6) салық салу объектілерді сатып алатын және (немесе) оларға орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша:
Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерге иелік ететін резидент еместер үшін;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) резидент-банктің, бейрезидент-банк филиалының орналасқан жері бойынша:
резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын және осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүргізілмейтін бейрезиденттер үшін жүзеге асырылады.
10-бап. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен жеке сәйкестендіру нөмірі:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлға қайтыс болғанда алып тасталады.
2) - 6) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жеке сәйкестендiру нөмiрi:
1) ол туралы мәлiметтер өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен, көлемде және мерзiмде ұсынылатын жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн;
2) резидент еместер Қазақстан Республикасынан кеткен кезде;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) - 9) тармақшалармен толықтырылды
4) соттың жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енгеннен кейін;
5) жеке тұлға республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) бейрезидент-жеке тұлға резидент-банктегі, бейрезидент-банк филиалындағы ағымдағы шотын жапқан жағдайда;
7) бейрезидент-жеке тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқықтары тоқтатылған кезде;
8) бейрезидент-жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан жағдайда;
9) соттың бала асырап алу туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шартты түрде алып тасталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жеке тұлғаларды қайтадан және кейіннен тіркеу кезінде бұрын қалыптастырылған жеке сәйкестендiру нөмiрi бар құжат берiледi.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы не жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы шешімінің күшін жою туралы сот шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады.
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
1) заңды тұлға (филиал, өкілдік) таратылған кезде;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылған кезде;
2) бірлескен дара кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруды тоқтатқан кезде;
3) резидент емес заңды тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салумен байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған кезде;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) бейрезидент-заңды тұлға резидент-банктегі, бейрезидент-банк филиалындағы ағымдағы шотын жапқан жағдайда;
5) резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан кетіп қалған жағдайда алып тасталады.
4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен бизнес-сәйкестендіру нөмірін шартты түрде алып тастау жүргізілмейді.
5. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізіледі. Алып тасталған немесе шартты түрде алып тасталған сәйкестендіру нөмірлері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің ақпараттық жүйелерінің базасында сақталуға тиіс.
11-бап. Мәліметтер құпиясы
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, мәліметтер:
1) уәкілетті органның жазбаша рұқсатының негізінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің ақпараттық жүйелері деректерін өзектілік жағдайда ұстау мақсатында тіркеуші органдарға;
2) заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесінің және электрондық ақпараттық ресурстарының деректерін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылады (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды
3-4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсатында орталық депозитарийге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де реттерде мәліметтерді беру жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпарат Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен беріледі.
3. Жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің мемлекеттік дерекқорының құжаттарын немесе өзге де ақпарат жеткізгіштерді жоғалтуға, сол сияқты қызметтік іс-әрекетіне байланысты аталған ақпаратқа қол жеткізе алатын адамдардың оларды заңсыз өзгертуіне жол берілмейді.
12-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
2010.15.07. № 327-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларын, 9-бабы 5-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң жеке және заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), сондай-ақ дара кәсіпкерлер сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қайта ресімдеу үшін тіркеуші органдарға өтініш беруге міндетті.
2010.15.07. № 327-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Туу туралы куәлікті қоспағанда, осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттарда қалыптастырылған сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап олар жарамсыз деп танылады.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының сәйкестендіру коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды пайдаланылады.
4. 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 12-сі.
№ 223-III ҚРЗ