8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-бап. Ұлттық ұланды қаржыландыру
Ұлттық ұланды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
30-бап. Ұлттық ұланды материалдық-техникалық қамтамасыз ету
1. Ұлттық ұланды материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
Ұлттық ұланды материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Ұлттық ұлан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін белгіленген тәртіппен және нормалар бойынша қару-жарақпен, авиациялық, автомобильдік, броньды танктік және басқа да әскери техникамен және материалдық құралдармен қамтамасыз етіледі.
3. Маңызды мемлекеттік объектiлер мен коммуникацияларды, арнайы жүктерді, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнің объектiлерiн күзету жөніндегі мiндеттердi орындайтын әскери бөлiмдерге (бөлiмшелерге) жеке құрамды, қару-жарақты, техника мен әскери-техникалық мүлiкті, сондай-ақ басқару органдарын орналастыру үшін әскери қалашықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды объектiлерiн Ұлттық ұлан күзететiн министрлiктер, ведомстволар (мекемелер) бөледі немесе салады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Төтенше жағдай режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін енгізу ахуалында, бұқаралық қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізу кезінде тұрақты орналасқан пунктінен тыс жерде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға тартылатын Ұлттық ұланның бөлiмшелерi бюджет қаражаты есебінен жайластыруға арналған тұрғын үй-жайлармен, көрсетілетін коммуналдық қызметтермен, байланыс желілерімен және арналарымен, көлік құралдарымен және жанар-жағармай материалдарымен, қосымша тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
5. Ұлттық ұлан мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 2, 8-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қаңтардың 10-ы.
№ 274-V