ҚР Үкіметінің 2017.26.07. № 446 Қаулысымен 2-2-бөліммен толықтырылды
2-2. Педагогикалық мамандықтар бойынша мамандардың тілдік дайындығын күшейтуге бөлінген білім беру грантын беру тәртібі
8-8. Білім беру саласындағы уәкілетті орган республикалық бюджет есебінен «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» педагогикалық мамандықтар бойынша мамандардың тілдік дайындығын күшейту үшін білім мемлекеттік беру тапсырысын орналастырады.
Осы тармақта көрсетілген педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру грантын беру конкурсына мемлекеттік білім беру гранты негізінде тілдік дайындық деңгейін күшейтуге арналған ЖОО-ның дайындық бөлімдерін аяқтаған, кешенді тестілеу және Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) өткізетін шет тілін (ағылшын) білуге арналған тестілеуді жоғары балдан 50%-ынан төмен емес шекті балмен тапсырған тұлғалар қатысады.
Көрсетілген адамдар санаттары үшін білім беру гранттарын беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) үміткер мамандығы мен ЖОО-ны көрсете отырып педагогикалық мамандықтар бойынша мамандардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру грантын беру конкурсына қатысу туралы өтініш береді.
2) ЖОО білім алушылар өтініштерінің деректер базасын ҰТО-ға жолдайды;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеу өткізу үшін базалық ЖОО тізімін айқындайды;
4) ҰТО базалық ЖОО-да 27 шілдеге дейін шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеу өткізеді;
5) шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша ҰТО мамандықтар бөлінісінде ведомость жасайды және оны білім беру саласындағы уәкілетті органға тапсырады;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган мамандықтар бөлінісінде ведомосты қарастырады және осы тармақта көрсетілген педагогикалық мамандықтар бойынша мамандардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;
7) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО осы тармақта көрсетілген педагогикалық мамандықтар бойынша мамандардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру грантын тағайындау туралы куәлік ресімдейді.
Осы тармақта көрсетілген педагогикалық мамандықтар бойынша мамандардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру грантын тағайындау туралы куәлік негізінде ЖОО басшысы білім алушының өтініш берген мамандығы бойынша аталған ЖОО-да оқуын жалғастыруы туралы бұйрық шығарады.
Көрсетілген санаттағы тұлғаларға арналған конкурс өткізілгеннен кейін қалған білім беру гранттары ақылы оқудан ауысуға ниет білдірген студенттерге 3-курстан бастап «Білім беру», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылым және технология», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» дайындық бағыттары бойынша білім алушыларға беріледі.
Көрсетілген санаттағы тұлғаларға арналған білім беру гранттары Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін жоғары балдан 50%-ынан төмен емес шекті балмен шет тілін (ағылшын) білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде беріледі.
Білім беру гранттарын беру жазғы демалыс кезеңінде 2-курстың бағдарламасы 2,67 кем емес GPA (Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж) жинаған жағдайда мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) «Білім беру», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылым және технология», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» дайындық бағыттары бойынша меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарының ақылы негізінде білім алушы мамандық пен жоғары оқу орнын көрсете отырып педагогикалық мамандықтар бойынша мамандардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу туралы өтініш береді.
2) ЖОО білім алушылар өтініштерінің деректер базасын ҰТО-ға жолдайды;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеу өткізу үшін базалық ЖОО-ның тізбесін айқындайды;
4) ҰТО базалық ЖОО-ларда 15 тамызға дейін шет (ағылшын) тілін білуге тестілеу өткізеді;
5) шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша ҰТО мамандықтар бөлінісінде ведомость жасайды және оны білім беру саласындағы уәкілетті органға тапсырады;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган мамандықтар бөлінісінде ведомосты қарастырады және осы тармақта көрсетілген педагогикалық мамандықтар бойынша 22 тамызға дейін мамандардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы бұйрық шығарады;
7) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО осы тармақта көрсетілген педагогикалық мамандықтар бойынша мамандардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы куәлік ресімдейді.
Осы тармақта көрсетілген педагогикалық мамандықтар бойынша мамандардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы тапсырылған куәлік негізінде ЖОО басшысы білім алушының өтініш берген мамандығы бойынша аталған ЖОО-да білім беру гранты бойынша оқуын 3-курстан бастап жалғастыру туралы бұйрық шығарады.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген педагогикалық мамандықтар бойынша мамандардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру грантына қабылдау кезінде міндетті құрамдас пәндердегі академиялық айырмашылық түріндегі пререквизиттер курстың жоғалуына әкелмейді және тегін негізде меңгеріледі.
3-бөлім. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 58 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Мемлекеттік білім гранты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 512-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы №1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 807 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 24, 206-құжат);
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы №1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қарашадағы № 1517 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 40, 522-құжат);
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 214-құжат).