға қатысушының аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға осы Заңда белгіленген тәртіппен шағымдануына болады.
36-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары
1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) егер аукционға қатысушылардың барлығы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп танылса;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) егер аукционға қатысушылардың өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша аукционға бір ғана қатысушы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес деп танылса, өткізілмеді деп танылады.
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай:
1) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Аукцион тәсілімен қайтадан болған мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:
1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда, жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;
2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда, жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту аукционға қатысуға арналған өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға арналған өтінімде көрсетілген бастапқы бағасынан аспауға тиіс.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН СҰРАТУ ТӘСІЛІМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДҮКЕН АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ
37-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негіздері
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса, мұндай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
2. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беретін кемінде бес орын болған жағдайда, лотта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде олардың бірінің мөлшері осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.
4. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 25-бабының қағидалары бойынша айқындалады.
38-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде мынадай ақпаратты:
1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда, мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипатталымын орналастыруға міндетті. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипатталымында өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс;
3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;
4) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
5) әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқтау мерзiмi туралы;
6) техникалық өзіндік ерекшелігін көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын орналастыруға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді, оған мемлекеттік сатып алуды мынадай:
1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау үшін және лизингтің нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге асыру жағдайлары қосылмайды.
4) 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті өнім беруші өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейтін, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген мәліметтер қамтылған бір ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы.
4. Әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.
5. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде баға ұсыныстарын салыстыруды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығаруды жүргізеді.
Ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалады.
6. Осы Заңның 45-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы не мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолданылмай өзге де тәсілдермен оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізуге жол берілмейді.
7. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы ұсынылған болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.
8. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын:
1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы, баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету сомасы болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде қабылдамайды.
Өзге де негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді.
10. Егер осы баптың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын мемлекеттік сатып алудың веб-порталы автоматты түрде қабылдамағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екеуден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
11. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында олар шығарылғаннан кейін автоматты түрде орналастырылады.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 38-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
38-1-бап. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға жүргізіледі.
2. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
7-тарау. БІР КӨЗДЕН АЛУ, ТАУАР БИРЖАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТӘСІЛДЕРІМЕН
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ
39-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:
1) осы Заңда көзделген жағдайларда конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда жүзеге асырылады. Осы ереже конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
2) осы Заңда көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 38-бабының 8 және 10-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға алып келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтерін сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен қоса электр энергиясын сатып алу-сату;