4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;
6) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариатта куәландырылуға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн мемлекеттiк қызметшi нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзiмде жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) ұсынады.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, осы баптың 6-тармағында аталған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер тұрғынжайларын мүліктік жалдауға беруге құқылы.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған мемлекеттік лауазымдарға тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлар пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдар акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариат куәландырған көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның кадр қызметіне ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ
14-бап. Мемлекеттік саяси қызметке кіру
1. Азаматтардың мемлекеттік саяси қызметке кiруi тағайындалу не сайлану негiзiнде, сондай-ақ басқа да жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік саяси лауазымға орналасу Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда осы лауазымға орналасу үшін қажетті келісуден өткен және арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік саяси лауазымға орналасуға кандидаттар осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптары болған жағдайда, оларға сай болуға тиіс.
Тағайындау (сайлау) алдындағы бір жыл ішінде тікелей бағынысты қызметшісі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін отставкаға кеткен мемлекеттік саяси қызметшіні мемлекеттік саяси лауазымға тағайындауға (сайлауға) жол берілмейді.
3. Мемлекеттік саяси қызметке кіру үшін қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президенті айқындауы мүмкін.
4. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды қоса атқаруына жол берілмейді.
15-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру
1. Осы Заңда көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кіретін азаматтарды мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін мемлекеттік лауазымға алдыңғы лауазымнан шаққаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешікпей орналасқан жағдайда, мемлекеттік қызметке қайтадан кірді деп есептелмейді.
Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшіге міндетті арнайы тексеруден өту, сынақ мерзімін белгілеу және кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны тапсыру туралы талаптар қолданылмайды.
2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.20.12. № 33-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті комиссияның шешімімен «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшілiк лауазымдарына конкурс өткізілместен мына адамдар орналаса алады:
1) өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындап жүрген қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер;
2) өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілер, судьялар;
3) уәкілетті комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын мемлекеттік саяси және әкiмшілiк қызметшілер лауазымдары тізіліміне сәйкес лауазымдары мемлекеттік саяси лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан мемлекеттік саяси қызметшілер;
2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
5) мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейіні бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адамдар;
6) 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар.
Белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.
3-1. 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадрлық резервіне алынған адамдар жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадрлық резервін қалыптастыру және одан тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уəкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда және оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінде «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына уəкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.
Ескертпе.
Осы бапта халықаралық қызметшілер деп қызметін халықаралық ұйымдарда жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық қызметшілер болып мойындалатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын азаматтары танылады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына:
1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына;
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына;
4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. «Б» корпусының:
1) орталық мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
3) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының басшысы;
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) орталық мемлекеттік органның ведомствосы басшысының орынбасары мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналасуға жол беріледі.
5) 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру шарттары
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жасы бойынша шектеу Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында олардың өкілеттік мерзімдері айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарға қолданылмайды.
Зейнеткерлік жасқа толған адамды осы бапта көзделмеген өзге жағдайларда мемлекеттік саяси лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті ғана тағайындауы мүмкін.
Құқық қорғау органдарының және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылатын жасына байланысты шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Құқық қорғау органдарына және азаматтық қорғау органдарына қызметке кіретін азаматтар, мыналарды:
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) құқық қорғау органдарының және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарына оқуға түсетін;
2) қатардағы және кіші басшы құрамдар лауазымдарына алғашқы кәсіптік даярлыққа түсетін;
3) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8-тармағында, 7-бабының 3-тармағында және 7-1-бабының 1-тармағында көзделген адамдарды қоспағанда, уәкілетті органда тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау саласындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу тәртібі мен бағдарламаларын құқық қорғау органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк қызметке:
1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті мемлекеттік лауазымдарға қатысты өзге талаптар белгіленбесе, он сегіз жасқа дейінгі;
2) сот әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған;
3) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;
4) бiлiктiлiк талаптарында тиiстi мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшiн денсаулық жағдайына арнайы талаптар белгiленген жағдайларда, медициналық мекеменiң қорытындысы негізінде лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн ауруы бар;
2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басының, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен шығарылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшін қызметтен шығарылған;
2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде сенімнен айырылуына байланысты мемлекеттік саяси қызметтен шығарылған;
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
«2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағы 8) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 26-НҚ нормативтік қаулысымен 8) тармақша Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды
2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-2) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы сегіз жыл ішінде ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттік қызметке кірер алдындағы сегіз жыл ішінде ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне, меншікке, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығы мен адамгершілікке, мемлекеттік қызмет мүдделеріне және мемлекеттік басқаруға, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне, конституциялық іс жүргізуге қарсы ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар немесе болған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған азамат мемлекеттік қызметке қабылданбайды;
10) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
11) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағы 11) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 57-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз
12) 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде құқық қорғау қызметінен, әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс себептермен қызметтен шығарылған, сондай-ақ теріс себептермен судья өкілеттігін тоқтатқан азаматты қабылдауға болмайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағы 14) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 38-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз