Түзетудің мазмұны оның мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін, түзетулердің қандай нысаналы топтарға бағытталғанын (түзетулер қозғайтын нысаналы топтарды сипаттау: азаматтар, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет) сипаттай отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға, ішкі саяси тұрақтылыққа, діни қызметке, бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігіне әсері туралы мәліметтерді сипаттай және мына нұсқалардың бірін: (ішінара қолдау табады/қолдау таппайды) көрсете отырып қысқаша жазылады.
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Мемлекеттік органдардың пікірлері ескерілген ескертулер мен ұсыныстар әрбір түзету бойынша жеке немесе өзара байланысқан түзетулер тобы бойынша дәйекті түрде жазылады және ұсынымдық сипатта көрсетілуге тиіс, бұл ретте:
1) егер түзету ішінара қолдау тапса, түзетудің бұл бөлігі айқын көрсетіледі;
2) Конституцияға, өзге де заңнамалық актілерге, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, басқа да құжаттарға қайшылықтары көрсетіле отырып, түзетуді тұтастай немесе оның бір бөлігін қабылдамаудың себептеріне сілтеме жасала отырып, Үкімет ұстанымының негіздемесі қысқаша көрсетіледі;
3) түзетуді қабылдамаудың өзге де себептері көрсетіледі (Президенттің тапсырмаларына, нақты салада жүргізіліп жатқан саясатқа, заң жобасының мақсаттарына, оның ішінде мемлекеттік шығыстардың ұлғаюын немесе мемлекеттік кірістің қысқаруын көздейтін тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты мақсаттарына сәйкес келмеуі);
4) егер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюы немесе кіріс бөлігінің қысқаруы себебінен түзетулерден бас тартылса, онда Республикалық бюджет комиссиясының осындай шығындар қолдау таппаған отырысы хаттамасының нөмірі мен күні көрсетіледі;
5) қажет болған жағдайда, Үкімет түзетудің редакциясын ұсынуы мүмкін**
**Түзетудің редакциясы депутаттардың түзетулері қозғайтын немесе мазмұны бойынша олармен тікелей байланысқан заң жобасының құрылымдық элементтері бойынша ғана берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының немесе олардың міндетін атқарушы адамдардың қолдары.
ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 668 Қаулысымен 10-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысына
10-қосымша
«________________________________________________________»
Заң жобасын қарау барысында бастама жасалған түзетулер бойынша мемлекеттік органдардың келісілген
ұстанымы
1. Түзетулердің сипаттамалық бөлігі ____________________________________________________
________________________________________________________________________________________.
Бұл бөлікте түзетулердің негізділігіне, орындылығына және қажеттігіне баға беріледі.
Түзетулерді бағалау кезінде мыналар ескеріледі:
1) түзетулер қолданыстағы заңнамада реттелген құқықтық қатынастарды реттемеуге тиіс;
2) түзетулер құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына қайшы келмеуге тиіс;
3) түзетулер заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің түзетулеріне ұсыныстар мен ескертулер туралы мәліметтер:________________________________________________________________________________.
3. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе бюджеттен мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер: ________________________________________________________________.
Түзетулер бойынша мемлекеттік органдардың келісілген позициясында мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе бюджеттен мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер қамтылуы тиіс. Егер түзетулер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюы немесе кіріс бөлігінің қысқаруы себебінен қолдау таппаған жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясының мұндай шығындар қолдау таппаған отырысының нөмірі мен күні көрсетіледі.
Мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржылық-экономикалық есептер бар болса, әзірлеуші оны түзетулер бойынша келісілген позицияға қоса береді.
4. Үкімет құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкімет құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер (бар болған жағдайда):_________________________________________________________.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерінiң
ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 6, 40-құжат).
2. «Қару-жарақтың, әскери өнiмнiң және екi ұдай мақсаттағы өнiмнiң экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 наурыздағы № 278 қаулысының 7-тармағы.
3. «Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысы 2-тармағының 1) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi № 1426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 47, 435-құжат).
5. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысының 5-тармағы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы № 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 42-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы № 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 149-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 611 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 224-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi № 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 361-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 маусымдағы № 856 қаулысы
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 наурыздағы № 298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 74-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 343-құжат).